Онлайн газет



БАСКЕТБОЛ

Аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылғы 4-25 наурызы аралығында баскетболдан Байзақ ауданының Кубогі үшін аудандық біріншілігі ұйымдастырылғаны белгілі. Аталмыш жарыс ауданда бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізілді.
"А" және "Б" тобына бөлініп, бір ай бойына айналма жүйеде өзара мықтыны анықтаған командалар жарысы тартысқа толы болғанын айта кету керек. "А" тобында 28 ұпаймен топ бастаған "Қазақстанның 40-жылдығы" командасына қарсылас шақ келмеді. Ал, 25 ұпаймен екінші орынды иеленген "Қызыл жұлдыз" командасынан үш ұпай төмен жинаған "Н.Киікбаев мектеп-гимназиясы" командасы жүлделі үштікті қорытындылады. Еншісінде 19 ұпайы бар "Дихан" тірек мектебі мен 13 ұпай олжалаған "Сарыкемер мектеп-гимназиясы" командалары үздік бестікке ілініп, келер 2018 жылы "А" тобында ойнайтын болды.
Сондай-ақ, "Б" тобында жеңімпаз атанған "Темірбек", жүлделі екінші және үшінші орындарды иемденген "Жаңатұрмыс орта мектебі" және "Ғ.Мұратбаев" атындағы мектеп-гимназиясының командалары келесі жылы "А" тобына қосылып, Кубок үшін бәсекеге түспек.

М. МАНЕКЕЕВ.
Өз тілшіміз.

 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1086
mod_vvisit_counterКеше1784
mod_vvisit_counterОсы аптада1086
mod_vvisit_counterӨткен аптада13521
mod_vvisit_counterОсы айда12833
mod_vvisit_counterӨткен айда64729
mod_vvisit_counterБәрі3990925

Серіктестер