Онлайн газет



ІССАПАР ЖАЛҒАСУДА

Аудан әкімі Рахматілдә Рахманбердиевтің аудан аумағындағы ауылдардың тұрмыс-тіршілігімен танысу іссапары өз жалғасын тауып келеді. Өткен аптаның соңын ала аудан басшысы Көктал ауылы мен Мырзатай ауылдық округінде болды.

Көктал ауылы әкімі аппаратының жұмысымен танысудан басталған сапар барысында аудан басшысы бастауыш сынып ғимаратын, екі төсектік дәрігерлік амбулаторияны, бүгінгі таңда 970 оқушы білім алып жатқан 320 орындық орта мектепті, осындағы құрылысы аяқталмай қалған мектеп нысанын, 140 орындық "Саялы" балабақшасын, ауылдық клуб, ондағы кітапхананы аралап көрді. Сонымен қатар, ауыл қариялары және шаруа қожалық жетекшілерімен кездесу өткізді. Кездесуде көктемгі тазалық екі айлығына байланысты ескерту жасап, ауыл көшелерін түнгі жарықтандыру, өндірісті дамыту, ұсақ шаруаларды біріктіру арқылы кооператив құру, қосалқы шаруа қожалықтарының жұмыстарын жандандыру сынды мәселелерге ауыл қарияларын белсенді атсалысуға шақырды. Осы басқосуда орта мектеп пен балабақшаны газ жүйесіне қосу, "Саялы" массивіндегі тұрғын үйлердің жерге қатысты құжаттарын заңдастыру, қатты желден зардап шеккен спорт залдың төбесін жабу, таза ауыз су жүргізу мәселелері көтерілді.
Аудан әкімі содан кейін "Қазақы ақ бас" тұқымды мүйізді ірі қара бордақылап отырған "Дулат" шаруа қожалығында және облысты жұмыртқа өнімдерімен қамтамасыз етіп келе жатқан "Жамбыл Құс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болып, тыныс-тіршілігімен танысты. 
Мырзатай ауылдық округіндегі іссапар  осындағы клуб, учаскелік полиция тірегі, ауылдық ардагерлер алқасы, кітапхана, әкімшілік жұмыстарымен танысудан басталды. Мұнда да ауыл тұрғындарымен кездесу өткізіліп, онда көкейкесті мәселелер қозғалды. Ауыл ақсақалдары Дихан-2 және Сеңкібай ауылына балабақша салу, қазіргі балабақшаны газ жүйесіне ауыстыру, бастауыш мектепте спорт залының жоқтығы, Сеңкібай ауылынан Мырзатай орта мектебіне тасымалданатын оқушылар мәселелерін көтеріп, ауыл тұрғындарының күшімен бой көтеріп жатқан Сеңкібай баба ескерткішіне қолдау көрсету туралы өтініштерін жеткізді. Тұрғындар тарапынан туындаған өтініш-ұсыныстарға тиісті саланың бөлім басшылары қосымша түсініктер берді.
Бұдан кейін аудан басшысы апатты жағдайда тұрған орта мектептің спорт залын, 130 орындық "Алтын ұя" және 25 орындық жекеменшік әріптестік негізіндегі "ЕрСән-ЖәнӘй" балабақшаларын аралады. Кезекті нысан - "Еңбек" бастауыш мектебінде болып, жекеменшік әріптестік негізінде балабақша ашу туралы мектеп мұғалімі А.Көпбосыновамен ой бөлісіп, оған "Жол картасы-2020" бағдарламасы аясында көмек көрсетілетінін айтты. Мырзатай ауылдық округіне қарасты Дихан-2 ауылындағы тірек мектебі, фельдшерлік-амбулаториялық тірек, 30 орындық "Ақбота" балабақшасы, ауылдық клуб, кітапхана, ҰОС арналған ескерткіштерді аралаған аудан басшысы облыстық туберкулезге қарсы ересектерге арналған санаторийге атбасын тіреді.
*   *   *
Аудан әкімінің жұмыс сапары Бурыл және Қызыл жұлдыз ауылдық округтерінде жалғасын тауып, әкімшілік аппаратында шаруа қожалық жетекшілерімен кездесуден бастау алды. Алдымен ауылдық округ әкімдері аймақта атқарылып жатқан жұмыстар туралы қысқаша баяндап берді. Сондай-ақ ауыл тұрғындары өзекті мәселелер саналып отырған - Бурыл ауылына клуб салу, орта мектептегі оқушы сыйымсыздығы, жаңа массивтерге ауыз су тарту, жекеменшік әріптестік негізінде балабақша тұрғызу, күрделі жөндеуді қажет ететін Бурыл орта мектебі, Қызыл жұлдыз ауылында балабақша кезегінде тұрған 217 баланың мұқтаждықтарын қамтамасыз ету, ауылдық дәрігерлік амбулаториядағы ескірген медициналық жабдықтарды ауыстыру жайында өтініштерін жеткізді.
Кездесу барысында аудан әкімі көктемгі дала жұмыстары, ұсақ шаруашылықтарды ірілендіру, денсаулық сақтау, білім беру, бүлдіршіндерді балабақшамен қамту, түнгі жарықтандыру, қылмыспен күрес, ауылдағы тәртіп мәселелеріне мән берді. Екі ауылдық округ аумағында орналасқан әлеуметтік нысандарды толықтай аралап, олардың жұмыстарымен етене жақын танысты. Білім беру нысандарының материалдық-техникалық жабдықталуы, орта мектептер мен балабақшалардағы жылу қазандықтарының жұмысы, көше тазалығы  мен түнгі жарықтандырылуы аудан басшысының назарынан тыс қалмады. 
Мұндай іссапарлар өзге ауылдық округтерде алдағы күндері өз жалғасын табатын болады.

Б. ЖАҚСЫМБЕТОВ.
М. МАНЕКЕЕВ.
Өз тілшілеріміз.

Обновлено 30.03.2017 09:30
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1133
mod_vvisit_counterКеше1784
mod_vvisit_counterОсы аптада1133
mod_vvisit_counterӨткен аптада13521
mod_vvisit_counterОсы айда12880
mod_vvisit_counterӨткен айда64729
mod_vvisit_counterБәрі3990972

Серіктестер