|

аудан орталығындағы әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде өтті. Онда облыс әкімдігінің басқарма басшылары ауыл тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауға келген «Достық-99» шаруа қожалығының жетекшісі Б.Битабаров қант қызылшасын өсіру және ауыл шаруашылығына салынған инвестицияларды субсидиялау қағидасын білгісі келсе, «Орынбек Ата» қожалығының жетекшісі «Сыбаға» бағдарламасы және
шағын тауарлы-сүт фермасына модуль қондырғысын орнатуда көрсетілетін жеңілдік туралы сұрады. Бұл сауалдарға Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының инновациялық және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бөлімінің басшысы С.Пернеш жан-жақты жауап берді. Сарыкемерлік, көп балалы ана К. Шурабаева жұмыссыз ретінде «Өрлеу» бағдарламасына қатысу тәртібін, П.Қожахметов пен Б.Ахметовтер кәсіпкерлікпен айналысу үшін жеңілдетілген несие алу тәртібін білгісі келетіндігін тілге тиек етті. Бұл сауалдарға облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы әлеуметтік нормативтер және әлеуметтік көмек бөлімінің басшысы Ғ.Садырбаева нақты жауап берді. Сеңкібайлық А.Байгенолов болса аталмыш ауылда 120 орындық мектеп салу жайын қозғады. Ал қостөбелік зейнеткер Е.Майсупова бала санының өсуіне орай Қостөбе орта мектебінің жанынан жанама құрылыс жүргізуге көмек беруін тілге тиек етті. Білім басқармасының басшысы С.Құрманбекова көтерілген мәселелер өз кезегінде ретімен шешілетінін айтты. Бұл күні қабылдауға келгендердің бір бөлігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Б.Қалиевтен жаңадан кәсіп ашудағы жеңілдіктер, мемлекеттік бағдарламалар аясында инфрақұрылымды тарту процесін жылдамдату бойынша кеңес алды. Сондай-ақ, «Ашық әкімдік» қабылдауында атау беру тәртібіндегі талаптар, жаңа емхана салу, елді мекендерді санитарлық автокөліктермен қамту, «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуға жеңілдіктер, діни мақалаларды жариялаудағы жүйелілік, жылқыларды бірдейлендіру, мал дәрігерлік кәсіпті зиянды мамандық тізбесіне енгізу, жасанды жол кедергісін орнату, Тараз автомобиль жолдарын кеңейту, «Көк киттің» алдын алу, Мәдімар ауылына көгілдір отын тарту, спорттық зал салу, жас отбасыларға жер беру, саябақты заңдастыру жайы көтерілді. Қойылған сауалдарға облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Т.Әбілдаев, ветеринария басқармасының басшысы О.Бердияров, тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ғ.Боранбаева, мемлекеттік сәулет-құрылыс, бақылау басқармасының басшысы Д.Әлиев, жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы М.Мәтен, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы С.Қойбақов, жер қатынастары басқармасының басшысы Б.Жайлыбаев, сәулет және қалақұрылысы басқармасының басшысы А.Рыспаев, дін істері басқармасының басшысы Ж.Омаров, жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы А.Тажиков, жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасының басшысы С.Тәпеев, құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ә.Ахатаев, мәдениет, архивтер мен құжаттама басқармасы басшысының орынбасары М.Жинақбаевалар жан-жақты жауап берді. “Ашық әкімдік” қабылдауына келген көпшілік қолжетімді ашық алаң жасақталғанына қуанғандығын әрі мұндай игі шара жүйелі түрде ұйымдастырылса нәтижелі болатындығын жеткізді.
Г.Әбдіқұлова. Өз тілшіміз. |