Онлайн газет



Халық қалаулысы болу – жауапкершілік

Н.Үкібаев,
аудандық мәслихаттың хатшысы.

Бесінші сайланған Байзақ аудандық  мәслихатының сайлауы өткеніне бір жылдан аса уақыт өтіп  барады. 2012 жылдың 15 қаңтарында аудан халқы өз таңдауын жасап, 15 сайлау округінен 15 депутат сайланды. Халық сенімін мойнына жүктеген қалаулылар аудандық мәслихаттың алғашқы сессиясынан бастап-ақ өз міндетін адал атқаруға кірісті. Өйткені халықтың қалаулысы болу аса жоғары жауапкершілік екенін барлығы да түсінуде.

Басқару жүйесіне халықтың белсенді қатысуын одан әрі жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Конституциясында, Заңда жергілікті өкілді органдардың құзіретін дамыту ескеріліп, оның депутаттары 5 жыл мерзімге сайланатын болды. Бюджет қаржысын бақылауда мәслихаттардың тексеру комиссияларының жұмысын күшейте түсу, жергілікті өзін өзі басқару жүйесін қалыптастыру мәселесі мәслихаттардың құзіретіне берілді. Аудандық мәслихат өз жұмысын, осы мүмкіндіктерді пайдалана отырып жүргізуде.Осы орайда айта кетуіміз керек, елімізде жүргізіліп жатқан демократиялық реформалардың жүзеге асуының бір көрінісі 2006 жылдан бастап әкімдердің тиісті мәслихат депутаттары алдында есеп беру жүйесі енгізілді. Соның негізінде өткен жылы бесінші сайланған  аудандық мәслихаттың ҮІІІ сессиясында аудан әкімі М. Шүкеев өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы жөнінде есеп берді. Сонымен бірге, сессияларда «Ауданның атқарушы органдарының «Қазақстан Республикасының Жер кодексін» орындау барысы жөнінде, ауданның 2011 жылға арналған бюджетінің орындалуы туралы, ауданда қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмыстың алдын алу шараларының атқарылуы туралы, аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 30 наурыздағы «Ауданның атқарушы органдарының Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңын орындау барысы жөнінде» №37-3 шешімінің орындалу барысы туралы, 2013-2015 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы және басқа да мәселелер талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды. Өткен жылы аудандық мәслихат сессиясының шешімімен ауданның әр саласында үздік жетістіктерге қол жеткізген, аудан экономикасының өркендеуіне ерекше еңбек сіңірген бір топ азаматтарға «Байзақ ауданының құрметті азаматы» атағы берілгенін де айта кеткен артық болмас. Сондай-ақ, аудандық мәслихаттың сессиясында «Байзақ ауданында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012-2016 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» шешім қабылданды. Аталған мәселелерге байланысты шешімдердің ішінде үшеуі бақылауға алынып, олардың орындалуы жөнінде хабарламалар жинақталып отырады. Бұның өзі өкілді орган мен атқарушы органдарды бірлесіп іс қимыл жасауға жұмылдырса, екінші жағынан атқарылған істі саралап, тұрғындардың орындалған жұмыстар жөнінде хабардар болуына, олардың мәселелерді талқылауға қатысуына жағдай жасалғанын көрсетеді.
Аудандық мәслихат аппараты сессия, тұрақты комиссиялар мәжілістерінің өз деңгейінде дайындалуына көп назар аударады. Сессияда талқыланатын мәселелерді дайындау үшін уақытша комиссия құрылып, зерделеу нысандары белгіленеді. Тексеру қорытындысымен анықтамалар жасалынып, оның негізінде сессия шешімдері дайындалады. Шешімдердің сапалы, мазмұнды болуы, яғни олардың бірінші кезекте Қазақстан республикасының Заң талаптарына сәйкес келуі ескеріледі.
Сессиялардан соң аудандық мәслихаттың жалпыға бірдей міндетті маңызы бар, ведомоствалық сипаттағы немесе азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты шешімдері заңдарда белгіленген тәртіппен ҚР Әділет министрлігінің аумақтық басқармаларында мемлекеттік тіркеулерден өткізіліп және аудандық газетте жарияланып отырады. Соңғы жылдары аудандық мәслихат сессияларында қабылданған шешімдердің басым көпшілігі нормативтік құқықтық кесімдерді заңдастыру талаптарына сай өз мерзімінде тіркеуден өткізіліп жүр. Тағы бір айта кетерлік жай өткен жылдан бері тіркеуден өтетін шешімдер жобасының сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы ғылыми сараптамадан өтіп, шешімдер жобасы сараптаманың оң қорытындысын алған жағдайда ғана сессия талқылауына жіберіледі.
Депутаттар мен аппарат қызметкерлері жұмысты жоспарлау мен ұйымдастыруда, сессияда қаралатын мәселелерді дайындау мен қабылданатын шешімдердің орындалуын қамтамасыз етуде бірлесіп іс –қимыл жасау негізінде ұйымшыл, қабілетті ұжым қалыптасты. Сайланғаннан бері депутаттармен 2 рет семинар кеңес өткізілді. Депутаттарға өздерінің депутаттық міндеттері мен құқықтары, депутаттық сауалдар беру тәртіптері, көпшілік тыңдауларды өткізу мен тұрақты комиссиялардың жұмыс жүргізу тәртіптері туралы кітапша жасалынып, таратылып берілді. Сонымен қатар,  өткен жылы аудандық ардагерлер кеңесі мүшелерімен дөңгелек үстел отырысын өткіздік. Аудан ардагерлері мен депутаттарының аудандағы тәртіп, аудан тұрғындарының бірлігі, елді мекендердің тазалығын қамтамасыз етуде бірлесіп іс қимыл жасау іс-шараларын белгілеп, нәтижесінде бірқатар жұмыстар атқарылуда. 
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 21 бабының талаптарына сәйкес депутаттар өз округіндегі сайлаушылармен тұрақты байланыс жасауға, оның тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының қызметі, мәслихат шешімдерінің орындалуы, сондай-ақ өзінің депутаттық қызметінің барысы туралы жылына кемінде бір рет хабарлап отыруға тиіс. Аудандық мәслихаттың депутаттарының сайланғандарына бір жыл болды. Осыған байланысты олардың сайлаушылар алдындағы есептерін өткізу мақсатында бірқатар ұйымдастырушылық жұмыстар жасалынды. Оларға ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының анықтамалығы мен мәслихатта атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ақпараттық-методикалық материалдар дайындалып берілді. Ауылдық округ әкімдерімен бірлесе отырып, кездесулердің өткізілетін орны мен сайлаушыларды кездесуге ұйымдастыру шаралары белгіленді. Бүгінгі күнге есеп беру жиналыстары басталып кетті. Кездесу қорытындыларын топтастырып, онда айтылған ұсыныстар мен сұраныстарды жүзеге асыру үшін іс-шаралар белгіленіп, олардың орындалуы бақылауға алынады.
Депутаттар сессияларда да өз өкілеттіктерін орындауы жөнінде есептер беріп отырады.  №2 Аманкелді сайлау округінен депутат          А, Исабаев өз өкілеттіктерін орындауы жөнінде есебін берді. Аудандық мәслихаттың ″Экология, табиғатты пайдалану, денсаулық, жанұя мен әйелдер ісі, мүгедектер және тұрғындардың тұрмысы төмен бөлігін әлеуметтік қорғау мәселелері″ жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Р. Сапарбековтің есебін келесі сессияда тыңдау жоспарланған. Сондай-ақ, депутаттар өз округінде депутаттық қабылдаулар да жүргізеді. Әр округте депутаттың қабылдау орны белгіленген және кестеге сәйкес қабылдауларды тұрақты жүргізіп тұрады. Әр депутат тоқсанына бір рет сайлаушылармен атқарған жұмысы туралы аудандық мәслихатқа мәлімет беріп отырады.
Аудандық мәслихаттың әрбір депутатының жеке алғандағы белсенділігін арттыруда, олардың беделін аудан тұрғындары алдында көтеруде, сайлаушылар талап-тілектерін орындаудағы жұмыс әдісі мен түрлерін жетілдіруде едәуір жұмыс атқарылып келеді. Аудандық мәслихаттың 13 депутаты «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының мүшесі және оның мәслихаттағы фракциясының құрамына енген. 1 депутат «Ақ жол» партиясының мүшесі.
Депутаттар ауданның қоғамдық жұмыстарына да белсене араласады. №10 Жамбыл сайлау округінен депутат А.Жамишжанов аудан әкімдігі жанындағы «Жер мәселелері жөніндегі» комиссияның, №5 Суханбаев сайлау округінен депутат С.Молдабеков «Бюджеттік комиссияның» мүшесі. №12 Сәтбаев сайлау округінен депутат Р.Сәрсенов «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының  Байзақ аудандық филиалы жанынан құрылған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  күрес» қоғамдық кеңесінің төрағасы болса, №4 Сазтерек сайлау округінен депутат     С. Рәпілбеков, №13 Сейфуллин сайлау округінен депутат А.Үкібаев, №5 Суханбаев сайлау округінен депутат С. Молдабеков осы қоғамдық кеңестің мүшелері. №6 Темірбек сайлау округінен депутат Е.Есимов «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Байзақ аудандық филиалының аудандық мәслихаттағы фракциясының жетекшісі.
Өз өкілеттіктерін жүзеге асыру мақсатында сайлаушылардың ұсыныс-пікірлері бойынша мәселелер көтеріп, олардың орындалуына өз үлестерін қосуда. Депутаттар А.Үкібаев, Р.Сәрсенов, А.Жамишжанов, Ж. Есенқұловтардың ықпал етуімен аудандық бюджеттен 10 млн. 632 мың теңге қаражат бөлініп, Сарыкемер ауылындағы Сыздықбаев, Байдібек баба, Жамбыл көшелері және Сарыкемер-Базарбай автожолдары ағымдағы жөндеуден өтті.
Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы Р.Байтелиевке 2012 жылдың сәуір айында басталған Тараз-Бостандық автожолын жөндеу жұмыстарының барысы мен сапасы аудан тұрғындарын алаңдатып отырғандығы, жыл мезгілінің жаз ортасынан ауғанына қарамай, жөндеу жұмыстарының небәрі 10 – 15 шақырымы ғана қамтылғандығы туралы қайырылып, егер жұмыс барысы осы қарқынмен жылжи берсе биылғы жылғы жөндеу жұмыстары бітпей қалуы мүмкін екендігін ескертіп, ол кісіден жол жөндеуші медігерлерге талапты күшейтуін сұрануымыз нәтижесінде жол жөндеу сапасы жақсарып, жөндеу жұмыстары уақтылы аяқталды.
Сол сияқты кәсіпкер депутаттар А.Үкібаев, Ж.Есенқұлов, С.Рәпілбековтер өз қаражаттары есебінен төмен қамтылған тұрғындардың әлеуметтік жағдайын қолдауға ықпал жасап келеді. Депутаттардың бәрі дерлік өздерінің сайлау алды бағдарламаларын және сайлаушылармен кездесу барысында туындаған талап тілектерін іске асыру мақсатында ауданның атқарушы органдарының алдына талаптар қойып отырады. Олар ауданда өтетін атаулы даталарда өтетін іс-шараларға ат салысып келеді. Атап айтар болсақ, өткен жылы өткен «Мектепке барар жол», «Балалар күні» мерекелеріне арналған акцияларға қатысып тұрмысы төмен отбасыларынан шыққан балаларды мектепке дайындауға өз қаражаттарынан көмек көрсетті. Сонымен қатар, аудандағы мүгедек балаларды оңалту бағдарламасының іске асуына да үлес қосып келеді. Әр депутат өз округіндегі мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерге жаңа жылдық сыйлықтар жасауды дәстүрге айландырған. 
Аудандық мәслихат депутаттарының 2012 жылғы өткізілген сессиялардағы белсенділігін талдау қорытындысы бойынша депутаттар  А.Исабаев, Ж.Есенқұлов, Р.Сапарбеков, А.Жамишжанов, Р. Сәрсенов, Е.Ашірбаев, Ш.Әшім, Е. Есимов, Т. Қадимовалар белсенділік танытқанын аңғардық. Алдағы уақытта да депутаттар белсенділігін арттыра түсуі басты назарда болмақ.
Аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлері депутаттардың өз өкілеттігін жүзеге асыруға, белсенділігін арттыру үшін қажетті жұмыстарды ұйымдастырып отыр. Аппараттың қалыпты жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалынған. Оның материалдық-техникалық базасы нығайып, депутаттармен жұмыс істеуіне қажетті техникалық құралдардың бәрі дерлік алынған. Ақпараттар мен методикалық материалдарды электрондық құралдар арқылы жүргізуді қамтамасыз ететін электрондық почта, интернет кеңістігіне компьютерлерді қосу іске асырылды. Компьютерлерге заңдар жинағы енгізілді. Өткен жылы интернетте аудандық мәслихаттың сайтын аштық, онда мәслихат хатшысының блогы жұмыс істейді. Аудан тұрғындары өзін қызықтырған мәселелерімен мына адрес (baiz_maslihat @mail.ru) бойынша мәслихат хатшысымен және аппарат қызметкерлерімен байланыса алады.
Тәуелсіз еліміз келелі бір кезеңге, кемелді келешекке аяқ басып тұр. Ел өркендеуінің жаңа кезеңінің міндеттері туралы Елбасымыз Н.Назарбаев өзінің «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында кеңінен атап өтті. Халық сеніміне ие болу аса жоғары жауапкершілік екенін сезінген депутаттар Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Елбасы Жолдауында алға қойған міндеттерді басшылыққа ала отырып, ауданның өркендеуі жолында қызмет ете береді.

Фото: А.Алдабергенов

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1092
mod_vvisit_counterКеше1699
mod_vvisit_counterОсы аптада6092
mod_vvisit_counterӨткен аптада11524
mod_vvisit_counterОсы айда35695
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2243081

Серіктестер