Онлайн газет



Бабы озгандардын багы озды

бас жүлде байзақтың негізгі көкпар командасына бұйырды

М.Шалғынбай,
“Ауыл жаңалығы”.

Қазақ – жылқы малын ерекше құрметтейтін халық. Тарихи жазбалар мен археологиялық қазбаларда, сайын даланың асау еркесін ең бірінші құрықтап мінген осы арғы бабаларымыз

делінеді. Қазақтың сахарасында сақтар, ғұндар, үйсіндер, арғындар мекен еткен жазира даланың ең сұлу түлігі – жылқы болды. Жылқының өзге жануарға қарағанда ширақ, тұрмысқа қолайлы, ішсе сүті саумал, жесе еті емге шипа екенін байқады. Содан да болар, жылқыны бағалайтын ата-бабамыздың ерекше құрметі, күні бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Қайта салт-дәстүріне енгізіп, қазақтың ою-өрнегі көрініс тапқан неше түрлі ат әбзелдерін ойлап тапты. Әр қазақ перзентін атқа қондырып, мұрагерлікті қалдырып отырды. Жылқы баласын асқақтатып, оған нешеме жырлар, әндер, күйлер шығарды. Жылқыны басқа ұлттар да жақсы көреді, бірақ солардың кез келгені аңғара бермейтін қасиеттерін дана қазақ сұңғылалықпен байқай білген. Сөйткен, қазақ жылқыны тұрмысқа да жекті, күнделікті азық-түлігіне де пайдаланды, Отан қорғауға да пайдаланды. Жауға аттандап шапқан кезде арқаланып кететін қазақты жылқы малы жерге қаратқан жоқ. Әруақты ердің өзіне сай астындағы аттары да мықты болды. Және ең бастысы, ат жарысы дүйім қазақтың көз қуанышына, шалқар шабытына айналды. Көкпар, бәйге, қыз қуу, аударыспақ десе, ішер астарын жерге қойды. Біз міне, атпен қанаты егіз сондай халықтың ұрпағымыз. Кешегі бабалардың аманатын өшірмей жаңғыртып, түлетіп отырған жаңа өркениеттің сатысындағы қазақпыз.
Иә, мұның бәрін неге көсіле айтып, шаттанып отыр дейсіз ғой.
Өткен аптада Жаңатұрмыс ауылдық округіне қарасты Көкбастау ауылында Байзақ ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі бекіткен Ережеге сәйкес ұлттық ат спорты көкпардан аудандық жарыс өткізілген болатын.
Жарысқа Т.Рысқұлов, Жамбыл, Жуалы аудандарынан және Байзақ ауданынан екі команда қатысып, өзара кім мықтыны анықтады. Сонымен, жарыс басталды.
Алдымен алаңға қатысушылар шерумен сап түзеп шықты. Ауа-райының қолайсыздығына қарамаған көкпарсүйер  көрермен алға ентелей түсті. Көкбастаудың көкпар алаңында аттарын ойқастатып, шеруге қатысушылар шыға келген кезде, көпшілік арқаланып кетті.
Жарыс соңында, қазақтың төл өнеріне сусаған аудан халқы жарыс жеңімпаздарының марапатталған сәттеріне қуана қол соғысты.
Естен кетпес көрініс сыйлаған жеңімпаздарын, ұлттық ойынның көрігін қыздырған ойыншыларын бастан-аяқ демеп отырды. Қызықты сәттің тез бітіп қалмауын, бәйгеге өзі шапқандай аттандап, жігер беріп, қол соққан көрермендердің қуанышында шек болмады.
Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды –Байзақ ауданының негізгі көкпар командасы (команда капитаны – Момынов Бағдат), екінші орынды - Жамбыл ауданы (команда капитаны – Н.Момынов, спорт шебері), үшінші орынды – Жуалы ауданы (команда капитаны – М.Тастанбеков),  төртінші орынды Т.Рысқұлов (команда капитаны – Е.Есбергенов) аудандарының командалары иеленді.
Жеңімпаздар ұйымдастырушылар тарапынан тағайындалған арнайы дипломдармен, кубок және медалдармен марапатталды.

Фото: А.Алдабергенов

Обновлено 06.02.2013 17:12
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1131
mod_vvisit_counterКеше1764
mod_vvisit_counterОсы аптада4432
mod_vvisit_counterӨткен аптада11524
mod_vvisit_counterОсы айда34035
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2241421

Серіктестер