Онлайн газет



ЖАС АҚЫНДАР АЙТЫСЫ

М.Манекеев,
“Ауыл жаңалығы”.


Жас ұрпақты жыр дүлдүлі Жамбыл Жабаевтың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу және ауыз әдебиетінің қайнар көзі — айтыс өнерінің дамуына ұйытқы болу, суырып салма жас ақындардың бойларындағы табиғи дарынын дамыту мақсатында Ж.Жабаевқа арналған «Жыр алыбы — Жамбылым» тақырыбында аудандық балалар мен жасөспірімдер орталығында аудан аумағындағы жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында аудандық жас ақындар айтысы өткізілген еді.
Жоғарыда аталған орталықтың мәдени іс-шаралар бөлімінің меңгерушісі Ә.Амановтың ұйымдастыруымен өткен «Жыр алыбы – Жамбылым» атты дәстүрлі оқушылар айтысына көптен бері дарынды таланттарды тәрбиелеп жүрген Кеңес орта мектебіндегі М.Юнусовтің шәкірттері мен аудандық балалар мен жасөспірімдер орталығынан алты жас айтыскер қатысты.
Балалар мен жасөспірімдер орталығының директоры Әнуарбек Көкішевтің құттықтау сөз сөйлеп, жас жүйріктерге сәттілік тілеуімен ашылған жыр додасына аудандық әл-Фараби атындағы мәдениет үйінің дәстүрлі әншісі, Астана қаласында өткен Ә.Қашаубаев атындағы республикалық конкурстың лауреаты М.Купешов, облысымызға танымал дарынды айтыскер ақын Н.Құрманов және орталық директоры Ә.Көкішевтер төрелік жасады.
Айтыстың  басталуы орталықтағы «Жыр-терме» үйірмесінің оқушысы А.Төлемісованың Ж.Жабаевқа арнаған арнауымен және танымал дарынды айтыскер ақын Нұрлыбек Құрмановтың сәлемдесуімен ашылды.
Әзіл-қалжыңы аралас, салмақты сөздерді саралап, жарыс көркін қыздыра білген жас таланттар көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Жарыс барысында орталықтың «Вокал» үйірмесінің оқушылары әсем әндерден шашу шашты.
Айтыс қорытындысын шығарар үзіліс кезінде республика, облыс көлемінде танылған жерлестеріміз, айтыскер ақындар Әсет Дүйсебаев пен Дархан Әбдіманатов шаппа айтыс жасап, көрерменнің қызу қолдауына ие болды.
Жарыс нәтижесін хабарлаған әділқазылар шешімімен «Көрермен көзайымы» аталымы аталмыш орталық оқушысы А.Төлемісоваға, екі бірдей үшінші орын Э.Қарасаева мен А.Сембековаларға бұйырды. Жүлделі екінші орынды орталық оқушысы М.Ыбырай иеленсе, бірінші орынға Кеңес орта мектебінің оқушысы Е.Бейсенов лайық деп танылды. Бас жүлде Кеңес орта мектебінің жас дарынды айтыскері Ш.Кеңесбекке бұйырды.
Дарынды жас айтыскерлерді дайындау ісіндегі белсенділігі үшін М.Юнусов Алғыс хатпен марапатталды.
Жарысты қорытындылаған  аудандық әл-Фараби атындағы мәдениет үйінің дәстүрлі әншісі М.Купешов аудан абыройын асқақтатар жас таланттар қатарының көбейе беруіне тілектестігін білдірді. Кеңес орта мектебінің түлектері, жас айтыскер ақындар Ернұр Бейсенов пен Шалхар Кеңесбек облыстық жас ақындар айтысына жолдаманы иеленді.

 

Фото: А.Алдабергенов

Обновлено 06.02.2013 17:11
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін248
mod_vvisit_counterКеше1783
mod_vvisit_counterОсы аптада3774
mod_vvisit_counterӨткен аптада6251
mod_vvisit_counterОсы айда21853
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2229239

Серіктестер