Онлайн газет



Жастар саясаты- Елбасы стратегиясының басым бағыты

А.Жазылбеков,
«Кеңес» орта мектебі директорының бағдарлы оқыту жөніндегі орынбасары.

Соңғы жылдары елімізде жастар саясаты – маңызды стратегиялық сипат алып келеді. Мемлекет тарапынан да, тұтас қоғам тарапынан да «Жастарға нақты не керек?» деген көкейкесті сауалға жауап тапқысы келетін талпыныс байқалуда. Бұл, әрине, қуантарлық жағдай.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тоталитарлық жүйенің қыспағын көрмеген, коммунистік идеологияның шарпуына шалынбаған жас ұрпаққа, тәуелсіздіктің белбалаларына айрықша сенім артады. Президент әркез отаншыл, мемлекетшіл жастардың өсіп келе жатқаны өзін қуанышқа бөлейтінін айрықша сезіммен бөле-жарып айтады. Елбасымен ел сенімін абыроймен арқалауға бел буған жас ұрпақ бойынан ел ісінен тыс қалмау сезімі анық байқалады. Бұл қазақ жастарының ұлттық рухының өскендігін, санасының есейгендігін, саяси мәдениетінің артқандығын байқатса керек.
Әлбетте, әрбір жаңа ұрпақ өмірге өзімен бірге жаңа леп, жаңа серпіліс әкеледі. Техника құлағында шебер ойнайтын қазіргі заманауи ұрпаққа келер болсақ, олар тиімділікке, жаңалыққа, инновацияға иек артқанды ұнатады. Олардың жан дүниесі жігерге толы, жасампаз еңбекке ынталы, жақсылыққа құмар. Олар – ешкім әлі танып-білмеген таңғажайып ерлік жасап, танымал атансақ дейді. Олар – білім-ғылым қуып, дөңгеленген дүниені бағындыруға ұмтылған арман иелері. Сөз жоқ, көздеген мақсаты мен діттеген межесіне еш қиындықсыз, тезірек қол жеткізгісі келетін албырттығы тағы бар. Ең бастысы, қазіргі қазақ жастары – азуын айға білеген адуынды мемлекеттермен терезесі тең егемен елдің еркін ұландары екендіктерін терең ұғынатын үлкен қозғаушы күш.
Тәуелсіз Қазақ елінің өсіп-өркендеуі мен гүлденуін тікелей жастармен байланыстыратын Елбасы: «Мен жас ұрпақтың ел болашағы үшін маңызын әрқашанда атап көрсетіп келдім және атап көрсете беремін. Мемлекет әрбір жас адамның өз еліне міндетті түрде қажет болуы үшін бәрін де жасайды», дей келе, әсіресе, жастарды жаңа көзқарас, жаңа басымдықтар тұрғысында индустриялық-инновациялық экономика жағдайында өмір сүруге тәрбиелеудің мән-маңызын айшықтаудан әсте жалыққан емес.
“Қазақстан-2050” Стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: “Мен сөзімді, әсіресе, жастарымызға арнағым келеді. Бүгін мен жариялаған Жаңа саяси және экономикалық бағыт сіздерге жақсы білім беруді, яғни бұдан да лайықтырақ болашақ сыйлауды көздейді.
Мен сіздерге – жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер Жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер.
Мемлекет басшысы ретінде мен әрдайым сіздердің оқуларыңыз бен өсіп-өнулеріңіз үшін барлық жағдайды жасауға тырыстым. Әлемдік деңгейдегі университет, зияткерлік мектептер аштым, «Болашақ» бағдарламасын құрдым.
Қазір мемлекеттік жастар саясатының жаңа тұжырымдамасы әзірленуде” деген болатын.
Қазіргі таңда әлемнің көптеген дамыған елдерінде экономикалық дағдарыс желдей кеулеп, миллиондаған жастар өмірден өз орнын таба алмай, жұмыссыз қалуда. Ал бізде Мемлекет басшысының бастамасымен «Дипломмен ауылға!», «Жастар практикасы», «Жұмыспен қамту-2020», «Бизнестің жол картасы-2020», «Жасыл ел» және студенттік құрылыс жасақтары сынды жобалар жемісті жұмыс жасауда. Жыл сайын жоғары оқу орындары мен колледждерді бітірген мыңдаған жас маман жалақысы жоғары, тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етіліп отыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы Кеңес орта мектебінде ағымдағы жылдың бесінші қаңтары күні өткен педагогикалық кеңесте кеңінен талқыланды. Мектеп ұстаздары «Қазақстан-2050» Стратегиясында көрсетілген басым бағыттарды орындау арқылы  Жолдаудағы Елбасы жүктеген міндеттер өз межесіне мерзімінде жететіне кәміл сенімді. Егемен елдің еңселі ұстаздары жаңа заманауи технологияларды еркін меңгерген білімді тұлғаларды оқытып, ел экономикасына өз үлестерін қосатын ұрпақ буынын тәрбиелеу жолында аянбай еңбек ете беретін болады. Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың аталмыш Жолдауы мектеп түлектеріне де үлкен тағылымды болды. Бүгінгі мектеп қабырғасында білім алып жүрген 9-11 сынып оқушылары Елбасының Жолдауын іс жүзінде орындалуына ең қажетті мамандықтарды игеріп, атсалыса алады.
Үстіміздегі жылғы 24 қаңтардағы Үкімет отырысында Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2020 жылдарға қарай әлемдегі маман тапшылығы шамамен 40 миллион адамды құрайды деді. Мен Қазақстан жастарын техникалық мамандықтарды игеріп, Елбасының Жолдауында көрсетілген міндеттерді біріге іске асыруға шақырамын.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1335
mod_vvisit_counterКеше1699
mod_vvisit_counterОсы аптада6335
mod_vvisit_counterӨткен аптада11524
mod_vvisit_counterОсы айда35938
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2243324

Серіктестер