Онлайн газет



ІЛГЕРІ НИЕТТІ ІРГЕЛІ ІСТІҢ КӨКЖИЕГІ

Н.Тлепов,
«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Байзақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

Адамзат өркениеті жаңа мемлекеттер құрудың сын сәтінде небір айтулы мемлекеттік тұлғалар тарих бетіне шығатынын көрсетіп отыр.  Осынау бүкіл әлем таныған көшбасшылардың қатарында, сөз жоқ, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та бар. Осындай Көшбасшысы бар біздің елдің бағы бар шығар.
Елбасымыздың Қазақстан халқына арнайтын жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауының сонау алғашқы жылдарынан-ақ, кемел ой иесінің идеясы өмірге жолдама алып, жүзеге асып жатқанын көзіміз көріп отыр. Соның бір ғана дәлелі, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» бағдарламасының мерзімінен бұрын орындалуы дер едім.
Қазақстан елінің небір асқақ белестерді қысқа мерзімде бағындыруы – ел әлеуетінің жасампаздығы екені шындық. Әрине,бұған бүкіл қазақстандықтардың өзара ынтымақтастығы мен тығыз бірлігі негіз болып отырғандығы белгілі.Бұл орайда,көп конфессиялық,жүзден астам ұлт пен ұлыстарды ұйыстырып отырған, бейбітсүйгіштік қасиетіміз негіз болса керек.
2012 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауы жарық көрді. Мұнда бүкіл қазақстандықтардың алдағы 2050 жылға дейін атқарар істері аса бір көрегендікпен тұжырымдалып, адам игілігіне тән құндылықтар зерделенген. Әсіресе, саяси ауандағы міндеттерге келетін болсақ, болашақтың бағдары – «Қазақстан - 2050» Даму стратегиясының, мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту тармағында қоғамға қызмет ететін мемлекеттілікті нығайту және оны басқарудың жаңа тәсілін игеруді алға тартады. Экономикалық стратегияларымызды жүзеге асыру үшін болмай қоймайтұғын дағдарысты күні бұрын, алдын ала біліп, әлемдік озық тәжірибелерге сүйене отырып, қарсы шара қолдануымызға үндейді. Сондай-ақ, басқаруды да орталықсыздандыру тәсіліне көшу, яғни қажетті ресурстар мен шешім қабылдау құқығын, орталықтан жүргізілген басшылықты өңірлік билік органдарына беру керектігі жете айтылған. Әлбетте, мұның өзі жергілікті жерлердің күрт көтерілуіне септігі тиері анық. Сондықтан да Елбасы өңірлерді өркендетудің алғышарты  ретінде осынау игі істі жөн санап отыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ұсынып отырған тағы бір сәтті тұжырымы – ауылдық әкімдерге қосымша өкілеттіктер беріп, азаматтардың жергілікті жерлердегі жағдайға ықпалын арттыруға, мәслихат арқылы ауыл әкімдерінің сайланбалылығын енгізіп, мұны биылғы жылдың өзінде-ақ жүзеге асыруға болатындығын айтқан.
Сонымен, биылғы жылы ел аумағындағы 2533 әкім, соның ішінде ауылдық округтердің, кенттердің және аудандық маңызы бар 50 қаланың әкімі қайта сайланатын болады.
Біз бүкіл әлеммен бірге өркениетті жолмен жүруге және қоғамның одан әрі демократиялануына бағыт ұстауға тиіспіз,-деген Елбасы Парламенттің өкілеттіктерін күшейту, халыққа және мемлекетке қызмет етуді барлығынан жоғары қоятын кәсіпқой мемлекеттік аппарат қалыптастыру міндетінің тұрғанын жеткізді. Сондай-ақ, осынау бағдарламада атап көрсетілгендей, адал бәсекелестік және кәсіпкерліктің еркіндігі ережелері қамтамасыз етілуі тиіс. Алғаш мемлекеттік аппарат құрамы өзгертіліп, мемлекеттік қызметтің жаңа жүйесі туралы заң бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды күшейту, мемлекеттік қызметшілерді іріктеуде ашықтықты арттыру, меритократия қағидасы бойынша іскер кадрларды өсіру қамтамасыз етілетін болады.
Бүгінде, елде осынау жаңа талаптарға сай әкімшілік өзгерісінің екінші кезеңі басталып та кетті. Ел әлеуетін асырар осынау болашақтың бағдарламасында мемлекеттік аппарат бизнес-қауымдастықпен өзара іс-қимыл жүйесін қалыптастыру керектігі көзделген. Яғни, қандай да бір бизнеске мемлекеттің араласпауы тиіс, қайта оларға ертеңгі күнге деген сенімділік сіңіре білу керек. Ал, кәсіпкерлер өздерінің күшіне сенуі және мемлекет оларды қорғайтынын, алдамайтынын білуі тиіс. Бұл үшін, жеке меншік құқығының беріктігін іс жүзінде қамтамасыз етіп, шарттық міндеттемелерді қорғауға кепілдік беру керектігі бекемделген.
Мемлекеттің міндеті – азаматтардың іскерлік белсенділігін жүзеге асыруға барынша мүмкіндік беру. Яғни, отандық бизнес үшін инфрақұрылымды жетілдіру керек.
Елбасымыздың Үкіметке берген тапсырмасы бойынша биылғы 2013 жылы қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамаларын қайта реформалау белгіленуде. Осындай өзекті істердің бірі – тәртіпсіздікке мүлде төзбеу. Ең ұсақ құқық бұзушылықпен, бұзақылықпен, мәдениетсіздікпен ымыраға келмеу принципін ұстап, нигилизмді жеңіп, қоғамдық тәртіпті нығайтуға күш салып, қандай да бір қылмыспен бітіспес майдан ашып, салауатты, ашық қоғам құруға бүкіл халықты жұмылдыруымыз керек. Дей тұрғанмен де, қылмысқа қатысты саясат ізгілендірілгенін де айтқан жөн.
Қалай болғанда да Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауындағы даму бағдарламасын орындау - бүкіл қазақстандықтардың абыройлы ісі.
Ел әлеуетін асырар негізгі құжат, жасампаздықпен еңбек етіп келе жатқан кең байтақ Қазақстан халықтарының мұны да мерзімінен бұрын орындайтындықтарына кәміл сенім тудырады.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1530
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада7547
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда33114
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203844

Серіктестер