Онлайн газет



СПОРТ МЕКТЕБІНЕ 10 ЖЫЛ

М.Манекеев,
«Ауыл жаңалығы».

Қысқаша тарихы:
№2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі Сарыкемер ауылында 2006 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысымен құрылған. Бүгінде спорт мектебінде штаттық кестеге сәйкес 40 қызметкер еңбек етеді. Жуық уақытқа дейін аталмыш спорт мектебіне еркін күрестен КСРО-ның спорт шебері Жанысбек Ашимов басшылық жасап келді. Мектепте спорттың он төрт түрі: бокс, дзю-до, греко-рим, еркін күрес, жеңіл атлетика, үстел теннисі, баскетбол, волейбол, таэквандо, шахмат, қол күресі (армрестлинг), қазақ күресі, тоғызқұмалақ, футбол түрлері қамтылған. Мекемедегі 53 топтарындағы 590 оқушыға 23 білікті жаттықтырушы сабақ беріп, спорттың қыр-сырын меңгертуде. Аудан аумағындағы он екі ауылдық округте спорт мектебінің секциялары ашылған. Осы уақыт аралығында спорт мектебінен 10 Қазақстан Республикасының спорт шеберлері, 40 Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткерлер дайындалса, 52 оқушы спорттық шеберліктерін арттыруда.

Аудан орталығы Сарыкемер ауылында балалар мен жасөспірімдерді дене шынықтыру мен спортқа баулуға, олардың бойында салауатты өмір салтын қалыптастыруға көп көңіл бөлінуде. Мұны Елбасымыздың Жолдауында айқын көрсетілген 2020 жылға дейін қазақстандықтардың отыз пайызы бұқаралық спортпен шұғылдануға тиіс деген тапсырмасын орындау жолындағы мәні зор талпыныс, игілікті іс деп білуіміз керек.
Осы орайда, балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептерінің алатын орны үлкен. Оларға жас ұрпақтың дені сау, шымыр болып өсуіне, биік мақсаттарға жету жолында табандылық, қайсарлық секілді жақсы қасиеттерге тәрбиелеу бағытында ауқымды міндеттер жүктеледі. Мұны жете ұғынған спорт мектептері күн сайын балалардың басын қосып, оларды жаттықтырып, келешекте шебер спортшылар даярлауды мақсат етуде.
Жыл өткен сайын елімізде спорт мектептерінің саны артып келе жатқаны белгілі. 2006 жылы ашылып, осы уақытқа дейін толайым табыстарымен аудан абыройын асқақтатып келе жатқан №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі өткен аптада өзінің 10 жылдық мерейтойын салтанатты түрде атап өтті.
Аталмыш спорт мектебінің құрылғанына он жыл толуына арналған спорттық ойындардың ашылу рәсімінде облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Гамлет Қайнарбеков, аудан әкімдігі аппаратының бас инспекторы Салтанат Иманова, №2 БЖСМ директоры, еркін күрестен КСРО-ның спорт шебері Жанысбек Ашимовтер құттықтау сөз сөйледі.
Бұдан кейін спорт мектебінің мерейтойына орай асық ату, шекемтас, футболдан жарыстар ұйымдастырылды. Қызықты та тартысты өткен жарыс қорытындысында, асық ату мен шекемтастан қатысқан 12 команданың ішінде жүлделі бірінші орынды № 2 БЖСМ иеленсе, Ақбозов және Мырзатай орта мектебінің командалары екінші, үшінші орындарды өзара бөлісті.
Ал, жарыс көрігін қыздырған аяқдопшылар бәсекесі тартысқа толы болды. Өзара кім мықтыны анықтаған он команданың арасынан Абай ауылдық округіне қарсылас шақ келмей, бірінші орынды иеленсе, Н.Киікбаев орта мектебі мен № 2 БЖСМ командалары жүлделі екінші және үшінші орындарды қанжығаларына байлады. Спортшылар жарыс ұйымдастырушылары тарапынан медальдар, Грамоталар және Кубоктармен марапатталды.

Обновлено 05.05.2016 11:51
 

Халыққа жолдау

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2130
mod_vvisit_counterКеше4321
mod_vvisit_counterОсы аптада2130
mod_vvisit_counterӨткен аптада28488
mod_vvisit_counterОсы айда57075
mod_vvisit_counterӨткен айда126502
mod_vvisit_counterБәрі3700343

Серіктестер