Онлайн газет



МАҚСАТ МУРАСҰЛЫН ЕСКЕ АЛУ ТУРНИРІ

А.Алдабергенов,
«Ауыл жаңалығы».

Өткен аптаның сейсенбісі күні Сарыкемер ауылында №9 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің кіші футбол алаңында марқұм Сейтханов Мақсат Мурасұлын еске алу турнирі болып өтті. Мақсат Мурасұлының достарының ұйымдастыруымен өткен турнирге Тараз қаласы мен  аудандық спортшылардан сегіз команда қатысты.
Өмірдерек:
Мақсат Сейтханов 1991 жылы дүниеге келген. Балалық шағынан спортқа бейім болып өскен ол аға жаттықтырушы, Қазақстанның 40-жылдығы атындағы орта мектептің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Мырза Қазиевтің футбол үйірмесіне қатысқан. Өзінің алғырттығымен, спортқа деген көзқарасының ұшқырлығымен, шеберлігінің арқасында Тараз қаласындағы «Спорттағы дарынды балалар» мектеп-интернатына қабылданды. Мектеп-интернатта да жаттықтырушылар тарапынан оның шеберлігі жоғары бағаланып, еліміздің бірінші лигасында футболдан өнер көрсетті. Футбол аренасында жүрген кездерінде оның көрсеткен жетістіктері айтарлықтай.
Мақсат бауырымызды еске алуға арналған турнирге сіркірей жауған жаңбыр да бөгет бола алмады. Әттеген-айлар мен қызыққа толы, жанкүйер делебесін қоздырар турнир қорытындысында «Байзақ жастары» командасы бірінші, «Байзақ кәсіпкерлері» командасы екінші орынды иеленсе, Ғ.Мұратбаев мектеп-гимназиясының құрамасы жүлделі үшінші орындарды иеленді.
Жарыс жеңімпаздары ұйымдастырушылар тарапынан ақшалай сыйлықтармен марапатталған соң, әкесі Мурас Сейтханов турнирді өткізуге атсалысқан азаматтарға жанұясы атынан алғыс сезімін жеткізді. Турнир соңында М.Сейтхановтың рухына құран бағышталып, ас берілді.

Обновлено 05.05.2016 11:50
 

Халыққа жолдау

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2099
mod_vvisit_counterКеше4321
mod_vvisit_counterОсы аптада2099
mod_vvisit_counterӨткен аптада28488
mod_vvisit_counterОсы айда57044
mod_vvisit_counterӨткен айда126502
mod_vvisit_counterБәрі3700312

Серіктестер