Онлайн газет



Заңнаманы білген абзал

Заңнама қаншалықты жерді жеке меншікке алу үшін шетелдіктердің  айналып өтуінің  мүмкіндіктерін ескере ме?
Заңнамада ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке сатып алуға тиым салған, сондай-ақ шетелдіктерге  салынған  шектеулердің айналып өту  тетіктерін де  ескереді.  
Егер де шетелдіктер жеке меншігіне жалған неке арқылы қулығын асырып жерді сатып алуға тырысса, ЖШС үлесін сатып алу арқылы немесе  екінші нарықта жерді сатып алғысы келсе әділет органдары бұндай жағдайларды  тіркеу үшін  қабылдамайды.
Заң тұрғысында, бұндай тіркеусіз жер құқығына иелікте туындамайды.
Сонымен, әділет органдарындағы тіркеу рәсімдері арқылы шетелдіктер үшін белгіленген шектеулердің сақталуын бақылайды.
Сонымен бірге, заңнамалық шектеу туралы шетелдік азамат және әлеуетті сатып алушы нотариусқа келісім жасауға келгенде де біледі.
Мемлекет нотариустың тиым салуын, оларды жауапкершілікке тартумен белгілеген. Бұл кезде келісімдердің құқықтық салдары болмайды.
Қоғамда   шетелдіктер  жерге жеке меншік құқы бар қазақстандық заңды тұлғаның үлесін сатып алу жолымен жер телімдерін алуы мүмкін деген қауіп бар. Бұл солай ма?
Бұл мәселені екі жақты қарауға болады.
Біріншісі. Егер де шетелдік сатып алатын үлес 50%- тен асатын болса, онда бұндай заңды тұлғаның жер телімдері  үш айдың ішінде алынуға жатады немесе жер пайдалану (жалға беру) құқығы қайта хатталуы қажет.
Бұл талапты орындамаған кезде, Әкімдік жер телімдерін мемлекетке қайтару туралы шағым береді.
Мемлекет өз кезегінде бұндай фактілерді ақпараттық жүйелердің бірлескен іс қимылы арқылы анықтайтын болады, ондай ақпарат заңды тұлғалар үлесінің мөлшері және барлық заңды тұлғалар  – жер телімінің иелері туралы ақпараттан тұрады.
Егер де жеке меншігінде жер құқығы бар заңды тұлғалар анықталған кезде, шетелдіктердің үлесі 50%-тен  асса, бұл ақпарат әкімдікте  жерді алу үшін, жер телімін жалға беру құқығын қайта қарау  немесе сотқа  оны қайтару жөнінде шағым бойынша жұмыс істеуге  жіберілетін болады.
Екінші. Егер де шетелдіктің үлесі 50% -тен кем болса, заңды тұлға үшін ештеңе болмайды.
Егер де, шетелдік 50% -тен кем үлес сатып алған болса, бұндай заңды тұлға шектеуді айналып өтпей ме?
Бұл күмәнді сейтсек деймін.
Азаматтық кодекске сәйкес, бұндай шетелдік – заңды тұлға иесі оның мүлкіне, оның ішінде жер теліміне де құқығы болмайды, тек  жарғы капиталындағы үлес құқығына ғана ие.
Басқа сөзбен айтқанда, бұндай жер телімдерінің иелері  шетелдік азамат  емес, заңды тұлға – біздің заң бойынша қызметін жүзеге асыратын және осы жерде салық төлейтін Қазақстан резиденті болып табылады.
Егер де шетелдік  қатысушылар құрамынан шыққысы келсе және өзінің жер үлесін алғы келсе, оған ондай мүмкіндік жоқ, өйткені ол жер құқығын тіркей алмайды.
Бұл жағдай - заңды тұлға қатысушысы жұбайлар болып, оның біреу шетелдік болған жағдайға да қатысты.
Бұл кезде акционерлік қоғам сияқты ұйымдық –құқықтық нысаны ерекшелігінде ескерген жөн. АҚ үлестер, барлық мүлік нарықта еркін айналым акциялары, бағалы қағаздар түрінде, олар биржаларда сатылуы және сатып алынуы мүмкін.
Бұл кезде шетелдікке тиісті акция үлесін бақылаудың қажеттілігі жоқ, өйткені тіпті акцияның 100% иесі шетелдік акционердің өзі де  жерді өзінің меншігіне ала алмайды.
Айтылғандарды түйіндей келе, ауылшарушылығы мақсатындағы жерлердің жеке меншік құқы тек қазақстандық компания құқығында ғана болады және ол қатысушы құрамынан шыққан кезде  жер телімімен емес ақшалай түрде төленетін заңды тұлға үлесіне ғана құқы бар.

 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2903
mod_vvisit_counterКеше2732
mod_vvisit_counterОсы аптада11225
mod_vvisit_counterӨткен аптада48593
mod_vvisit_counterОсы айда74703
mod_vvisit_counterӨткен айда69492
mod_vvisit_counterБәрі4120513

Серіктестер