|

ТАРИХ – САН ҚИЛЫ СЫНАҚ ПЕН КЕМЕЛ КЕЗЕҢГЕ ТОЛЫ ҰЛЫ КӨШ. УАҚЫТТЫҢ ОСЫ ШЕРУІНДЕГІ ХАЛҚЫМЫЗ ТАЛАЙ ҚИЫНДЫҚТЫ БАСТАН КЕШТІ. ӘСІРЕСЕ ХХ ҒАСЫРДЫҢ СҰРАПЫЛ ҚЫРҒЫНЫ 1941-1945 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНДА БАЙЗАҚТЫҚТАР ДА ЕРЛІКТІҢ ЕРЕН ҮЛГІСІН КӨРСЕТТІ. ХАЛҚЫНЫҢ БОСТАНДЫҒЫ МЕН ТӘУЕЛСІЗДІГІ, БОЛАШАҚ ҰРПАҚТАРЫНЫҢ БАҚЫТЫ ҮШІН
МАЙДАН ДАЛАСЫНДА АЯНБАЙ КҮРЕСКЕН, ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ БАҒА ЖЕТПЕС ҮЛЕС ҚОСҚАН, ОТАНДЫ СҮЮДІҢ, ОНЫ ҚОРҒАУДЫҢ ҮЛГІСІН КӨРСЕТКЕН СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІ МЕН ТЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІНЕ ЖЕҢІС МЕРЕКЕСІ АЛДЫНДА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ.
Бейсенбі, 29 сәуір күні аудандық мәслихат депутаттарының, іскер әйелдер қауымдастығы мен аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасы, демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелерінің демеушілігімен Суханбаев,Түймекент, Жалғызтөбе ауылдық округінде тұратын соғыс және еңбек ардагерлері; жақаштық Өнербай Молдабаев, түймекенттік Мәдібек Мақұлбеков, Бахы Рустанбеков, жетібайлық Рахымжан Мамыралиевтің және соғыс ардагерінің жесірі Р.Шомаеваның жанұясында болған аудан әкімі аппаратының бас инспекторы С.Иманова, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы К.Беспаев, іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Т.Кадимова, мәслихат депутаттары С.Алтаева, А.Большебеков, С.Молдабековтер-ардақты қарияларды Жеңіс мерекесімен құттықтап, сыйлықтарын табыстады. Аудандық емхананың өкілі С.Дүйсенова батыр аталарымыз бен аналарымыздың денсаулықтарын тексеріп, ақыл-кеңесін берді. Көпті көрген, шежірелі қариялар мен ақжаулықты аналарымыз 1418 күн мен түнге созылған соғыстың қасіретіне тоқталды. Өшпес ерлік жасаған батырлар даңқ іздемегендігін, оны Отан қорғаушыларға өмірдің өзі бергендігін, осы даңқты сақтау, Отанға деген сүйіспеншілікті жастардың бойына сіңіру, тамаша жауынгерлік дәстүрлерімізді болашақ ұрпаққа жеткізу – бүгінгі ұрпақтың азаматтық борышы екендігін, Жеңіс күнін жақындатудағы тыл еңбеккерлерінің жанқиярлық еңбегі ерекше болғандығын, Елбасының ұстанып отырған саясатының арқасында еліміз әлемге танылғандығын, бірлік пен татулықты сақтаудың мәнін айтып, қазіргі тоқшылықтың, бақытты заманның қадірін білудің маңызын сөз ете келе, өздерін құрметтеп келгендерге алғыстарын айтып, ақ баталарын берді.
Өз тілшіміз. |