Онлайн газет



Бірлік-басты байлығымыз

Н. Байжанова,
“Байжанова” шаруа қожалығының төрайымы.

Елбасының  «Қазақстан-2050» стратегиясы- қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы ұлттық дамуымыздың ұзақ мерзімді бағдарламасын баян еткен айрықша құжат деп санаймын. Өйткені Жолдауда  ел көкейінде жүрген мәселелер жан-жақты айтылып, атқарылатын ауқымды істер нақтыланған. Алдымен Мемлекет басшысы 2050 жылға дейінгі стратегияға тоқталмас бұрын «Қазақстан-2030» құжатында қамтылған басымдықтардың орындалуына, оның ішінде  7 бағыт бойынша атқарылған шараларға тоқталды. Елбасының “2012 жылдың өзінде жан басына шаққандағы жылдық ішкі  жалпы өнім мөлшері жөнінен әлемде 51-орынға көтерілдік, өсім қарқынымыз жағынан  дүниежүзі бойынша екінші орынға шықтық, дүниежүзі мемлекеттерінің 60 жылдағы өсімі 11 есені құраса, біздің  15 жылдағы өсіміміз 16 есе болды” дегені көңілге  мақтаныш сезімін ұялатты.
Шындығында да тәуелсіздіктің 21 жылында елімізде ұлан-ғайыр істер жүзеге асты. «Біздің Отанымыз ортақ, тілегіміз бір, мақсатымыз жалғыз. Ол жері жұмақ, елі бақытты Отанымыз, Қазақстанымыз» деп Елбасымыз  айтқандай,  өзіндік даму жолына түскен қазақ елін бүгінде  төрткүл әлем таниды. Жаһандық дағдарысқа қарамастан елдің дәулеті артып  қана қоймай, еліміздің өркендеуіне индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы қарқынды серпін беріп отыр. Мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы аясында қалалар мен аудандарда жаңа балабақшалар салынды, жаңа мектептер пайдалануға берілді. Мәдениет үйлері іске қосылды. Денсаулық сақтау және білім беру жүйесінде оң өзгерістер белең алуда. Елбасымыздың көрегенділікпен жүргізіп отырған саясатының арқасында елімізді мекен еткен сан ұлт өкілдері бір үйдің баласындай тату-тәтті  өмір сүріп жатыр. Ендігі жерде Ұлт Көшбасшысының  ойлағаны-2050 жылға дейін Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің сапында болуы қажеттігін ұлт алдына міндет етіп қойды.
Жалпы, Жолдауда  Қазақстанның жаңа саяси бағытын қамтыған міндеттер мен саяси бағыттың мақсаттары айқындалып, елдік дамудың барлық салалары қамтылған. Жолдаудың соңы ұлтқа арналған үндеумен аяқталады.
«Қазақстан-біздің қасиетті мекеніміз. Кейінгі ұрпақ осынау қасиетті мекенде өмір сүріп, өркен жайды. Қазақ жеріне тағдырдың жазуымен алуан түрлі ұлт өкілдері қоныс аударды. Біз оларға құшағымызды ашып, қазақи қонақжайлылықпен қарсы алдық. Олар біздің елімізде өсіп-өніп, бауырларымызға айналды. Қазір біз көпұлтты сипаты бар біртұтас елміз. Мынау жаһандану дәуірі - көпұлтты мемлекеттер дәуірі болмақ. Жалғыз ұлттың мемлекеті деген болмайды. Бұл әлемдік үрдіс. Ендеше Тәуелсіз қазақ елінің азаматтарын алалауға, бауырластығын бұзуға ешкімнің қақысы жоқ. Барлық ұлт өкілдерімен тіл табысып, бейбітшілік пен келісімде өмір сүру барша қазақстандықтың басты қағидаты болуы шарт. Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ», - деген Елбасының сөзінің жаны бар.
Ел ортақ, тағдыр ортақ, тарих ортақ болғандықтан  қазақ жерінде өмір сүріп жатқан  барлық ұлттар мен ұлыстар үшін  бірліктің маңызы зор деп білемін. Өйткені ұлтаралық келісім мен татулық - біздің басты құндылығымыз. Көпұлтты еліміздегі татулық пен келісім, мәдениеттер мен діндердің үндесуі әлемдік эталон ретінде танылған. Сондықтан  баршамыз достықты қадірлеп, ел бірлігін  биік қойып,  еліміздің одан әрі көркейіп, өсуі үшін еңбектенуіміздің маңызы зор деп білемін.
Сондай-ақ, Жолдауда Елбасымыз әлемдік ХХІ ғасырдың он жаһандық сын-қатері мен 2050 жылға  дейінгі  Стратегиялық жаңа саяси бағыттарды түсіндірді.Онда ауыл шаруашылығын өркендету, жаңа технологияны енгізе отырып, ауыл шаруашылығы өніміне жаһандық сұраныс жағдайындағы ауқымды жаңғырту  қажеттілігін, ауыл шаруашылығын қайта өңдеу  мен шағын және орта бизнесті дамытуға маңыз бере отырып, ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді 2050 жылға дейін   5 есеге, ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдауды 4,5 есеге арттыруды табыстады.
«Байлықтың атасы-еңбек, анасы-жер» дегендей,  егін және мал шаруашылығымен айналысатын ауданымыз Тараз қаласының іргесінде орналасқан.  Жері нулы да сулы өлкеде   ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге, кәсіпкерліктің дамуына барынша жағдай жасалған. Өңірде егіс алқаптарын көбейтіп, ауыл шаруашылығы саласында жаңа технологияларды қолдануға баса назар аударылуда. Өндіріс саласына шетелдік инвестиция тарту,  халықтың әл-ауқатын көтеру бағытында жаңаша жоспарлар мен алға қойылған нақты міндеттер жаңаша еңбек етуге жетелеп отыр. Өлкемізді мекен еткен отыздан аса өзге ұлт өкілдері ел дамуына өзіндік үлес қосып келеді.
Жолдаудың соңында Елбасы тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат  етіп отырғанын, онда  барлық буын өкілдеріне, соның ішінде, жастарға үлкен міндет жүктеп отыр. Олай болса,  әрқайсымыз  стратегияда белгіленген бағдарлар мен міндеттерді орындауға үлес қосайық дегім келеді.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1561
mod_vvisit_counterКеше1808
mod_vvisit_counterОсы аптада5024
mod_vvisit_counterӨткен аптада10590
mod_vvisit_counterОсы айда18299
mod_vvisit_counterӨткен айда43547
mod_vvisit_counterБәрі2712062

Серіктестер