Онлайн газет



БАЛАЛАР БАҚЫТҚА КЕНЕЛГЕН КҮН

А.Шотбасова,
«Ауыл жаңалығы».

Күнтізбеге сай кезекпен жылан жылы да жайғасты мінекей. Жарқын мерекені үлкен-кіші болып зор қуанышпен қарсы алғанымыз рас. Әсіресе, жыл басында балғын балақайлар

бақытқа кенелді. Елбасы бастап, ел ағалары біздің кішкентай достарымызға сый-сияпаттар үлестіріп, жаңа жылмен құттықтап жатты.
Жылдағы дәстүр бойынша аудан әкімінің шыршасы биыл да үлкен  ұйымшылдықпен ұйымдастырылыпты. Бір ерекшелігі жаңа 2013 жылды байзақтық балғындар жаңадан тұрғызылған Сарыкемер орта мектебінде қарсы алды. Білім ошағының спорт кешенінің  ортасына жайғасқан жасыл шыршаны айнала билеген Аяз ата мен Ақшақар, ертегі кейіпкерлері – жалмауыз кемпір, хан, уәзір, ұлу мен жыл егесі –жыланның кейіптеріне кіре аудан әкімдігінің білім бөлімінің мұрындық болуымен Н.Ақшабаев орта мектебінің ұжымы қойған қойылымды тамашалаған жұртшылықты аудан әкімі М.Ж.Шүкеев Жаңа жылмен құттықтады.
Елбасының биылғы Жолдауында жүктеген міндеттері және аудан көлемінде өткен жылы атқарылған шаралар жайында сөз қозғады. Аудан басшысы мұнан соң өз қолымен спортта, өнерде биік жетістіктерге жеткен  ауданның дарынды оқушыларына сыйлықтар ұсынды. Барлығы жетпіске жуық оқушыға бір-бірлеп сияпаттар үлестірген М.Жүнісәліұлы жас ұрпақтың оқуда озат болуларына тілектестігін білдіріп, балалармен бірге естелік суреттерге түсті. Ауданның атын облыс, қала берді республикаға танытып жүрген талант иелерін аудан әкімінің орынбасары М.Демисинов пен аудан әкімдігі білім бөлімінің бастығы  З.Дүзенова құттықтап, оларды тәрбиелеген бірнеше тәлімгерге алғыс жариялады.  

*      *      *      *      *                                                    
Дарындыларға арналған думанды кештен кейін ортаға Сарыкемер мектебінің ұжымы шығып, жаңажылдық бағдарламасын ұсынды.  Аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйытқы болуымен мерекелік қойылымды тамашалаған ауданның 17 ауылдық округінен келген туылғанынан дамуында кемістігі бар 40 баланың көңілі шат-шадыман, жүздерінен күлкі байқалады.
Иә, айта кету керек, балалардың барлығы мерекеге мейлінше дайындалыпты. Әрбірі жаңажылдық костюмдерде. Бірі қоян, бірі түлкі, енді бірі қасқырмен кішкентай ақшақар, ал бірі - жыл егесі жыланның және бірі қазақы оюмен тігілген киімдерді киіп алыпты. Оларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтаған аудан әкімі Мұратхан Жүнісәліұлы, елімізге құт-береке, балалардың дендеріне саулық тіледі. Аудан басшысы өз атынан тәтті толған қорапшалармен сыйлықтарды балаларға табыс етті. Өз кезегінде балғын балақайлар да қарап қалмады, аға-әкпелері алдында «Жаңа жыл», «Қыс», «Анама», «Шырша жыры», «Аяз ата» тақпақтарын жатқа айтып, түрлі ұлттардың биін биледі. Өнерлі өрендерге Аяз ата мен Ақшақар сыйлықтар табыстады. Кеш барысында оған қатысушы балалардың киінген киімдеріне қарай «Үздік костюм» номинациясы бойынша да сый-сыйапаттар берілді.
Бұдан бөлек өздігінен жүріп-тұруы қиын балалар аудандағы әр ауылдық округ әкімшілігі, аудандық іскер әйелдер қауымдастығының белсенді мүшелері, мекеме басшыларымен аудандық мәслихат депутаттары, жеке кәсіпкерлер, сонымен қатар, Жамбыл облысы мүгедек жастар қоғамының төрағасы Р.Төлегенов, Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы М.Қалабаев, аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Б.Абдрахманова бастаған ұжымның демеушілігімен жаңа жылдық сыйлықтар, ойыншықтармен қамтылды.

*           *            *           *          *
Шырайлы шырша мерекесі Бурыл елдімекенінде де атап өтілді.  Мұндағы Бурыл орта мектебінде өткен іс-шарада әннен, жырдан, биден шашу шашылып,  түрлі-түсті шарлар мен шамдар, қызылды-жасылды ленталармен безіндірілген зал және жасыл шырша жұртшылыққа мерекелік көңіл-күй сыйлады. Мұндағы мектеп оқушыларын Жаңа жылмен құттықтаған Аяз ата мен Ақшақар ізгі тілектерін жеткізді. Мерекелік лебіздерін аудандық мәслихаттың хатшысы Н.Үкібаев, аудандық мәслихаттың депутаты Е.Әшірбеков пен ауылдық округ әкімі Е.Әліқұлов және мектеп директоры Г.Әлімбекова білдірді.
Жаңа жыл сыйлықсыз қалай болмақ? Жаны жомарт, атпал азаматтардың арқасында мектеп ұжымына бейнетаспа сыйға беріліп, аз қамтылған отбасыларында тәрбиеленіп жатқан бірнеше оқушыға қыстық жылы киімдер және  тәттілер таратылды.

Фото: А.Алдабергенов

 

Обновлено 10.01.2013 12:09
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1663
mod_vvisit_counterКеше1808
mod_vvisit_counterОсы аптада5126
mod_vvisit_counterӨткен аптада10590
mod_vvisit_counterОсы айда18401
mod_vvisit_counterӨткен айда43547
mod_vvisit_counterБәрі2712164

Серіктестер