|
Cарыкемер ауылдық округі
Ғ.Мұратбаев атындағы мектеп гимназиясының мәжіліс залында «Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институтына оқуға түсу бойынша кәсіби бағдарлау жұмыс жүргізу» тақырыбында жиын өтті. Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық инстиутының
техникалық пәндер, ақпараттық жүйе және технологиялар кафедрасының профессоры, азаматтық қорғау подполковнигі С.Карденов, Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар депатаменті кадр жұмысы бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау майоры А.Джуматаев, Байзақ ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау майоры Г.Жамантаева, осы бөлімнің инженері, азаматтық қорғау лейтенанты И.Рысалдиевтер қатысқан жиында мамандық таңдау маңызды іс екендігі айтылып, оның ішінде өрт қауіпсіздігі мамандығының мәртебесі туралы сөз қозғалды. * * * Жуырда Байзақ аудандық №8 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен дөңгелек үстел өткізілді. Оның басты мақсаты Елбасымыздың ел халқына арнаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Жолдауын кеңінен түсіндіру. Осы бойынша қызметкерлердің құқықтық мәдениетін және ақпараттандырылуын арттыруды көздеген шарада аудандық №8 өрт сөндіру бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Е.Сейдалиев сөз сөйлеп, қатысушыларға бас құжатта айтылған басты мәселелерді, басым бағыттарды егжей-тегжейлі айтып берді.
Түймекент ауылдық округі
Түймекент орта мектебінде 9-11 сынып оқушылары арасында «Қыз тәрбиесі – қоғам тәрбиесі» тақырыбында қыздар арасында жиын өтті. Іс-шара басында мектеп директоры Ш.Қапарова сөз алып, қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет ететіндігі, әр елдің өміріндегі шешуші кілт қыздарға берілетін тәлім-тәрбие арқылы өлшенетіні туралы айтты. Өз ойларымен көп балалы ана, аяулы әже М.Белгібайқызы, Түймекент ауылдық емханасының дәрігер-психологы А.Дидарбекова, дәрігер-акушер К.Оспанова бөлісіп, мектеп жасындағы қыз бала тәрбиесінің негізгі кезеңдері мен жеке бас гигиенасының маңызын түсіндіріп өтті. Байзақ аудандық ішкі істер бөлімінің полиция аға лейтенанты Т.Момынқұлова қыздардың құқықтары туралы, ата-аналар комитетінің төрайымы Г.Досжанова жастар тәрбиесіндегі әке мен шешенің рөлі жайында әңгімеледі.
Үлгілі ауылдық округі
Үлгілі орта мектебінде «Мамандықты дұрыс таңдай біл!» тақырыбында әскери және құқық қорғау мамандарымен кездесу кеші ұйымдастырылды. Мектептің 9-11 сынып оқушылары (ер балалар) қатысқан іс-шарада баяндама жасаған алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Ө.Жарбосынов балаларға патриоттық тәрбие беру жайында айтып, әскери және құқық қорғау бағытындағы білім ордалары туралы толық мәлімет беріп өтті. Өз кезегінде кездесуге арнайы шақырылғн ҚІЖБ-ң келісімшарт және әскер қатарына шақыру бөлімшесінің бастығы, аға лейтенат Т.Ерсейтов, осы бөлімнің қызметкері Ж.Амиртаев, мектеп түлегі, қазіргі Т.Бегельдинов атындағы әуе қорғаныс күштері әскери институтының 4-курс студенті Б.Сеңгірбаев, Байзақ ауданы ІІБ кадр жұмысы тобының аға инспекторы, полиция капитаны Е.Исмайлов, Үлгілі ауылының учаскелік полициясы Б.Игіліков, Қостөбе орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің жетекшісі Б.Бердиханов, ҚР ІІМ Алматы Академиясының 3-курс курсанты Ә.Жұмаханов оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, мамандық таңдау – болашақты таңдау екенін түсіндірді. Әскери мамандықты игеру және құқық қорғау саласында қызмет атқарудың, ал, “Үлгілі-2005” ЖШС-нің басшысы Б.Еркебаев шаруашылықта іс істеудің жауапкершілігін сөз етті. Шара соңы патриоттық әндердің орындалуымен аяқталды. |