Онлайн газет



МЕКТЕПТЕГІ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ

М.Шалғынбай,
«Ауыл жаңалығы».

Жуырда Көптерек ауылдық округінде жер сілкініп, соның салдарынан елдімекендегі білім ордасында

өрт шықты. Халыққа табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғану тәсiлдерi мен құралдарын түсiндiру, басшылардың, жұмысшылардың және қызметшiлердiң, азаматтық қорғаныс құрылымдары жеке құрамының, бүкiл халықтың төтенше жағдайлардың iс-шараларына қатысуға жауапты көзқарасын тәрбиелеу жөнiндегi шараларды насихаттау мақсатында Кеңес орта мектебінде ұйымдастырылған мектепішілік жаттығу жұмыстары осындай шартты жоспармен өткізілді.
Шартты түрдегі жер сілкінісі туралы дабыл қағылғанда, барлық оқушыларға газдан қорғайтын дәке үлестіріліп, мектеп ұжымы жаппай сыртқа шығарылды. Жоспарлы жаттығу бағдарламасы Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңының 14-бабы негізінде жасалынып, 10 оқушыға кемінде бір құтқарушыдан мектеп мұғалімдері мен қызметкерлері құрамынан құтқару топтары құрылды. Жаттығу алдында құтқарушы топтар мектептегі алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Әділ Бестерекбаевтың нұсқауымен жер сілкінісі алдындағы ақпарат алынғаннан кейін сағат 11.00-де «Дабыл» хабарланып, мектеп оқушылары мен қызметкерлерін қауіпсіз аймаққа көшіру жүргізілді. Кезекші мұғалімдер оқушыларды мектептің алаңына топтастырып, түгелдеді.
Жаттығу барысында сынып оқушылары арасынан екі оқушы құпия жасырылды. Оны пән мұғалімдері оқушыларды түгелдеу барысында анықтады. Мектептің әлеуметтік педагогы Нұржан Әлімбетов бастаған жедел құтқару тобы түгендеу барысында анықталған екі оқушыны мектеп ғимараты ішінен тауып, алып шықты. Екі оқушыға мектеп медбикесі Гүлшат Есіркепова жетекшілігіндегі санитарлық топ алғашқы медициналық көмек көрсетті. Осы кезеңде жаттығу бағдарламасы бойынша жоспарлы өрт хабарланды. Мектеп қазандығындағы токтың тұйықталуынан шыққан өртті мектеп директорының шаруашылық істері жөніндегі орынбасары Құрман Төлегенов басқарған өрт сөндіру  тобы өрт сөндіру баллонын қолданып өшірді. Бірінші оқу ауысымында ұйымдастырылған оқу-жаттығу барысында 225 оқушы мен  50 қызметкер қауіпсіз жерге шығарылды.
Бас-аяғы жиырма минутқа созылған жоспарлы жаттығу аяқталған соң, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айтжан Нысанбаев ұйымдастырылып отырған жаттығудың мақсатын түсіндіріп, азаматтық қорғаныс туралы кеңінен ақпарат беріп, жиынды қорытындылады.
Жаттығудан кейін сабақ кестесі бойынша сабақ жүргізілді. Сондай-ақ мектепшілік азаматтық қорғаныс эвакуациялық комиссиясының отырысы өтті. Жаттығуды ұйымдастырушы директордың бағдарлы оқыту жөніндегі орынбасары, комиссия мүшесі Алтай Жазылбеков жаттығу барысындағы әрбір бөлігінің уақытын есепке алып, жетістіктер мен кемшіліктерді талдап, қорытынды жасады.

Фото: А.Алдабергенов

 

Обновлено 10.01.2013 11:32
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1066
mod_vvisit_counterКеше1784
mod_vvisit_counterОсы аптада1066
mod_vvisit_counterӨткен аптада13521
mod_vvisit_counterОсы айда12813
mod_vvisit_counterӨткен айда64729
mod_vvisit_counterБәрі3990905

Серіктестер