Онлайн газет



ЕКІ ШАҒЫН ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

Г. Әбдіқұлқызы,
“Ауыл жаңалығы”.

Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында аудан орталығындағы екі мектеп жанынан 90 балаға шақталған

шағын орталық ашылды. Алдымен Қазақстанның 40 жылдығы мектебі  жанынан 2 топтық 40 орындықты «Ер Төстік»  және Сарыкемер орта мектебі жанынан «Мөлдір бұлақ» атты 50 балаға лайықталған шағын орталықтың ашылу салтанаты болып өтті.Қос орталықтың ашылуында  аудан әкімінің орынбасары Мақсат Демесинов Елбасының  «Балапан «бағдарламасы  шеңберінде аудан көлемінде атқарылып жатқан игілікті  шараларға тоқтала келіп, ашылған мұндай орталықтар кішкентай бүлдіршіндерге қызмет ететіндігін айтты. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Рәш Шәметов еліміздің болашағы - балалардың жақсы тәрбие алып, нағыз азамат болып ер жетулерінде мектепке дейінгі мекеменің алатын орнын айтып,   Елбасының үстіміздегі жылғы Жолдауындағы  ел ертеңі-жастарға жүктеліп отырған міндетін сөз етті.
"Балапан" бағдарламасы аясында ашылған орталықтар заман талабына сай жабдықталыпты. Мұнда үш пен бес жасар аралығындағы бүлдіршіндердің жақсы тәрбие алуларына барлық жағдай жасалған.
Салтанат соңы қос мектеп оқушыларының концертімен жалғасып, жаңадан шағын орталыққа қабылданып, қуаныштан жүздері бал-бұл жайнаған балғындар өз өнерлерін көрсетіп, ән айтты, би биледі, өлең оқыды.
Қазіргі таңда ауданымызда 20 балалар бақшасы,  16 шағын орталық жұмыс істеуде.

 

 

Фото: А.Алдабергенов

Обновлено 10.01.2013 11:08
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1101
mod_vvisit_counterКеше1784
mod_vvisit_counterОсы аптада1101
mod_vvisit_counterӨткен аптада13521
mod_vvisit_counterОсы айда12848
mod_vvisit_counterӨткен айда64729
mod_vvisit_counterБәрі3990940

Серіктестер