Онлайн газет



Мақсат айқын, міндет зор

А. Қылышбаева,
ЖД 158/5 мекемесі   кадр тобының  аға инспекторы, әділет капитаны.

Үстіміздегі жылғы Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы басым бағыттарда халықтың әл-ауқатын жақсарту мен әлемдік дағдарыстан шығудың жолдары нақты көрсетілген.
Жолдау шеңберінде қолға алынатын ауқымды шаралар ұжым арасында кеңінен талқыланды.Межеленген мақсаттар мен міндеттерді іске асыруда ұқыптылық пен үнемділікке назар аударып, ел қазынасынан қаралатын қаражатты  тиімді пайдалану жайы сөз болды.
Жалпы Мемлекет басшысының “Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму” атты Жолдауындағы  міндеттерді ой елігінен өткізе отырып,  күрделі кезеңде өмір сүріп отырғанымызды, еліміздің дағдарысқа қарсы мүмкіндіктерінің бар екендігін сезінесің.
Жаһандық дағдарыс  деген кезде өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарындағы қиындықтарды еңсергеніміз, ел  бірлігі мен ынтымағының мығымдығын, Елбасының көрегенділікпен жүрігізіп отырған саясатының жемісін көріп отырған тәуелсіз ел халқының  жарқын болашағына  шүкіршілік етесің.  Жаһандық қатерлерге қарамастан  денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау саласындағы қызметкерлер еңбекақыларының  елеулі түрде артып, әлеуметтік жәрдемақылар мен  шәкіртақылардың өсетіндігі, ынтымақты зейнетақының индекстелетіні де  көңілге қуаныш ұялатып, Елбасымыздың ең алдымен халықтың қамын ойлайтындығын, елі үшін үлкен тірліктерге бел буған қайраткер екендігіне тәнті боласың.
Жолдау кірісіпесінде: “біздің мақсатымыз-елі бақытты, жері гүлденген қасиетті Отанымыз Қазақстанды “Мәңгілік Ел ету! Әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылып, бай да қуатты елдермен  иық түйістіру. Біз бұл мақсатымызға міндетті түрде жетеміз” деген сөздерінен жарқын болашаққа нық қадаммен  бара жатқанымызды көрсетеді.
Бірлігі мен тірлігі жарасқан  тәуелсіз еліміз кеше ғана  тәуелсіздіктің 24 жылдығын  атап өтті. Бүгінгі таңда  еліміздің алдына қойған  мақсаты айқын. Олай болса,   әлем елдерін тұтастай шарпыған дағдарыс пен  алып  елдердің текетіресіп, өзара санкциялар алмасуы соған орай дүниежүзілік нарықтағы шикізат бағасының құлдыраған тұсында  еліміздің ынтымағына бекем болып,  Елбасының маңына топтасып, бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін   еңбектеніп, елімізді ары қарай көркейте берейік дегім келеді.

 

Халыққа жолдау

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2142
mod_vvisit_counterКеше4321
mod_vvisit_counterОсы аптада2142
mod_vvisit_counterӨткен аптада28488
mod_vvisit_counterОсы айда57087
mod_vvisit_counterӨткен айда126502
mod_vvisit_counterБәрі3700355

Серіктестер