Онлайн газет



ТАМШЫЛАТЫП СУАРУ – ТАБЫС КӨЗІ

М.Манекеев,
«Ауыл жаңалығы».

Елбасымыз Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі  Жолдауында агросектор саласында еңбек өнiмдiлiгiн арттыру мiндетiн қойғаны белгілі. Сондықтан, дала төсінде жүрген егіншілер бүгінгі күнгі ең озық технология саналып жүрген тамшылатып суару әдісіне арқа сүйеп отыр. Шыны керек, осы әдіске көшкелі бері аудандағы егін шаруашылығымен айналысушы шаруа қожалықтары мен серіктестіктердің шаруасы дөңгеленіп жүре берді деуге болады. Өңірде біраз жылдан бастап Агроөнеркәсіп кешенін дамыту, сөйтіп азық-түлік белдеуін жасаудың сенімді жолының бірі – тамшылатып суару әдісін егін шаруашылығына батыл енгізу мәселелері облыстық, аудандық деңгейдегі әкімдіктің ұдайы назарында.

Соңғы жылдардан бастап, аудан еңбеккерлері тамшылатып суару технологиясымен жұмыс жасауды кең көлемде қолданысқа енгізе бастады. Олардың бірқатары өз қаражаттары есебінен, ал, енді кейбір шаруа қожалықтары «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы мен облыстық «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы суды үнемдеу технологиясына қол жеткізуде.
Солардың бірі Бурыл ауылдық округіндегі Николай Рахметилдаев жетекшілік ететін «Бірлік» шаруа қожалығы. Аталмыш шаруа қожалығы 6 гектар жерге көкөніс егіп, қолға алған ісін дөңгелетіп отыр.
Сондай-ақ тамшылатып суару әдісін алғаш қолданысқа енгізген «Бірлік» шаруа қожалығының төрағасы Николай Рахметилдаев бүгінде аталған әдісті таңдағанына дән риза. Диқанның айтуынша, тамшылатып суарудың тиімділігі сол, біріншіден, су аз шығындалады. Екіншіден, басқа зиянды шөптер дәннің өсіп, күш алып кетуіне кедергі бола алмайды. Әрине, мол табысының басты себебі де осы тамшылатып суару технологиясында болса керек. Бұл технология бойынша су тек керек жерге ғана қажетті мөлшерде тамшылатып беріледі, артық су жіберілмейді. Сол себепті топырақ құнарлылығын сақтап, күннің қызуын мол алады, арам шөп те көп өспей, негізгі дақылға кедергі бола алмайды. Нәтижесінде мол өнім алуға мүмкіндік жасалады. Суды негізінен каналдан су сорғыш қондырғы арқылы алып, көкөніске береді. Ал, бұрынғысынша атыз қазып, арық бойымен су жіберушілерге қарағанда, тамшылатып суару әдісі суды аз талап ететіндігімен қоса, өнімнің шығымын жақсы береді.
– Былтырдан бастап алты гектар жерге тамшылатып суару әдісін енгіздік. Әуелі аздан бастап көрейік, пайдасы немесе қиын тұстары бола ма деген оймен. Бірақ, нәтиже жаман болмады. Алдағы уақытта тұтастай осы әдіске көшіп, алқапты ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Биыл «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 3 миллион теңге қаржы алдым. Алған несие қаражатының 30 пайызын су үнемдеу технологиясы құрылғыларына кеткен шығын есебінен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» қайтарса, алқапқа егілген дақылдың әр гектарына 90 мың теңге көлемінде субсидия төленді,– дейді шаруа қожалығының басшысы.
Кәсібін дамытып, еңбегінен зейнет көріп отырған шаруа қожалық басшысының істері өзгелерге сабақ болары анық. Жұмыстың қандайы болсын кірісіп, бар ынта-пейіліңмен істесең, түбінде оң нәтижесін берері заңдылық. Үкімет жеке кәсіппен шұғылданам дегендерге кең өрістің беталысын көрсетіп қойды. Осындай ілкімді саясаттың ырысын төкпей-шашпай пайдаға асыру әркімнің өз қолында екенін «Бірлік» шаруа қожалығына қарап бағамдауға болады.

 

Халыққа жолдау

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2097
mod_vvisit_counterКеше4321
mod_vvisit_counterОсы аптада2097
mod_vvisit_counterӨткен аптада28488
mod_vvisit_counterОсы айда57042
mod_vvisit_counterӨткен айда126502
mod_vvisit_counterБәрі3700310

Серіктестер