Онлайн газет



ЖОЛДАУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

М.Шалғынбай,
«Ауыл жаңалығы».

Аптаның дүйсенбісі күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауы бойынша «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы Саяси кеңесінің отырысы болып өтті. Жиынға аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, жергілікті мәслихаттағы депутаттық фракция мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен төрайымдары, партия белсенділері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Саяси кеңес отырысы күн тәртібіне шығарылған «Елбасы Н.Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан халқына  арнаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауынан туындайтын міндеттер туралы аудан әкімі, аудандық партия филиалының төрағасы Мұратхан Шүкеев баяндама жасады. Елбасы Жолдауының бүкіл Қазақстан халқының әл-ауқатын одан ары арттыруға бағытталған маңызды құжат екенін атап өткен Мұратхан Жүнісәліұлы қазіргі таңда біздің елімізде ғана емес, әлемдегі алпауыт елдер де экономикалық дағдарысты сезініп отырғанына тоқталып, Елбасымыз өз Жолдауында елдің ішкі жағдайын саралап, бәрімізді бұл уақытша қиындықтарға мойымауға шақырғанын айтты. Сонымен қатар, бас құжатта ел экономикасын еселеудің нақты жолдарына жиналғандардың назарын аударды.
Отырыс барысында жарыссөзге шыққан партия мүшесі, аудан әкімдігі білім бөлімінің басшысы З.Дүзенова, аудандық мәслихаттағы депутаттық фракция жетекшісі Е.Есімов, «Жаңатұрмыс» бастауыш партия ұйымының төрағасы С.Өсербаев, партия мүшесі, Ботамойнақ ауылдық округінің әкімі Е.Зәуірбеков, №3 Байзақ колледжінің директоры М.Нысанбаевтар өз салаларына қатысты атқарылған істерге тоқтала отырып, Елбасы Жолдауына байланысты алда тұрған міндеттерді орындауға атсалысатындықтарын жеткізді.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Саяси кеңес қатысушылары бірауыздан қаулы қабылдаған соң, жиынды қорытындылаған аудандық партия филиалының төрағасы М.Шүкеев мемлекетімізді күрделі кезеңнен алып шығу үшін Елбасының алдымызға нақты тапсырмалар қойылып отырғандығын және өңірдің даму қарқынын ұлғайтуда біркісідей жұмылып, еңбек етуге шақырды.

Обновлено 25.12.2015 11:01
 

Халыққа жолдау

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2237
mod_vvisit_counterКеше4321
mod_vvisit_counterОсы аптада2237
mod_vvisit_counterӨткен аптада28488
mod_vvisit_counterОсы айда57182
mod_vvisit_counterӨткен айда126502
mod_vvisit_counterБәрі3700450

Серіктестер