Онлайн газет



МЕРЕКЕ ЖӘРМЕҢКЕГЕ ҰЛАСҚАН КҮН

М.Манекеев,
«Ауыл жаңалығы».

Осыдан 24 жыл бұрын дүние жүзінің картасында «Қазақстан Республикасы» деген жаңа, жас мемлекет пайда болды. 1991 жылы 16 желтоқсанда ҚазССР Жоғарғы Советі «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі» туралы Заң қабылдап, Қазақстан Республикасы өзінің егемендігін жариялады, сөйтіп тарих төрінен ойып тұрып өзінің орнын алды. Содан бері бұл күн – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні ретінде мерекеленіп, міне, биыл ол 24 жасқа толып отыр.
Тәуелсіздігіміздің 25-ші жылына аяқ басқан егемен елімізде мерекеленген мәртебелі мейрам біздің ауданда да кең көлемде тойланды. Азаттықтықтың ақ таңы елге шапағын шашып, шалқыған шаттық думан Қазақ елінің мерейін үстем етті. Бұл күні аймақта ұйымдастырылған салтанатты жиын, спорттық жарыстар, мерекелік шаралар, шығармашылық  кештер, ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі мерекенің көркін келтіріп, ажарын айшықтай түсті.
Аталмыш шара барысында аудан әкімі Мұратхан Шүкеев аудан тұрғындарын айтулы мерекелерімен құттықтады. Мереке күні орталық алаңында өткен концертте  мектеп оқушылары мен аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздары өнер көрсетіп, мерекеге үн қосты. Патриоттық әндер шырқаған Тәуелсіз елдің жастары әсем әннің толқуында би билеп, жырдан шашу шашты.
Осы күні айтулы датаға орай, ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі ұйымдастырылып, шаруашылықтар мен жеке кәсіпкерлер және бірқатар сауда орталықтары ауыл шаруашылығы өнімдерін тұрғындарға төмен бағада ұсынды. Сапасы жоғары, бағасы қалтаға қонымды тауарларға сұраныс көп болды. Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған жәрмеңкеде ерекше көңіл күй сезіледі. Тұрғындар тек сауда жасап қана жатқан жоқ, бір-бірін айтулы мерекемен құттықтап, мәре-сәре. Мұндағы азық түлік құны базар бағасынан біршама төмен.
Жәрмеңке сөресіндегі өнімнің басым бөлігі көкөніс, бақша дақылдары мен жеміс-жидек. Атап айтсақ, картоп, жуа, сәбіздің келісі 40-60 теңгенің аралығын құрады. Алма 130-150 теңгеден сатылды. Асқабақ, қырыққабат, қияр мен қызанақ бәрі сұранысқа сай болды. Бұдан басқа ұн, сүт, май, қант, жұмыртқа сынды күнделікті тұтынатын тауарлары сөреге қойылды. Мереке күні қажеттінің бәрін төмен бағада алған аудан тұрғындары риза.
Халықты негізгі әлеуметтік маңызды тауарлармен қамту және бағаны тұрақтандыру мақсатында ұйымдастырылған жәрмеңке осылайша мерекеде жұртшылыққа жақсы көңіл-күй сыйлады.
Сонымен қатар, осы шарада ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің төл мерекелеріне байланысты ауданның әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне сүбелі еңбек сіңіріп, жанын салып қызмет жасап жүрген азаматтар да мақтау мен марапаттан шет қалмады. Лайықты Алғыс хаттар мен Құрмет грамоталары өз иелерін тапты. Кәсіпте хас шеберлігімен көзге түскен, аянбай тер төккен еңбеккерлерге аудан әкімінің сыйлығы тапсырылды. Тәуелсіздік күні қарсаңындағы шаттыққа толы шаралар легі көңілді концертпен жалғасын тапты. Патриоттық әндерді жастар тамылжыта орындады. Күмбірлеп күй төгілді. Байзақтықтар салтанатты шарадан егемендігіміз ғұмырлы, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын деген ниетпен тарқасты.

Обновлено 25.12.2015 11:00
 

Халыққа жолдау

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2278
mod_vvisit_counterКеше4321
mod_vvisit_counterОсы аптада2278
mod_vvisit_counterӨткен аптада28488
mod_vvisit_counterОсы айда57223
mod_vvisit_counterӨткен айда126502
mod_vvisit_counterБәрі3700491

Серіктестер