|
Жастар Жолдауды қолдайды
Е.Әбілдаев, «Нұр Отан» ХДП-ның Байзақ аудандық филиалы «Жас Отан» жастар қанатының мүшесі.
Күні кеше ел Тәуелсіздігінің 21 жылдығына арналған салтанатты жиында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ««Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын
Қазақстан халқына арнады. Жолдауда Қазақстан 2050 жылға қарай әлемдегі аса дамыған 30 мемлекеттің санатына қосылуы туралы мақсат қойылды. «Бұл үшін елімізде барлық мүмкіндіктер: ресурстар, білімді адамдар, жұдырықтай ұлт бар» деді Қазақстан Республикасының Президенті. Қазіргі таңда жастар саясатында алға басушылық, ілгері ұмтылу, жастардың белсенділігі көп байқалады. Ұлт көшбасшысы жыл сайынғы халыққа Жолдауында жастарды назардан тыс қалдырған емес. Соның арқасында жастардың саясатқа, ел ертеңін шешер ірі жобаларға қатыстырылуы, көкейкесті мәселелерді жастарға салып, олардың ойымен санасу үрдісі күнен-күнге дамып келеді. Осындай Елбасы бастаған ел ағаларының қолдау-қолпаштауларын сезініп жүрген жастар да жұрт сенімін ақтауға барын салып жүр. Ел жастары 20 жылдан бері әлемнің ең мықты оқу орындарында өз білімдерін жетілдіріп, қоғамның, еліміз бен мемлекетіміздің дамуына өз үлестерін қосып жатуы да кейінгі буын жастарға қуат беретін, келешекке сеніммен қарауына жетелейтін фактор. Мұның барлығы жыл сайынғы жасампаз Жолдаулардың шарапаты. Мәні терең, мазмұны бөлек бұл Жолдауда ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жастардың иығына біраз жүк артты және де жастар соны алып жүретініне сенім білдірді. Бұл бағытта жастардың ертеңгі күнге деген сенімі кәміл, мақсаты айқын. Біз қоғамымыз зайырлы, мемлекетіміз өркениетті елдердің жолымен жүріп келе жатқандықтан аса дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылатынымызға сенеміз және осы бағытта атқарылар жұмыстарға өз үлесімізді қоса отырып, Елбасы Жолдауына жастар тарапынан үлкен қолдау көрсетуге дайынбыз. Жастарға жасалынып жатқан жағдайлар мен оң өзгерістер аудан жастарының ертеңге деген сенімін және білім алып, өнер үйренуге, еңбекке деген белсенділіктерін арттырады.
«Век стабильности и процветания»
С.Умиралиев, судья Байзакского районного суда.
Важным событием накануне главного государственного праздника страны стало обнародование Главой государства Нурсултаном Назарбаевым очередного Послания народу Казахстана -«Стратегии «Казахстан -2050». Провозглашённая 15 лет назад «Стратегия-2030», как отметил Лидер нации в своём выступлении, по многим позициям выполнена досрочно. Мы встречаем очередную годовщину Независимости Казахстана с хорошим настроением, оптимизмом и уверенностью в завтрашнем дне. Наша страна уверенно идёт по пути строительства молодого, независимого, демократического и социально-ориентированного государства. Мы должны понимать, что для дальнейшего укрепления мощи страны, вхождения в число конкурентоспособных наций предстоит сделать многое. Стратегия «Казахстан-2050» обозначает новые горизонты развития и укрепления казахстанской государственности. Новый политический курс развития стал ещё одним подтверждением того, что Президент Казахстана является мудрым стратегом, выдающимся государственным деятелем, который смотрит далеко вперёд. Послание содержит всесторонний анализ стремительно меняющихся глобальных вызовов современности. Обращая внимание на них, Президент подчёркивает необходимость дальнейшего укрепления казахстанской государственности, демократии и единства нации. Он акцентирует внимание на усилении полномочий и роли Парламента, модернизации национальной правовой системы, повышении авторитета судебной власти. Важным моментом является укрепление и совершенствование деятельности сотрудников правоохранительных органов. Триумфальное шествие Казахстана под руководством дальновидного и мудрого Лидера нации продолжается. Как сказал президент, ХХІ век будет для Казахстана «золотым веком» мира, стабильности и процветания. И, мы - народ Казахстана, верим в это всей душой, и приложим максимальные усилия для достижения всех целей, поставленных Президентом. Нақты істер бағдарламасы
М. Сейдалиев, ҚАЖД ЖД 158/5 мекемесінің әділет майоры.
Астана қаласында Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2030» Стратегиясын іске асырудың негізгі қорытындыларын шығарды және Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын арнады. Жолдауды тыңғылықты оқып шыққан адам 2050 жылға қарай қуатты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру болып саналатынын сезінеді. Мемлекет басшысы өз Жолдауында ХХІ ғасырдың он жаһандық сын-қатері туралы болжамдар мен тұжырымдардың біздің тіршілігімізге қатысты екендігін алдыға тарта отырып, құжатта ұлт денсаулығын сақтау, ана мен баланы қорғау, тіл мәртебесін көтеру, сұранысқа қажетті мамандар даярлау, ел татулығын сақтау, әлемдегі азық-түлік проблемасы, 2050 жылға дейін әлемдегі ең жоғары дамыған 30 мемлекет қатарына ену, тағы да басқа мәселелерді өткір қойып отыр.Шындығында да Елбасының “Қазақстан 2050” стратегиясы-қалыптастан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” атты Жолдауы ұзақ мерзімді болашаққа арналған құжат деп білемін. 1997 жылы қабылданған “Қазақстан-2030” стратегиялық даму бағдарламасындағы басым бағыттар бойынша негізгі міндеттер мерзімінен бұрын орындалды. Еліміз өзіндік даму жолына түсті, ел тұрғындарының табысы 15 жылда 16 есе өссе, ел халқы өсіп келеді. Экономикамыз өркендеп, халқымыздың әл-ауқаты жақсарып келеді. Олай болса, ел азаматтарының әлеуметтік деңгейін көтеруге жұмылдыратын жаңа міндеттерді алға қойған Жолдаудағы басым бағыттарды жүзеге асыру жолында қажырлылықпен еңбек ете берейік дегім келеді.
Ориентиры будущего
И.Спаналиева, методист отдела образования акимата района.
Накануне Дня Независимости Республики Казахстан, Лидер нации задал новый курс развития страны – «Стратегию «Казахстан-2050»: новый политический курс состоявшегося государства». Президент отметил, что благодаря работе, проведённой за последние 2-3 года большую часть программы «Казахстан-2030» казахстанцы выполнили раньше назначенного срока. За 21 год мы достигли огромных высот: принят Основной закон, сформирована новая законодательная система, мировое сообщество избрало Казахстан местом проведения Ехро-2017, наши чемпионы заявили о Казахстане на весь мир во время прохождения Олимпиады в Лондоне. Теперь перед нами другая задача – устремить наши видения до 2050 года. Для этого нам необходима подготовка кадров в науке и технологии. Главная цель Казахстана, которую поставил перед нами Лидер нации – к 2050 году войти в число 30-ти самых развитых государств мира. Нас, работников сферы образования очень радует, что Президент значительное внимание уделяет науке и обучению молодого поколения. Знания и профессиональные навыки – ключевые ориентиры современной системы образования, подготовки и переподготовки кадров. Мы видим, что наш новый политический курс нацелен на то, чтобы дать молодёжи новые возможности – лучшее образование, достойный труд и великое будущее.
|