Онлайн газет



ҚЫЗМЕТ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ-БАСТЫ МАҚСАТ

Биылғы жылы «Нұр Отанның» жұмысы бастауыш партия ұйымдары қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталуына айрықша назар аударылып отыр. Осыған орай, «2015 жыл – бастауыш партия ұйымдарының жылы» деп жарияланып, елімізде «Үздік бастауыш партия ұйымы» байқауын өткізу туралы қаулы шыққандығы белгілі.
«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалында өткен байқаудың алғашқы іріктеу кезеңінде екінші санатқа сәйкес «Газ тарату», «Жарық тарату», «Қызыл жұлдыз» бастауыш ұйымдары арасынан арнайы құрылған комиссия мүшелерінің шешімімен «Жарық тарату» бастауыш партия ұйымы облысқа жолдама алған болатын. Еліміздің бас партиясы жариялаған байқау қарсаңында «Жарық тарату»  бастауыш партия ұйымының төрайымы Байтақова Шолпан Қайратқызымен сұхбаттасудың сәті түскен болатын.

-Шолпан Қайратқызы, алдымен іріктеу кезеңіндегі алғашқы жеңіс құтты болсын!
-Рахмет. Өздеріңізге белгілі, жуырда аталмыш байқаудың іріктеу кезеңі «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалында ұйымдастырылды. «Үздік бастауыш партия ұйымы» байқауының ережесіне, партиялық жобаларды іске асыруы, ішкіпартиялық жұмыстар, жаңа әдістерді пайдалану, азаматтық бастамаларды іске асыру, бастауыш партия ұйымы қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау, жастармен жұмыс, бастауыш партия ұйымы жетекшісін бағалау әдістемесіне сәйкес жеті бағыт бойынша жұмыс жүргізіп, байқауға қатысуға ұсыным білдірген 500-ге дейінгі мүшесі бар үш бастауыш партия ұйымы арасынан жеңімпаз болып танылып, облыстық байқауға жолдама алдық.
-Осы ретте Өзіңіз жетекшілік етіп отырған бастауыш партия ұйымының жұмысына тоқталсақ?
-«Нұр Отан» партиясы Байзақ аудандық филиалының «Жарық тарату» бастауыш партия ұйымы 185 мүшеден құралған. Олардың қатарында, аудандық электр желілерін тарату мекемесі, аудандық балалар мен жасөспірімдер орталығы, Ю.Гагарин атындағы орта мектебі мен «Теремок» балабақшасының қызметкерлері бар. «Жарық тарату»  бастауыш партия ұйымының сапалық құрамына келер болсақ, 176-сы қазақ, 6 –ы орыс, 3-еуі түрік ұлтынан болса, солардың ішінде жоғары білімдісі -135,  арнаулы орта білім алғандар саны-39, орта білімділер -11 адамды құрап отыр.
Жоғарыда көрсетілген сандардан-ақ «Жарық тарату» бастауыш партия ұйымының сапалық құрамы жылдан жылға жақсарып келе жатқанын байқауға болады. Атап айтсақ, партия мүшелерінің 72 пайызы жоғары білімді. Сонымен бірге, бастауыш ұйымның негізгі құрамы білім беру саласының қызметкерлерінен тұрады. Ұйым құрылғаннан бергі кезеңде «Жарық тарату» бастауыш партия ұйымының негізгі ұйымдастыру жұмыстарын бастауыш партия ұйымының Бюро мүшелерінің ұйымдастыруымен өткенін атап өткім келеді.
-Бастауыш партия ұйымы-партияның негізгі қозғаушы күші екені белгілі. Осы тұрғыда партия бағдарламалары мен жобалары аясында атқарылған жұмыстарға тоқтала кетсеңіз?
- Дүниежүзін елеулі табыстармен мойындатқан еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, мәдени өркеңдеуіне ауданның қосқан  үлесі мен орны бар. Оның ішінде, «Жарық тарату» бастауыш партия ұйымы атқарған жұмыстары арқылы сүбелі үлес қосуда дей аламын.
Кезектен тыс ХV съезінде «Нұр Отан» партиясы ХХІ ғасырдағы миссиясын және «Қазақстан-2050» Стратегиясын тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз етудегі басты құжаты – партия Доктринасын  қабылдағаны белгілі.
Аудандық филиал тарапынан ақпараттық-насихаттық топтар құрылып, бастауыш партия ұйымы мен ұжымда партия Доктринасын талдау мен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Парламент депутаттары, облыстық және жергілікті мәслихат депутаттары аудан белсенділерімен кездесулер өткізіп, партия Доктринасындағы негізгі бағыттары бойынша талдаулар жасады. Доктринада жарияланған біздің басты жетістігіміз – Ел Тәуелсіздігі, біздің саяси идеалымыз – Елбасы делінген және партияның негізгі құндылықтары адам, бостандық, заңның үстемдігі, әділеттілік, ынтымақшылдық, болашаққа ұмтылыс болып табылатыны белгіленген. Сонымен қатар, бұл құжатта азамат және мемлекет өзара іс-қимыл қағидаттары, жалпыға ортақ табыстың факторлары және партияның тарихи жауаптылығы сынды бағыттары бекітілген. Осы Доктринада аталған құндылықтарды іске асыру мақсатында партия Орталық аппаратының он үш жобасы ұсынылып, олар бойынша  «Жарық тарату» бастауыш партия ұйымында біршама жұмыстар атқарылып, аудандық «Ауыл жаңалығы»-«Сельская новь» газетінде және «Қазақстан-Тараз» телеарнасында көрініс тапқанын айтып өткім келеді. Олар «Мықты бизнес – қуатты мемлекет», «Кедергісіз келешек», «Айқын тариф», «Біздің ауыл», «Бақытты отбасы», «Бақытты балалық», «Ардагерлерді ардақтайық!», «Партияның жаңа 50 тұлғасы», «STOP-Қылмыс», «Сәтті қадам», «Жастар – Отанға!», «Жастар кадрлық резерві» және «Сыбайлас жемқорлығы жоқ ел-өркендеуші ел» тақырыбындағы жобалар болып табылады.
Партиялық жобаларды мазмұнды іске асыру мәселесі жоғарыда келтірілген басымдықтарды көрсеткіштерге алмастыруға септігін тигізетін бірден бір фактор екендігін айта кеткен жөн. Себебі, жобалар жоғарыда келтірілген, партияның негіз кұраушы құжаттарына жүйеленіп, келесідей нақты мақсаттарға жетуді көздеп отыр. Олар: «Қазақстан - 2050» Стратегиясын іске асыруға қатысу, партияның сайлауалды тұғырнамасы мен Саяси Доктринасын жүзеге асыру және нақты әлеуметтік топтардың проблемалық мәселелерін шешу болып табылады.
-Сөз соңында алдағы жоспарларыңызбен бөлісе кетсеңіз?
-Партиямыздың «Мықты бизнес-қуатты мемлекет» жобасы аясында «Жарық тарату» бастауыш партия ұйымының мүшесі А.Жамишжановтың жеке меншіктегі «Еңлік» балабақшасынан тағы бір ұйымның тобын жасақтауды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, «Жарық тарату» бастауыш партия ұйымы үнемі ауданымызда болып жатқан қоғамдық саяси іс-шараларда белсенділік танытып, өз үлестерін қосып жүр. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, «Жарық тарату» бастауыш партия ұйымы мүшелерінің белсенділігін одан әрі арттыратын болады.
-Сұхбатыңызға рахмет. Алдағы байқауда сәттілік тілейміз.

Сұхбатты жүргізген
М.Манекеев.

Обновлено 22.10.2015 10:47
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1119
mod_vvisit_counterКеше1566
mod_vvisit_counterОсы аптада2685
mod_vvisit_counterӨткен аптада10442
mod_vvisit_counterОсы айда19094
mod_vvisit_counterӨткен айда47003
mod_vvisit_counterБәрі2855669

Серіктестер