Онлайн газет



КӘСІПКЕРЛІК КӨКЖИЕГІ КЕҢЕЙЕ ТҮСТІ

Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының Байзақ аудандық филиалы аудандағы кәсіпкерлерлік көкжиегінің дамуына кең көлемді қолдау көрсетіп келеді. Бүгінде табыстың тайқазанын қайнатқысы келген талай жан осы мекеменің табалдырығын аттауда. Ал, кәсіпкерлер палатасына қайырылған жанның меселі қайтып, тауаны шағылған кезі болған емес. Бұл жандардың қатарында ауданымыздағы  «Нұр» және  «Қанай» шаруа қожалықтарының басшылары да бар. 
«Нұр» шаруа қожалығының басшысы Нұрғали Әміров осыдан 4 жыл бұрын 10 гектар жерге алма бағын отырғызған болатын. Алайда, суармалы судың тапшылығынан алма бақ жайқалып өсе қоймады. Ал, су сорғысын орнату үшін электр желісін тарту қажет. Жалпы электр қуатының жоқтығы шаруашылықтағы талай тірлікке қолбайлау болып келді. Осы тұста кәсіпкерлер палатасының атсалысуымен шаруа қожалығына  «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы аясында 2,2 шақырымға электр желісі тартылды. Ендігі жерде алма баққа су сорғылары арқылы су жеткізіліп, жеміс ағаштарының жемісін жер күнде алыс емес. Шаруа қожалық жетекшісі Нұрғали Әміров: «10 гектар жерге егілген 3 400 дана алма ағаштарының жемісін көре алмаймыз ба деп уайымдаушы едім. Себебі, судың тапшылығынан соңғы төрт жылда жеміс ағаштарын бірде бір рет суғара алмадық. Инфрақұрылым тарту мақсатында құжат жинағанымызға да көп болды. Бірақ, осы шаруаның шешім табуы қиындап кетіп еді. Осы тұста аудандық Кәсіпкерлер палатасының араласуымен бұл мәселе оңтайлы шешімін тапты. Сондықтан да ауданымыздағы Кәсіпкерлер палатасының директоры Д.Нұралиевке, аудан әкімдігі кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Д.Наурызбаевқа айтар алғысым шексіз»,-дейді.
Іргетасы 1993 жылы қаланған  «Қанай» шаруа қожалығындағы жағдай да осыған ұқсас. Негізінен мал шаруашылығымен айналысатын қожалықта да бүгінге дейін электр қуатының жоқтығынан бар жұмыс қолмен атқарылып келген. Әлжан Қожахметов басқаратын шаруа қожалықта 120 бас асыл тұқымды мүйізді ірі қара малы мен 600 бас қой және жылқы бар.  «Қанай» шаруа қожалығы да  «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы аясында 4,8 шақырымға электр желісін тартуға қол жеткізді.  «Бұл оңай жұмыс болған жоқ. Құжат әзірлеу, оны өткізу, тиісті жауабын алу бір кәсіпкер үшін үлкен ауыртпашылық. Кәсіпкерлер палатасының қолдау-көмегінсіз бұл жұмыстарды еңсеру мүмкін емес те еді. Нәтижесінде міне, шаруа қожалығымызға электр қуаты келіп, жұмысымыз жеңілдей түсті. Бұған дейін күніне он-он бес қана сиыр мен бие сауып отырсақ, ендігі жерде арнайы құрылғылардың арқасында күніне сауылатын сиыр мен биенің санын бірнеше есеге ұлғайта аламыз. Электр қуатының келуімен басқа да кәсіп түрлерін қолға алып,  кәсібіміздің  ауқымын кеңейтсек деген ниетіміз бар»,-дейді шаруа қожалық жетекшісі Әлжан Қожахметов.

Өз тілшіміз.

Обновлено 21.10.2015 10:01
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1184
mod_vvisit_counterКеше1566
mod_vvisit_counterОсы аптада2750
mod_vvisit_counterӨткен аптада10442
mod_vvisit_counterОсы айда19159
mod_vvisit_counterӨткен айда47003
mod_vvisit_counterБәрі2855734

Серіктестер