Онлайн газет



Отан отбасынан басталады

Ж.Заурбекова,
Байзақ аудандық сотының бас маманы, сот отырысының хатшысы.

“Отан - отбасынан басталады” демекші, әр отбасының береке - бірлігі, әр сәбидің болашағы оның өмірге деген көзқарасы отбасында ата-анасынан алған тәрбиесімен қалыптасады. Әрбір сәбидің балалық шағы  ата – ананың мейірімі мен махаббатына бөленіп өтуіне не жетсін. Алайда, қазіргі қоғамда жастардың отбасын құру мәселесіне келгенде салғырттық танытып, немқұрайлылықпен қарауы қоғамда толық емес отбасылардың көбейіп, түрлі себептермен шаңырақтардың шайқалып, отбасылардың бұзылуына әкеліп соғуда.
Мәселен, бір ғана Байзақ ауданы бойынша 2015 жылдың тоғыз айының ішінде сотқа 131 неке бұзу туралы талап арыз түскен. Бұл мәлімет қазіргі таңда неке бұзудың белең алуын көрсетіп отыр. Мұндай жағдайлар сол отбасыда тәрбиеленіп отырған сәбилердің  болашағына да әсер ететіндігі шындық.
Отбасын құру-әрбір адамның өміріндегі жауапкершілік пен міндеттерге толы үлкен қадамдардың бірі. Сондықтан отбасын құрарда кез-келген адам өзіне жүктелген жауапкершілікті сезініп, келешегін ойлап, өзінің қандай ата-ана болатынын, болашақ ұрпақтарына қандай тәлім – тәрбие беретінін, өзінің қандай іс - әрекетімен үлгі өнеге болатынын таразыға сала отырып, қадам басуы тиіс деп ойлаймыз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1189
mod_vvisit_counterКеше1566
mod_vvisit_counterОсы аптада2755
mod_vvisit_counterӨткен аптада10442
mod_vvisit_counterОсы айда19164
mod_vvisit_counterӨткен айда47003
mod_vvisit_counterБәрі2855739

Серіктестер