 Осындай тақырыппен сейсенбі күні ауданымыздағы №3 Байзақ колледжінде кездесу өткерілді. Кездесуге Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ бөлімінің басшысы Ерзат Жакинов, аталмыш бөлімнің инспекторы Самғат Мутанов арнайы шақырылды. Жиын алдымен №3 Байзақ колледжінің педагог-психологы
Н.Муратованың «Деструктивтік діни ағымдардың жастарға кері әсері» атты баяндамасымен ашылды. Мұнан соң сөзге шыққан Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ бөлімінің басшысы Е. Жакинов дін, оның адам өміріндегі маңызы, қазақ халқының діни ұстанымдары мен салт-дәстүрлері жайында тереңірек түсінік берді. Ерзат Жакинов соңғы кездері ең өзет мәселе саналатын терроризм мен діни экстремизм, оның қоғамға кері әсері жайында айтып беріп, көбінесе жат ағымдарға жастар жиі келіп жататынын, одан сақтанудың жолдары турасында әңгіме етті. Колледж студенттері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Тіпті мұндай олқылықтарға орын бермеу жайы слайдттар арқылы көрсетілді. Кездесуде соңында «Дін-тәрбие діңгегі» тақырыбындағы бейнероликтер жастар назарына ұсынылды.
Өз тілшіміз. |
Обновлено 21.10.2015 09:47 |