Онлайн газет



Мерейлі мерекеге арналды

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні -біздің еліміз үшін маңызды мерекелердің бірі болып саналады. Ата Заңымыздың 20 жылдық мерекесі қарсаңында  “Нұр Отан” партиясы аудандық филиалы және аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің  мұрындық болуымен  “Бірлігіміз жарасқан” атты дөңгелек үстел өтті.

Аудан әкімдігіне  қарасты бөлім қызметкелері, ұлттық мәдени орталықтың мүшелері, ардагерлер және үкіметтік емес ұйым жетекшілері қатысқан жиынды аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Махамбетов ашты. Ол  алдымен “Конституция” сөзінің мағынасы тоқталды.  Дамыған мемлекеттердің Конституцияларының шығу тарихына шолу жасады. 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған Ата заңымыз-еліміздің басты құжаты жарқын болашағымыздың бағдары, елдігіміздің алтын арқауы екендігін  әңгімеледі. Ел тәуелсіздігін алған жылдардан бергі уақытта  Ата заң аясында   орындалып жатқан игі істерге тоқталды. Мұнан соң сөз алған  ардагерлер Н.Қашқынбаев,  М.Халбаев,  Ә.Зәуірбеков,  Қ.Сапарбаев,  Ж.Күлашов,  түрік және орыс мәдени орталықтарының жетекшісі М.Раджамов пен  Л.Горр, ұстаз Перлова Ата заң-Қазақстан азаматтарының өмір сүруге, сөз еркіндігіне, шығармашылық еркіндігіне,сонымен қатар  сонымен қатар діни ұстанымы мен еңбек, демалыс, денсаулығын қорғауына, ақысыз орта білім алуына және жеке адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмау құқығына кепіл  беретіндігін, еліміздің сан ұлт өкілдеріне жасалып жатқан қамқорлықтар, табиғат тазалығын сақтау,  салт-дәстүрлерді дәріптеу, үнемдеу, жастарға тәлімді тәрбие беру туралы айтып өтті. Заңмен жүру, заңды сыйлау -әр азаматтың борышы екендігін  қадап айтты.
Жалпы дөңгелек үстелге қатысушылар конституциялық құрылыстың негізгі тірегі ретінде халық бірлігі, қоғамдық және рухани келісім, саяси тұрақтылық қоғамымыздың ерекше құндылықтарының  негізін құрайтындығын тілге тиек етті. Ата Заңның баршаға ортақ  заңды талаптарын адал атқаруға шақырды.
Келелі жиынды   М.Махамбетов қорытты.
Сондай-ақ аудан орталығы мен ауылдық округтердегі орналасқан  кітапханаларда  “Конституция-тәуелсіздіктің негізі”  тақырыбында кітап  көрмесі ұйымдастырылып, тақырыптық экскурсия жүргізілді.

Өз тілшіміз.

Обновлено 07.09.2015 16:00
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін177
mod_vvisit_counterКеше1640
mod_vvisit_counterОсы аптада3331
mod_vvisit_counterӨткен аптада10582
mod_vvisit_counterОсы айда33471
mod_vvisit_counterӨткен айда45108
mod_vvisit_counterБәрі2824677

Серіктестер