Онлайн газет



“Конституция-тәуелсіздіктің негізі”

-атты тақырыпта аптаның жұмасында өткен дөңгелек  үстелді ”Қазақстан-Тараз”  телеарнасының Байзақ аудандық баспасөз хатшысы  Серік Жұмабеков  ашып, жүргізіп отырды.
Азаматтарымыздың құқығы мен бостандығының кепілі –ел Ата Заңының 20 жылдығына орай  ұйымдастырылған шарада аудандық әділет басқармасының бас маманы А. Тасқынбаева  “Әділ билік -алтын  таразы” атты тақырыпта баяндама жасап, қазақ тарихында Ата Заңның  алатын орны, оның қазіргі мемлекетіміздің  дамуына қосып келе жатқан үлесі, Конституцияның  тарихи мән-маңызын айтып берді.  Аудандық орталық кітапхананың директоры С. Өмірбекова болса  Ата Заң-тәуелсіздігіміз  бен тұтастығымыздың кепілі ретінде  бірлігімізді  бекемдеп, елдегі тұрақтылық  пен  татулықтың берік тұтқасы болып отырғандығын сөз етті.  Көктал ауылдық округінің “Жастар ісі жөніндегі”  нұсқаушысы Ж. Бестерекова     егемен еліміздің жол жеткен жетістіктерін саралай отырып,  тәуелсіз ел жастарының  алған асуларын  тілге тиек етті.Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы К. Бесбаев болса Ата Заң  аясында  ауданымызда атқарылып жатқан игілікті істер мен қол жеткен табыстар туралы сөз сөйледі.   
Дөңгелек үстел соңында Ата заңның 20 жылдық тарихына байланыстырылған сұрақ жауап аталымы бойынша сынға түскендер арасынан  оза шапқандар  құрметке ие болды.
*            *            *
Конституция-біздің басты құндылығымыз, халықтың басты саяси-құқықтық құжаты, мемлекеттің Негізгі Заңы. Ата Заңның 20 жылдық құрметіне орай  Бәйтерек ауылдық округінің “Жастар ісі жөніндегі» нұсқаушысының ұйытқы болуымен “Айбыны асқақ Конституция!” атты тақырып төңірегінде  жастар   өзара пікір алмасты.
Алдымен  Ата Заңның 20 жылдық құрметіне  арнайы алып алау жағылды.  Аталмыш округтің “Жастар ісі жөніндегі” нұсқаушысы  Айда Мелдеханқызы сөз алып,   Ата заңның аясында атқарылып жатқан игіліктерді әңгімелей отырып, жастардың экономикалық белсенділігін арттыру бағытында “Жұмыспен қамту-2020”, “Дипломмен ауылға”, “Жастар  тәжірибесі”, “Жасыл ел” бағдарламалардың  маңызын  әңгімеледі. Бұдан соң сөз алған  Бәйтерек ауылдық  округі әкімшілігінің жас мамандары, ауылдық округтердегі  “Жастар ісі жөніндегі” нұсқаушылар, ішкі істер органының қызметкерлері және  еңбек ардагерлері   тәуелсіздіктің 24 жылында еліміздің алған асуларын Елбасының ерен еңбегімен байланыстырды.
Емін-еркін пікір алмасқандар арасынан тың ойларымен,  құнды пікірлерімен көзге түскен  округ  мамандары  А.Кеңесбек,  А.Айтенов,  “Жастар ісі жөніндегі” нұсқаушылар К.Утелбаев,  Д.Абишев және Ж.Бестерековалар марапатқа ие болды.
Ата Заңның айбарын асыратын шаралар өткен аптада медицина қызметкерлері арасында “ Ата Заң- ел тірегі” кездесуінен бастау алған болатын. Осы аптаның басында “Дихан ауылдық клубында “Ата Заң-алтын діңгегіміз” тақырыбында дөңгелек үстел,  “Конституцияға 20 жыл-тарихи қадам” атты айдармен  Қызыл жұлдыз ауылдық округінде орналасқан “Rolа-7” ЖШС-і  ұжымымен  жүздесу өткерілді. Онда”Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы...”, деп басталатын басты құжаттың     тәуелсіз еліміз бен қоғамда алатын орны, мәртебесі   айтылды.

Өз тілшіміз.

Обновлено 28.08.2015 11:06
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін116
mod_vvisit_counterКеше1640
mod_vvisit_counterОсы аптада3270
mod_vvisit_counterӨткен аптада10582
mod_vvisit_counterОсы айда33410
mod_vvisit_counterӨткен айда45108
mod_vvisit_counterБәрі2824616

Серіктестер