Онлайн газет



МЕЖЕЛІ ІСТЕ МІНДЕТ ЗОР

М.Манекеев.
«Ауыл жаңалығы».

Өткен сенбіде әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты халыққа Жолдауы мен бес институтционалдық реформа «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында «Жаңа білім бағдарламалары, инновациялар және құзіреттілік тәсілдеме-табысты мектепке қадамдар» тақырыбында аудандық  білім қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесі болып өтті.
Аталмыш кеңеске аудан әкімі М.Шүкеев, аудан әкімінің орынбасарлары, ауданның соғыс және еңбек ардагерлері, облыстық білім басқармасының оқыту әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Ш.Өсерова, ауылдық округтердің әкімдері, мектеп директорлары мен ұстаздар қауымы, мекеме, ұйым басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Алдымен кеңес қатысушылары пленарлық мәжілістің көрме жұмыстарымен танысып, мәдениет үйі көркемөнерпаздарының дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалады.
Пленарлық мәжілісте мінберге көтерілген аудан басшысы Мұратхан Жүнісәліұлы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «5 реформа және 100 қадам» деп аталына бастаған Ұлт жоспарында білім беру жүйесіне де ерекше мән бергендігін алға тарта отырып, үстіміздегі жылғы білім саласына қатысты атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталды. Түймекент ауылындағы жаңа мектеп құрылысы мен Мәдімар елдімекеніндегі қолданысқа берілгелі отырған балабақша, білім ордаларының қысқы жылыту маусымына дайындығы, оқушыларды оқулықтармен қамту, олардың өмір қауіпсіздіктері, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз ету, жекеменшік балабақша мәселесі, ыстық тамақпен қамту, республикалық «Мектепке жол» акциясының барысы, оқушылар тасымалы, ҰБТ нәтижелері, қосымша білім беру, жазғы сауықтыру лагерін ұйымдастыру, оқушыларға құқықтық тәрбие беру, құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың өмірлік дағдыларын қалыптастыру,  салауатты өмір салтын насихаттау және кадр мәселелеріне жеке-жеке тоқталып өтті. Осы тұрғыда аудан мектептерінен жұмыспен қамту орталығына 13 орынға сұраныс беріліп, есесіне мектеп басшыларының 47 орынға азаматтарды жұмысқа қабылдағанын қынжыла жеткізді. Осындай келеңсіздіктер үшін тиісті мектеп директорларына ескерту жасады.
«Білікті мұғалім – мектеп білімінен, сапалы оқушыдан басталады»-деп сөзін түйіндеген Мұратхан Жүнісәліұлы кеңес қатысушыларын Қазақстан Республикасы Конституциясы және де басталғалы тұрған жаңа оқу жылымен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
Бұдан соң аудан әкімдігі білім бөлімінің басшысы З.Дүзенова «Жаңа білім бағдарламалары, инновациялар және құзіреттілік тәсілдеме-табысты мектепке қадамдар» тақырыбында баяндама жасады.
Баяндамашы жыл сайын өтетін білім қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесінің басталуымен құттықтай отырып, аудандық білім бөлімінде атқарылған жұмыстар мен алдыға қойған бағдарлар турасында сөз қозғады.
-Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың білім саласын дамытуға деген ерекше қамқорлығының арқасында білім беру жүйесіндегі маңызды мәселелер дер кезінде шешімін табуда-деп сөзін бастаған З.Дүзенова білім саласына бөлінетін қаржы көлемі соңғы үш жыл ішінде 1,2 есе артып, қазіргі таңда 5,2 млрд. теңгеге жетіп отырғанына тоқталды.
Білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жарақтандыру, ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту, мектепке дейінгі мекемелер желісін ұлғайту, балабақшаларға инклюзивті білім беруге жағдай жасау, білім беру жүйесінің мазмұнын жаңарту, педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру, әдістемелік кабинет тарапынан білім сапасын арттыру мақсатында атқарылған істерге слайд арқылы шолу жасады.
Сондай-ақ кешенді жұмыстар нәтижесінде жеткен жетістіктер, ОЖСБ (оқу жетістіктерін сырттай бағалау), ҰБТ (Ұлттық бірыңғай тестілеу) көрсеткіштеріне жекелей талдау жасап,  білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу қағидаларын бекіту мақсатында ашылған сынақ алаңдарының жұмысы туралы кеңінен баяндады.
Сөз соңында жаңа оқу жылының алғашқы күні «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбымен басталатынын және сол күні бірінші сынып оқушыларына Елбасымыздың атынан кітап сыйға тартылатынын жеткізген Зәуре Исақызы 2015-2016 оқу жылында кеңес қатысушыларына құрметті де қасиетті, ізгі қызмет – ұстаздық еңбектеріне табыс тілеп, келе жатқан ел мерекесі Конституция күнімен құттықтады.
Баяндамадан соң Ғ.Мұратбаев мектеп-гимназиясының директоры К.Жаманова «Бөлінген көшбасшылық арқылы басқару принциптерін ендіру арқылы педагогикалық менеджментті жетілдіру»,  «Балауса» балабақшасының меңгерушісі Ә.Үкібаева «Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын ендіру жайында балаларды ерте дамытудың тұжырымдамалық әдістері, тәсілдері мен формалары», Байзақ аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің меңгерушісі А.Қонақбаева «Сөйлеу, есту және зерде бұзылыстары бар балаларды дамыта оқытуды ұйымдастыру және оның мазмұны» тақырыптарында жарыссөзге шығып,  ой, пікір-ұсыныстарын ортаға сала отырып, өскелең ұрпаққа сапалы білім саналы тәрбие беру тұрғысында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Алқалы  жиында  жаңа оқу жылы алдындағы күрмеленген мәселелер талқыланып, алдағы оқу жылындағы негізгі міндеттер айқындалды, талқыланған мәселелер бойынша шешім қабылданды.
Тамыз кеңесінде өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен сапалы білім беруде ұзақ жылғы сіңірген еңбектері үшін «Кеңес» орта мектебінің директоры К.Бибосынов пен білім бөлімінің әдіскері А.Қалиеваға түрлі-түсті теледидарды аудан әкімі М.Шүкеев табыс етті. Сонымен қатар, білім беру саласындағы жемісті  еңбегі мен бала тәрбиесіндегі ерен еңбегі үшін бір топ білім беру ісінің үздік қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ғылым мен білім министрлігінің, облыстық білім басқармасы және кәсіподақ ұйымының бірлескен Алғыс хаты, аудан әкімінің Құрмет грамотасы, Алғыс  хаттары, аудандық мәслихаттың Құрмет грамотасы, аудан әкімдігі білім бөлімінің Грамоталарымен қоса бағалы сыйлықтар салтанатты жағдайда табыс етілді.

Обновлено 28.08.2015 11:05
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін133
mod_vvisit_counterКеше1640
mod_vvisit_counterОсы аптада3287
mod_vvisit_counterӨткен аптада10582
mod_vvisit_counterОсы айда33427
mod_vvisit_counterӨткен айда45108
mod_vvisit_counterБәрі2824633

Серіктестер