Онлайн газет



«БАЛАПАН» - балалықтың бағдарламасы

Балабақшаның ел болашағы мақсатындағы маңыздылығы айқын. Әсіресе, қазіргідей күн сайын қарыштап дамыған қоғамда бүлдіршін шақтан заман ағымына ілесе алатындай қабілетті жеке тұлға болып қалыптасуға бөбектердің балабақшада бейімделетіні анық. Жақсы өмір сүруге талпыныс, ортаға икемділік, салауатты өмір салтына дағдылану, міне, мұның барлығын бала мектепке дейінгі білім ұйымдарының қабырғасында жүріп үйренуі тиіс.
Біздің ауданда да балабақша мәселе күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қатарында. Дегенмен, жыл санап мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар баршылық. Жуырда Ынтымақ ауылдық округінде жаңа «Балдәурен» балабақшасы пайдалануға берілмек. Облыс әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысы бойынша, жалпы сомасы 107 млн. теңгеге бұрыңғы шаруашылық басқармасының әкімшілік ғимаратын қайта жабдықтау арқылы балабақшаға беру жұмыстары жүргізілуде. Бас жобалаушы «Табыс-Жоба» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жобасымен қазіргі таңда Мұрат Дәуешов басшылық ететін «ТаразБиБасар-2005» ЖШС-і қайта құрылымдау жұмыстарын атқарып жатыр. Жұмыс барысымен танысу мақсатында құрылыс нысанына барған бізді құрылыс прорабы Мұхит Әбдрешов қарсы алып, атқарылып жатқан жұмыс барысымен таныстырды. Бүгінде мұнда құрылыстың соңғы жұмыстары атқарылып жатыр екен. Ғимарат ішіне балабақшаға қажетті соңғы үлгідегі құрал-жабдықтар орналастырылып, әрлеу, сәндеу, сыртқы тазалық, айналаны көгеріштендіру жұмыстары жүріп жатыр. Екі қабатты әсем ғимарат ішін аралап көрдік. Едені ағаштан төселген, барлық қауіпсіздік шаралары қарастырылған. Бүлдіршіндердің ойын залы, жатын бөлмелері, асханасы, әжетхана, балабақша қызметкерлерінің бөлмелері талапқа сай жасалған. Жылу жүйесі Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің жылу қазандығына қосылған. Ғимарат алдында балаларға арнап екі бастырма салынған. Екі қабатты (бұған дейін әкімшілік ғимараты болған нысан) ендігі жерде 50 орындық балабақшаға айналмақ. Мұнда елуге тарта азамат жұмысқа тартылса, оның жиырмаға жуығы жергілікті тұрғындар. Орташа жалақы жетпіс мың теңге шамасында.
Үстіміздегі жылдың сәуір айында басталған құрылыс жұмыстары қазан айында аяқталуы керек. Алайда, жақын арада жұмысты толық аяқтап, пайдалануға береміз деп отыр М.Әбдрешов бізбен болған әңгімесінде.
Олай болса, «Балдәурен» балабақшасында бүлдіршіндердің шат-шадыман күлкісін еститін күн де алыс емес. Ылайым солай болсын деп тілейік.

Өз тілшіміз.

Обновлено 28.08.2015 10:24
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін124
mod_vvisit_counterКеше1640
mod_vvisit_counterОсы аптада3278
mod_vvisit_counterӨткен аптада10582
mod_vvisit_counterОсы айда33418
mod_vvisit_counterӨткен айда45108
mod_vvisit_counterБәрі2824624

Серіктестер