Онлайн газет



Қиыншылыққа төтеп береміз

М.Тұрмағанбетова,
«Жамбыл құс» ЖШС-ның директоры.

Дағдарыс қашанда еңбек нарығына өз түзетуін енгізеді. Ендеше, алдағы уақытта еңбек нарығы жаңа жағдайларға бейімделмек. Бұл қиындықты еңсеруге кәсіпкерлеріміз бар күш-жігерлерін жұмсайтындықтарын білдіріп, елжандылық танытуда. Мұны барлығымыз қолдап, Ұлт Көшбасшысына сенім артуымыз керек. Кешенді негізде жүргізілетін іс-шара дағдарысты еңсеруге, бәсекелестікті жандандырып, экономика өсімін әрі қарай қамтамасыз етуге оң әсерін тигізбек.
Бұл Тәуелсіз Қазақстанның бетпе-бет келіп отырған алғашқы дағдарысы емес. Осыған дейін әлемді жайлаған үш экономикалық дағдарыс кезінде Елбасының алдын ала болжап, уақтылы шаралар қабылдаудың арқасында қиындықты еңсердік. Шикізат бағасының шарықтап тұрған шағында қалыптастырылған Ұлттық қордың қаржысы ең қажетті салаға жұмсалды.
Биыл да Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген саясатының нәтижесінде дағдарыстың алдын алу мақсатында «Нұрлы жол» бағдарламасы қабылданып, ел экономикасының барлық салаларын дамытуға қадамдар жасалынуда. Алайда, әлемде қалыптасқан күрделі жағдай ұлттық валюта-теңгемізді қалыпты ұстап тұрудың еліміз үшін тиімді болмайтынын дәлелдеп берді. Сондықтан, Үкімет пен Ұлттық банк теңгені еркін айналымға жіберу туралы шешім қабылдады. Өз кезегінде кәсіпорын басшылары жұмысшыларды қысқартпауға, әлеуметтік міндеттемелерді орындауға белді бекем буып отыр. Ауыр ахуалды еңсеруге индустриялық-инновациялық бағдарламаларды жүйелі түрде іске асыру, өңдеуші кәсіпорындар жұмысын жандандыру негіз болмақ.Бүгінгі таңда біздің «Жамбыл құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өңірді құс етімен және жұмыртқамен қамтамасыз ету бағытында бірқатар межелі жұмыстар атқарып, бірнеше жобаларды қолға алуда. Фабрикада 120 000 құс бар. Күніне 95 000 жұмыртқа өндіреміз. Өнімділік өткен жылмен салыстырғанда, 19,6 пайыз жоғары. Басты мақсат-өндіріс көлемін сақтап қалу. Себебі, жұмыртқаның бағасы былтырғы кезеңмен салыстырғанда 3 есе төмендеп кетті. Бірақ, есесіне шілденің бірінен бастап,Үкімет тарапынан берілетін субсидия 50 пайызға көтерілді. Біз осы уақытқа дейін жұмыртқаны өзіндік құнынан төмен бағаға саудалап келдік. Мәселен, жұмыртқаның өзіндік құны 13 теңге болса, біз 5 теңгеге саттық. Егер тұтынушылар бізден делдалсыз сатып алатын болса, онда едәуір төмен бағаға алатын еді. Бірақ, ортадағы алыпсатарлар өніміміздің үстіне үстеме қосып, бүгінгі таңда 20 теңгеге дейін жеткізіп отыр.
Қазір біздің өнімімізге сұраныс арта бастады. Тұтынушыларымыз Қырғызстанда да бар. Фабрикамызда 42 адам жұмыс жасайды. Жұмысшылар қысқартылмайды. Дағдарысқа қарамастан, жуырда 60 мың балапан алып, соған орай, тағы да жұмыс орнын ашуды жоспарлап отырмыз. Облысымыздағы жұмыртқа өндіруші жалғыз фабрика болғандықтан, өңірдің 40 пайызға жуығын өз өнімізбен қамтамасыз етіп отырмыз. Біздің ең басты мақсатымыз-бәсекеге қабілетті болу.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін192
mod_vvisit_counterКеше1640
mod_vvisit_counterОсы аптада3346
mod_vvisit_counterӨткен аптада10582
mod_vvisit_counterОсы айда33486
mod_vvisit_counterӨткен айда45108
mod_vvisit_counterБәрі2824692

Серіктестер