Онлайн газет



СПОРТ КҮНІ МЕРЕКЕЛЕНДІ

М.Шалғынбай,
“Ауыл жаңалығы”.

Тамыз айының он бесінші жұлдызы барша Қазақстан халқы үшін спорт күні мерекесі екені белгілі. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мен бұқаралық спортты дамытуды көздеген бұл шара біздің өңірде де кеңінен аталып өтілді.
Сарыкемер ауылындағы «Астананың 10 жылдығы» атындағы дендросаябақта  аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткен игі шараға аудан әкімінің орынбасары Ә.Қилыбаев, аудандық мәслихат аппаратының жетекшісі И.Салимбаев, спорт саласының қызметкерлері мен ардагерлері, спортсүйер қауым қатысты. Аудандық балалар мен жасөспірімдер орталығының өнерпаз жастары оның ашылу салтанатына арнап мерекелік концерттерін тарту етті.
- Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында 2020 жылға дейін мемлекет халқының отыз пайызын бұқаралық спортқа тарту туралы айтылғаны белгілі.
Спорт – елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала. Сондықтан бүгінгі мағыналы шараның басты мақсаты халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау, сол арқылы спорттың бұқаралық сипатын дамыту болып табылады, - деп мереке қатысушыларына өз құттықтауын арнаған аудан әкімінің орынбасары Әзімхан Қилыбайұлы дене шынықтыру мен спортта табысты еңбек етіп жүрген сала ардагерлері мен қызметкерлерін аудан әкімінің Грамоталары және Алғыс хаттарымен марапаттады. Атап айтқанда, №1 БЖСМ бокс бөлімінің жаттықтырушысы Б.Жарымбеков пен №2 БЖСМ қол күресі бөлімінің жаттықтырушысы І.Жансақалов аудан әкімінің Грамотасымен, ал №2 БЖСМ бокс бөлімінің жаттықтырушысы А.Тайсенгіров, Королевка орта мектебінің дене шынықтыру  пәні мұғалімі М.Түктеев, №1 БЖСМ үстел теннисі бөлімінің жаттықтырушысы А.Айтбеков, «Зағиптар» қоғамының төрағасы Е.Мукамбетовтер аудан әкімінің Алғыс хатымен, сондай-ақ бірқатар спорт саласының қызметкерлері аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
Концерттік бағдарламадан соң іс-шара спорт жарыстарына жалғасты. Жарысқа қатысушылар спорттың алты түрі: асық ату, эстафета, үстел теннисі, арқан тарту, дойбы, бестас бойынша сынға түсті. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында дойбыдан ойындар өткізілді. Спортшылар жақсы ойын өрнегін көрсетті. Жанкүйерлер де, өз спортшыларын қол шапалақтау арқылы қолдап отырды. С.Жүнісбековтің бас төрелігімен өткен жарыс қорытындысында сегіз команда арасынан топ жарған Бурыл аймағы бірінші орын тұғырынан көрінсе, №2 БЖСМ мен Сарыкемер аймағының командалары жүлделі екінші және үшінші орындарды бөлісті.

Обновлено 20.08.2015 17:51
 

Халыққа жолдау

 

 

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін6185
mod_vvisit_counterКеше9433
mod_vvisit_counterОсы аптада21707
mod_vvisit_counterӨткен аптада23896
mod_vvisit_counterОсы айда36214
mod_vvisit_counterӨткен айда106969
mod_vvisit_counterБәрі4398372

Серіктестер