|
Әлемнің ерекше қалалары
Төрткүл әлемде небір зәулім де сән-салтанаты келіскен қалалар аз емес. Десекте Суданның астанасы Хартум қаласының жылдық орташа ауа температурасы 49 градус болғандықтан “ әлем ошағы” деген атқа ие болған бірде-бір шаһар. Ал Ресейдің Якутск қаласында қыс күндері ауа температуарасы
60 градус суық болғандықтан, болат шыбықтар оңай сынып кетеді екен. АҚШ-тың Вашингтон қаласында жыл бойы жауған қардың мөлшері 870 миллиметр болып, дүниежүзі бойынша қардың ең көп жауатын қаласы есептеледі. Үндістанның Ассам штатындағы Черрапунджи қаласының жылдық жауын-шашын мөлшері 870 миллиметр болып, әлемдегі ең көп жауын жауатын қалаға айналған. Ең қызығы Индонезияның Бейтензорг қаласы аспанында жылына 322 күн найзағай ойнап, күн күркірейді екен.
Грекия аралын сатып алған актер
Қалтасы қалыңдар бүгінде Айдан жер сатып алуды қолға алып жатқандар аз емес. Ал америкалық актер Джонни Депп Грекиядан 4,2 миллион еуроға шағын арал сатып алыпты. Өкінішке орай, актердің сатып алған аралында адам баласы тұрмайтын көрінеді. Оның жер көлемі 0,2 шаршы шақырым, Эгей теңізінде орналасқан. Атауы-Строджило ( грек тілінен аударылғанда “Дөңгелек” деген мағынаны білдіреді екен). Австралияда “Кариб теңізінің қарашылары” атты фильмнің кезекті бөліміне түсіп жатқан актер Д. Депп Грецияға келіп, өзінің аралымен ресми түрде танысып қайтыпты.
Әлемдегі ең үлкен қолшатыр
Қытайдың Наньчан қаласындағы компания алып қолшатыр жасап, Гиннестің рекордтар кітабына енді. Қолшатырдың диаметрі шамамен -23 метр, биіктігі-14,4 метрді құрайды. Оны рекордтар кітабына Гиннестің Синцзы уезіндегі өкілдері тіркеді. Алып қолшатырдың салмағы-5,7 тонна, ал шатырының аумағы 418 шаршы метр. Айта кету керек, бұған дейінгі рекорд Үндістанда 2010 жылы жасалған қолшатырға тиесілі болатын. Биіктігі 10,97 метр болатын аксессуардың салмағы 2,2 тоннаны құраған болатын. Сіз білесіз бе?
Германиялық ғалымдардың дәлелдеуінше, күнге күйдірініп, ұзақ демалып жату адамның ақылын азайтатын көрінеді. Ерланген және Нюрнберг университетінің маманы Зигфрид Лехрлдің сөзіне қарағанда, 14 күн толық осындай демалыста болу, сол адамның ақыл- қабілетін 20 пайызға дейін төмендетіп жібереді екен. Әрине, бір жылдық ауыр еңбектен кейін азаматтардың мықтап тынығуына ғалым қарсы емес. Алайда Лехрл мырза жағажайға демалуға барғандардың күнге күйіп қалмауына кеңес беруде. “Берлинер куриер” газетіндегі осы мақаласында ол жағажайда жатқан адамның нард ойнап не болмаса, кітап оқуына кеңес береді.
Бір ағашта бірнеше жеміс өседі
Америкалық суретші әрі профессор Сэм Ван Акен бір ағашта 40 түрлі жеміс өсіруге болатын әдіс ойлап тапты. Басқа жыл мезгілдерінде ағаштың ешқандай кереметтігі көрінбесе де, көктем келе ағаштың жан-жағынан неше түрлі жеміс өсе бастайды. Профессор қыс басталмай тұрып, бір ағашқа басқа жемістердің бұтақтарын жалғайды да олардың бітісіп кетуін күтеді. Бұдан басқа ағаш өрік, шабдалы, абрикос, шие, алма секілді қырық түрлі жемістің бұтақтарын қабылдай алады. Өзінің бұл әдісін профессор 2008 жылы алғаш рет жасапты. Жалпы қырық түрлі жеміс өсетін бір ағашты баптап шығу үшін орта есеппен 5 жыл уақыт керек. Қазіргі таңда бұл жердің көркін 16 ағаш музей мен қоғамдық орындарды ашып тұрған екен. Әртүрлі басылымдардан алынды. |