Онлайн газет



Заңды білмеу, жауапкершіліктен босатпайды

С.Қалмұратов,
«Ауыл жаңалығы».

Сыбайлас жемқорлық кез келген мемлекеттің, қоғамның дамуына, өсіп-өркендеуіне өзінің кері әсерін тигізетін көкейкесті әлеуметтік мәселелердің бірі. Бұл біздің елімізде ғана емес, бүкіл әлемдік деңгейде көрініс тауып отырған дерт. Сондықтанда бұл өзекті  де түйінді мәселені жеңу үшін бүкіл қоғам болып күрескенде ғана оң нәтижелерге қол жеткізуге болатындығы туралы аз айтылып жүрген жоқ. Онымен күресуге бағытталған республикалық, өңірлік, ауыл-аймақтық деңгейлерде түрлі іс-шаралар жасалынып, жүзеге асырылуда.
Апта ортасында аудан әкімдігінің мәжілістер  залында осындай маңызды шара болып өтті. Нақтылай кетсек, ауданның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасының үстіміздегі жылдың ІІ тоқсанында орындалу барысы туралы аудандық жемқорлыққа қарсы күрес ведомствоаралық комиссиясының кезекті мәжілісі болып өтті.
Мәжіліс жұмысын жүргізіп отырған аталмыш комиссия төрғасы,  аудан әкімі М.Шүкеевтің кіріспе сөзінен соң, оның  жұмыс тәртібі мен регламентін бекіткен жиын қатысушылары күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Ақбаевтың баяндамасын тыңдады.
Сөз басын қоғам дертіне айналған сыбайлас жемқорлықпен күреске жалпы халықтық сипат беру стратегиясын қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстар қатарында – аудан әкімдігі, оның бөлімдері, ауылдық округ әкімдері сенім телефондарының жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде жариялануы, арыз-өтініштерге арналған жәшіктердің орнатылуы сынды шаралардан бастаған баяндамашының мәліметінше жыл басынан бүгінгі таңға дейінгі аралықта аудан әкімі аппаратына жеке тұлғалардан 306 жазбаша өтініш түсіп, оның 12-сі қанағаттанды-рылса, 53-іне түсінік берілген, 4-і жоғары тұрған тиісті органдарға жіберілген, ал қалған 232-сі төменгі тұрған органдардың қарауына жолданған, сондай-ақ 2 арыз заң талаптарына сәйкес қараусыз тоқтатылса және 2-еуі бойынша қараудан бас тартылған.
Сонымен қатар, заңды тұлғалардан жалпы саны 186 жазбаша өтініш-арыз түсіп, оның 3-еуі қанағаттандырылған, 30-на түсінік берілсе, 153-і төменгі тұрған органдардың қарауына жолданған екен.
Одан әрі қарай баяндамашы халықтың құқықтық ақпаратқа барынша қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ашылған аудан әкімінің ресми веб-сайты, халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша пікірлерін білу үшін ашылған блогтың үнемі қажетті мәліметтерімен толықтырылып отырылуы, аудан орталығында, ауылдық елдімекендерде тақырыпқа сай көрнекі ақпарат құралдарының (билборд,  көрме, банер т.б.) ілінуі, жемқорлықпен күрес процессіне кеңінен қатыстыру мақсатында қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдармен жүргізілген жұмыстар, өткізілген семинар-кеңестер, дөңгелек үстелдер, құқықтық білім беру шаралары  туралы әңгіме өрбіте келе, үстіміздегі жылдың 5 айында жоғарыда аталып өткен профилактикалық тұрғыдағы іс-шаралардың нәтижесінде сыбайлас жемқорлық көрінісі бар құқықбұзушылық әрекеттердің  орын алмағандығын жеткізіп, сөзін аяқтады.
Аталмыш комиссия төрағасы және мүшелері тарапынан баяндамашыға тиісті сұрақтар қойылып, жауаптар алынған соң, қызу талқылауға түскен мәселе бойынша аудан әкімдігі білім бөлімінің басшысы З.Дүзенова, Көктал, Бурыл ауылдық округтерінің әкімдері Б.Үкібаев, Е.Әліқұловтар өз салаларында, ауыл-аймақтарында бұл бағытта атқарып отырған жұмыстары туралы есеп берді.
Мәжіліс жұмысын қорытқан комиссия және мәжіліс төрағасы Мұратхан Жүнісәліұлы: “Халыққа қызмет көрсетіп жүрген әрбіріміз өздерімізге жүктелген міндеттерді дұрыс, ұқыпты және үлкен жауапкершілікпен атқарып, қоғам дертіне айналған сыбайлас жемқорлыққа бүкіл ел болып атсалыссақ еткен еңбегіміз нәтижелі болады” деді.

Обновлено 23.06.2015 09:45
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін731
mod_vvisit_counterКеше993
mod_vvisit_counterОсы аптада731
mod_vvisit_counterӨткен аптада12806
mod_vvisit_counterОсы айда28613
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2280282

Серіктестер