Онлайн газет



Ақ халатты абзал жандар ардақталды

А.Шотбасова,
«Ауыл жаңалығы».

Маусым айының үшінші жексенбісі  -медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Адам жанының арашасысы атанған осынау сала мамандарына құрмет еліміздің жер-жерлерінде көрсетілуде. Мерейлі мереке Байзақ жерінде де өз сән-салтанатымен аталып өтілді.
Қасиетті жұма күні аудандық орталық аурухана ғимаратында осынау мейрамға байланысты іс-шара өткерілді. Келелі басқосуда сөз алған аудан әкімінің орынбасары С.Кенжебаев ақ халатты абзал жандарды төл мерекелерімен құттықтап, олардың жауапты жұмыстарына табыстар тіледі.
Мерекелік шарада денсаулық саласының мамандарына өздерінің игі тілектерін аудандық мәслихат аппаратының басшысы И.Сәлімбаев, «Нұр Отан» партиясы Байзақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Тлепов та айтып жеткізді.
Мұнан соң марапаттау рәсіміне кезек беріліп, бір топ сала озаттары аудан әкімі М.Шүкеевтің  арнайы мадақтауына ие болды. Құрметке бөленгендер арасында орталық аурухананың акушер-гинеколог дәрігері Г.Алипбаева, сараптама орталығының бактериология зертханасының лаборант паразитологы Н.Туктеева, осы орталықтың санитариялық-гигиеналық зертханасының дәрігер-лаборанты Б.Ибраева,  емхана бөлімінің терапевт дәрігері Ж.Алеханова және аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының санитариялық-гигиеналық қадағалау және техникалық регламенттердің сақталуын бақылау бөлімінің жетекші маманы Д.Егембердиевалар бар.
Ал, аудандық мәслихат хатшысы Н.Үкібаевтың қолы қойылған  Құрмет грамоталары Кеңес дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері Ғ.Абдреймов, орталық аудандық аурухананың хирург –дәрігері А.Сыздықов,  Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Жамбыл облыстық санитарлық –эпидемиологиялық сараптама орталығы Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Байзақ ауданы бойынша филиалының зертхана лаборанты В.Ордабаева, осы мекеменің дәрігер-бактериологі Ж.Сағындықова, Байзақ аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының жетекші маманы С.Әбдірәсіловтерге табысталды.
«Нұр Отан» партиясы Байзақ аудандық филиалының Алғыс хатын К.Абдраимова, Ж.Нарегеева алды.
Бұдан бөлек мерекелік шарада  азаматтардың денсаулығын сақтау ісіне қосқан жеке үлесі және мінсіз адал еңбегі үшін ота бөлімінің меңгерушісі Ғ.Тлепалдиев ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігінің Алғыс хатын, жан сақтау бөлімінің меңгерушісі М.Мәдімаров Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Құрмет Грамотасын  иемденді.
Бұл күні сонымен қатар, «Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалы тарапынан бірқанша ақ халаттыларға құрмет көрсетілді. Ауылдық округтердегі емдеу мекемелері қызметкерлерінің  де еңбектері ерекше бағаланып, оларға аудандық орталық аурухананың кәсіподақ комитетінен бағалы сыйлықтар берілді.

Обновлено 23.06.2015 09:42
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін758
mod_vvisit_counterКеше993
mod_vvisit_counterОсы аптада758
mod_vvisit_counterӨткен аптада12806
mod_vvisit_counterОсы айда28640
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2280309

Серіктестер