Онлайн газет



ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС-ҚОҒАМДЫ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕСІ

Р.Сарсенов,
«Нұр Отан» партиясы Байзақ аудандық филиалы жанындағы «Жемқорлыққа қарсы әрекет» жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы.

Қоғамдағы жаңғыртудың ең маңызды мәселелердің бірі-сыбайлас жемқорлықпен кесімді күрес екені белгілі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Қылмыспен, сыбайлас жемқорлықпен, алаяқтықпен, заңдардың бұзылуымен табанды да қатал күрес жүргізу керек. Осы қиын кезде біздің азаматтардың, бүкіл қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бәрін де істеу керек» деп атап өткен болатын.
Осы ретте елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті қозғайтын көптеген нормативтік-қүқықтық актілер қабылданды. Ал, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қатысты Қазақстан Республикасының Заңы құқық бұзушылықтың негізгі ұғымдарын, субъектілері мен түрлерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің қағидаттарын, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі шараларды айқындайды. «Нұр Отан» партиясы Байзақ аудандық филиалы жанындағы «Жемқорлыққа қарсы әрекет» жөніндегі қоғамдық кеңесінің мақсаты  және   негізгі   міндеті   де   осы   бағытты   көздейді.
Осы ретте «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы жанындағы «Жемқорлыққа қарсы әрекет» жөніндегі қоғамдық кеңес тарапынан көптеген ауқымды жұмыстар атқарылды.
2012  жыл   мен  2015  жылдың   мамыр  айлары   аралығында   партия   аудандық    филиалы  жанындағы  «Жемқорлыққа  қарсы  әрекет»  жөніндегі қоғамдық  кеңестің   жоспарына   сәйкес,   партия   аудандық  мәслихаттағы  депутаттық    фракциясының   мүшелерімен,   атқарушы   органдар,  құқық  қорғау  органдары, қоғамдық  бірлестіктер, үкіметтік  емес  ұйымдармен,  орта  шағын   кәсіпкерлік   субектілері   және   БАҚ-пен  тығыз   байланыста   жұмыстар  атқарылды.
Қоғамдық   кеңес  жоспарына   сәйкес,   2012-2014  жыл   аралығында   аудандық    төтенше   жағдайлар   бөлімі,  Байзақ ауданы бойынша кірістер   басқармасы,  аудандық  халыққа   қызмет   көрсету   орталығы,   аудандық   орталық аурухана,  аудандық   ішкі   істер  бөлімі,  оның   ішінде,   көбіне  қоғамдық   тыңдауға   келетін  азаматтардың   арыз-шағымдары   көші-қон  полициясы,   аудандық   прокуратура,  аудан  әкімдігінің  жұмыспен  қамту  және  әлеуметтік   бағдарламалар   бөлімі,  «Жұмыспен  қамту  орталығы»,  аудандық   зейнетақы   төлеу   мемлекеттік   орталығы  (ЗТМО),   аудан әкімдігінің   білім  бөлімі   және   аудандық   жылжымайтын  мүлік  орталығы қызметкерлерімен  дөңгелек   үстел  отырыстары   ұйымдастырылды.
«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының мүшелерімен  «Жастар  жемқорлыққа  қарсы»  тақырыбында ауыл  жастары  арасында семинар-тренинг,  «Жемқорлықпен  күрес  баршаның  міндеті» атты семинар-кеңес, «Жемқорлықтың   апарар  жолы...» және т.б.   көптеген  шаралар  ұйымдастырылса, жыл   сайынғы   «Жолда  қабылдау»   республикалық    акциясы  тұрақты өткізілуде. Сондай-ақ   аудандық   «Жемқорлыққа   қарсы   әрекет  жөніндегі»   қоғамдық  кеңесі және  партия  аудандық  филиалы  Партиялық бақылау   комиссиясымен  бірлескен  отырыстарында 2012 жылы аудан бойынша жемқорлық   әрекеттері, қылмыстарына  байланысты жауапкершілікке тартылған азаматтардың,  партия мүшесі басшыларының партиялық  жауапкершілігі қаралып, 7 партия мүшесіне партия Жарғысының 3,8-бабына сәйкес, «алдын ала ескерту» түріндегі партиялық жаза беріліп, 1 партия мүшесі партия қатарынан шығарылды. 2013 жылдың  10 қазаны  күні  аудандық  «Жемқорлыққа  қарсы әрекет  жөніндегі» қоғамдық  кеңесі және  партия  аудандық  филиалы   Партиялық  бақылау  комиссиясымен  бірлескен  отырысында  «Нұр Отан» партиясы Жарғысының 3-тарауының 3.6-тармағы 5-тармақшасының 1-2 абзацтарына  сәйкес, жемқорлық қылмыс жасаған  немесе  әрекеттерге  барған  партия  мүшелерінің  мәселелерін  талқылай келе, 3 партия мүшесі  партия  қатарынан  шығарылып, 1  партия  мүшесіне  партия  Жарғысының  3,8-бабына  сәйкес  «сөгіс» түріндегі  партиялық  жаза  барілді. 2014 жылы  1  партия  мүшесі  партия  қатарынан  шығарылып, 1  партия  мүшесіне  «ескерту» түрінде  партиялық  жаза  берілді.
Қоғамдық  кеңес  есепті  кезеңде  19  көшпелі  отырыс  өткізді. Аталмыш  отырыстарда  ауыл  тұрғындары  көбінесе  ауыз  су, жол, газ және жарық  мәселелері  бойынша  ұсыныстарын жеткізді. Қоғамдық  кеңеске  2012  жыл  бойынша 9  арыз-шағым  түсіп, оның  барлығы  қанағаттандырылды. Келіп түскен  арыз-шағымның  4-еуі  білім  беру  саласы   бойынша, 1-еуі көшіп келген  ағайындарды  тіркеу  туралы және 4-еуі  жер мәселесі  бойынша тіркелді. Ал, 2013 жылы 13  арыз-шағым  түсіп, олар толықтай қанағаттандырылды. Мұндағы  арыз- шағымның  5-еуі  білім  беру  саласына қатысты болса, 3-еуі  әлеуметтік көмек  алу, 1-еуі  көшіп келген  ағайындарды  тіркеу, 3-еуі  жер  мәселесімен, ал, 1-еуі  мекеме  басшысымен  арадағы  келіспеушілік  мәселесі  бойынша  тіркелген. Сондай-ақ өткен  жылдың  10  айында  8  арыз-шағым   түсіп, оның  8-і де қанағаттандырылды.  Келіп  түскен  арыз-шағымның  2-еуі  білім  беру, 2-еуі  газдандыру,  1-еуі  қылмыстық  іс,  2-еуі  жер  мәселесі және 1-еуі  басшысымен  арадағы  келіспеушілік  мәселесі  бойынша  тіркелген. Сонымен бірге, үстіміздегі жылдың бес айында  2  арыз-шағым  түсіп,  екеуі де қанағаттандырылды. Жоғарыда  көрсетілген  2  арыздың  бірі аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне, екіншісі жер  мәселесі бойынша келіп түсті.
Бірінші тоқсанда  жемқорлықтың  алдын алу мәселесі  бойынша өртке   қарсы, және   халыққа  қызмет  көрсету орталығы мекемелерінде  біріккен  отырыстар  өткізіліп, жергілікті басылым беттерінде  жарияланды. Баспасөз  ақпарат  құралдарына  есепті  кезеңінде  34  мақала шықты.  Кеңестің  21  отырысы  өткізілді.
Келешекте, өздеріңіз теледидардан көріп, газеттен оқып отырғандай  жемқорлықтың алдын алу бойынша 2015-2016  жылдардың  бағдарламасында    үлкен  өзгерістер  қабылданып,  жемқорлықтың  алдын  алу  жоспары  жасалады. Осыған   орай,  біздің  аудан халқының  алдында  осы  жылғы  өз  жоспарымызды  жасап,   бұған  әр  мекеме, әр  ұжым  біркісідей  атсалысса,  алға  қойылған  мақсатымыз  ілгері  басады деп  ойлаймын.

Обновлено 23.06.2015 09:35
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін696
mod_vvisit_counterКеше993
mod_vvisit_counterОсы аптада696
mod_vvisit_counterӨткен аптада12806
mod_vvisit_counterОсы айда28578
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2280247

Серіктестер