Онлайн газет



Дүбірлі дүние


РЕКОРДТАР КІТАБЫ туралы не  білеміз?


Гиннесс рекордтар кітабы алғаш 1955 жылы ирландиялық сыра қайнатушы «Гиннесс» компаниясының басшысы Хью Бивердің тапсырысы бойынша жарық көрген. Қазір бұл кітап дүниежүзі бойынша 100 мемлекетте 23 тілде басылады. Әлемнің 23 елінде арнайы редакциясы мен өкілдіктері бар. Қазірге Қазақстанда Гиннесс рекордтар кітабының өкілдігі жоқ.
Рекорд жасаушы адамның жас мөлшеріне шектеу жоқ. Ереже бойынша, адам өлтіріп, аштық жариялап және жануарларға зақым келтіріп жасалған рекордтар қабылданбайды. «Әлемдегі ең үлкен картина» немесе «Әлемдегі ең үлкен фотосурет» деген рекордтар да қарастырылмайды. «Әлемдегі ең сұлу немесе ең көріксіз адам», «Әлемдегі ең ұзын ән немесе өлең» деген категориялар да жоқ.
Сонымен қатар, кітаптың ережесі бойынша жасалған рекордты видеоға түсіріп, монтаждамай кітаптың редакциясына жіберу керек. Рекорд жасар алдында Гиннесс кітабының арнайы комиссиясын де шақыруға болады. Алайда, комиссияның келу жолын, тамағын және жатар орнын шақырушылар төлеуі тиіс екен.

Жасыл ағаштан жасалған айдаһар


Жұмыстан қол үзген зейнеткерлерді көбіне-көп «демалыста не істеймін?» деген сұрақ мазалары анық. Ата-әжелеріміз әдетте үйде бала бағумен айналысып жатады.  Алайда талап-тілегіңіз болса болғаны, кез-келген істі қорықпай қолға алуға болады екен.
Мысалы, 75 жасар британдық Джон Брукер жасым жетті, шаршадым деп қарап жатпай есігінің алдындағы жасыл желекті айдаһар кейпіне ендіріпті. Ойлағанға бұл да бір өнер, қарапжатпастың ісі. Әрі айналаға көрік беріп тұрады, әрі ермек. 
Өзінің өсіп тұрған 30 метрлік ағаш шарбағын үлкен ірі айдаһарға айналдыру үшін, біздің атамызға 10 жыл керек болған екен. Атай қартайған шағына қарамастан, айдаһарының формасын ұстап тұру үшін, артық жерлерін қыстқартып тұрады.

4 жасында жұлдыз атанған


Бұл кішкентай балақайдың есімі Энди Ли, оны ата-анасы жай ғана Цун-Цун (Tsung Tsung) деп атайды. Ол Гонконг қаласының тумасы. Энди небары 3 жасында күйсандық ойнауды үйренеді. Ал 4 жасында нағыз ғаламтор жұлдызына айналады. Бойындағы ерекше талантының арқасында ол қазіргі таңда жеке концертін беріп жүр.
Ғаламтор жұлдызы Американың ABC News, Жапонияның NHK телеарналарына сұхбат берген. “Steinway International Piano Competition” музыкалық байқауының жеңімпазы атанған. Сонымен қатар, Американың «The Ellen Degeneres Show», 2012 жылы Кореяның “Star King” шоу бағдарламаларына шақырту алған екен.
Эндидің 4 жасында ойнаған әуені www.youtube.com әлеуметтік желісінде он миллионнан астам көрілім жинаған.

Сан түрлі сәлемдесу


Әлемде қанша халық бар болса, сонша сәлемдесу түрі кездеседі екен. Айталық, Тувалу еліндегі дәстүрлі сәлемдесу дәстүрі өте қызық. Полинезияда орналасқан арал мемлекетіне саяхат жасаған жандар жергілікті халықпен жақындасу әрекетіне дайын болуы керек. Бір-бірін көрген бойда екі жан бір-бірінің беттеріне жақындап, терең дем алады.
Жапон халқы сәлемдесу рәсіміне аса үлкен мән береді. Бір-бірін көрген кезде олар иіледі. Жастар өзара бастарын изеп амандасады. Ал татамиде тізерлеп отырып, жерге қарай иілу керек.
Ал, енді мына бір қызықты қараңыз? Кениялықтардың сәлемдесу салты мүлде бөлек. Кенияға сапар шеккен жандар масаи тайпасын кездестіреді. Масаи тайпасының халқы бір-бірін көргенде, билей бастайды. Би арқылы олар бір-бірімен амандасады. Сәлемдесу биі «адаму» деп аталады, яғни «секіру биі». Билеген кезде шеңбер жасап, ырғалып, секіре бастайды. Сол секілді қазекеңнің сәлемдесу дәстүрінде де өзіндік мән-мағына, өнеге-үлгі бар.

Әлемде кім күшті?


Адамдар алып денелі жануарларды күшті деп ойлайды. Алайда олардың бәрі біз ойлағандай аса күшті емес екен. Жер планетасындағы ең күшті, өзінен сан есе ауырлықты көтере алатын жануарлармен жәндікті сараптапты. Сонымен ең күштілердің алдында кәдуілгі кене тұр.
Ол қаншама кішкентай болса да өзінен 1180 есе ауыр салмақты көтере алады. Адаммен салыстырсақ бір адам 82 тонна жүкті көтере алады деген сөз.
Екінші орынды қара қоңыз иемденді.  Бұл жәндік те өзінен 1141 есе жүкті көтере алады.
Ал, үздік үштіктің қатарындағы құмырысқа өз салмағынан 50 есе жүкті көтере алады.
Мұнан соң, Горилла тұр. Бұл сүтқоректі жануар өзінен 10 есе ауырлықты көтереді. Аталық горрилланың ең үлкені 175 см және 200 кг салмақта болады дейді.
Бүркіт - ұшатын қанаттылардың ішіндегі күштісі. Ол 16 кг салмақтағы жануарларды аулай алады екен. Бұл өз дене салмағымен салыстырғанда  өзінін 4 есе ауырлықты көтере алады деген сөз. Міне, осыдан кейін барып  адам күшті. Ал сіз әлемдегі ең күшті адамды білесіз бе? Әлемдегі ең күшті ауырлықты көтерген адам Жидрунас Савицкас. Ол 2009 жылы 400 кг ауырлық штанганы көтерген.
Неге екені белгісіз, күштілердің қатарында түйе мен есек көрінбейді.

Әртүрлі басылымдардан алынды.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін540
mod_vvisit_counterКеше993
mod_vvisit_counterОсы аптада540
mod_vvisit_counterӨткен аптада12806
mod_vvisit_counterОсы айда28422
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2280091

Серіктестер