Онлайн газет



Құрмет көрсетілді

Елбасының  Жарлығымен  1995 жылдың 1 наурызында Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Достыққа - дәнекер, ұлағатты істерге - ұйытқы болған  Қазақстан халқы Ассамблеясы 20 жыл ішінде  қоғамының ішкі ықпалдасуының, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайтудың біртұтас мемлекеттік және қоғамдық жүйесін толығымен қалыптастырды.

Дүйсенбі күні Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай  әр салада жемісті еңбек етумен қатар тәуелсіз елімізде этносаралық келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін бір топ азаматтар марапатталды.
Алдымен аудан басшысы Мұратхан Жүнісәліұлы Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерекесімен құттықтап,  этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісім негізінде қоғамды ұйыстыруда Қазақстан халқы Ассамблеясының рөліне тоқталды. 20 жылдық тарихы бар ұйым елдің саяси жүйесінің маңызды бір бөлігіне айналып қана қоймай, Қазақстанды мекендейтін барлық ұлттар мен этностардың мүдделерін, құқықтарын бір арнаға түйістіргендігін айтты. Аудан басшысы сонымен қатар  елдегі бірлік пен қоғамдық келісімнің бастауы - Қазақстан халқының ортақ тарихы екендігін,  ғасырлар бойы тағдыр талайына ұшыраған халықтарды құшағына сыйдыра білген қазақ  елі көптеген ұлыс пен ұлттың құтты қонысына айналғандығын сөз етті.
Бұдан соң аудан  басшысы  Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы Гузалия Гафуроваға, “Агали” шаруа қожалығының төрағасы Наби Ағалиевке және   аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Мырзахан Махамбетовке Қазақстан халқы Ассамблеясының естелік белгісін табыс етті.
Сондай-ақ аудандық орталық аурухананың  дәрігер-реаниматологі Шамшод Асланов Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасымен,  аудандық әл-Фараби атындағы мәдениет үйінің әдіскер-сценаристі  Қасқырбай Нарбатыр, “Байзақ баба” мешінің бас имамы Рамиз Азизов, “Салтанат” балалар бақшасының меңгерушісі Фаминаз Тажибаева облыс әкімінің Алғыс хатымен  марапатталды.

Өз тілшіміз.

Обновлено 18.06.2015 10:24
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін570
mod_vvisit_counterКеше993
mod_vvisit_counterОсы аптада570
mod_vvisit_counterӨткен аптада12806
mod_vvisit_counterОсы айда28452
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2280121

Серіктестер