Онлайн газет



Кемшіліктерді жою – басты талап

Өткен аптада аудандық әкімшіліктің мәжіліс залында «Мемлекеттік рәміздерді қолдану мен орналастырылуының заң талаптарына сай болуын қамтамасыз етудің жайы» тақырыбында семинар болып өтті. Ауылдық округ әкімдері мен мемлекеттік мекеме басшылары және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысқан жиында аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы, аудан әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның хатшысы М.Махамбетов баяндама жасады.
Өз баяндамасында Мырзахан Махамбетұлы Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы тарапынан мемлекеттік рәміздерді қолдану мен орналастырылуының заң талаптарына сай болуын қамтамасыз ету мақсатында мониторинг жүргізілгенін сөз ете келе, нәтижесін хабарлады. Оның ішінде, мемлекеттік рәміздерді қолдану мен орналастырылуында аудандағы кейбір ауылдық округтер мен мемлекеттік мекемелерде бірқатар кемшіліктер орын алғандығын атап өтті.
Талдау нәтижелері көрсеткендей, кейбір мемлекеттік мекемелерде Мемлекеттік рәміздердің мекеме ғимараттарында орналасу тәртібі және түр-түсінің оңып кетуі, жыртылуы сияқты тағы да басқа бірқатар кемшіліктерге жол берілгені анықталды, - деді М.Махамбетов.
Конституциялық Заңның 4,6-баптарына сәйкес, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың бірінші басшысының кабинетінде, ғимараттарында, мәжіліс залдарында Мемлекеттік Ту тігіліп, Елтаңба орналастырылуы тиіс екендігін, алайда Байзақ ауданы ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінде, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ғимараттарында бұл талаптың орындалмағанын тілге тиек етті.
Сонымен қатар, Суханбаев ауылдық округі әкімі аппаратының, Байзақ ауданы тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасында Мемлекеттік Ту жыртылса, Бәйтерек ауылдық округі әкімінің кабинетіндегі Мемлекеттік Ту кірлеген. Ал, Байзақ ауданы өрт сөндіру мекемесінің ғимаратында ескірген Мемлекеттік Ту мен Мемлекеттік Елтаңба пайдаланылып келеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 қарашасындағы №1371 қаулысына сәйкес мекемелердегі маңдайшаға көлемі 120-200 мм мемлекеттік Елтаңба орнатылуы қажет. Алайда Байзақ ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінде, Жамбыл облысы жылжымайтын мүлік орталығы Байзақ аудандық бөлімшесінде, Дихан ауылдық мәдениет үйі мен кітапханада, Түймекент ауылдық мәдениет үйінде, Амангелді ауылдық кітапханасында маңдайша ескіріп, майысқан. Жиын барысында аталған кемшіліктер арнайы слайд арқылы экраннан көрсетіліп тұрды.
Міне осы және өзге де орын алған олқылықтарды  тізбектей келе,  аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы, аудан әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның хатшысы М.Махамбетов оларды дер кезінде жою- басты талап екендігін атап өтті. Осы бойынша тиісті нұсқаулықтар ұсынылды.

Өз тілшіміз.

Обновлено 18.06.2015 09:41
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін682
mod_vvisit_counterКеше993
mod_vvisit_counterОсы аптада682
mod_vvisit_counterӨткен аптада12806
mod_vvisit_counterОсы айда28564
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2280233

Серіктестер