Онлайн газет



Міндеттемелер жүктелді

Егемен елімізде  қылмыстық жазаларды ізгілендіріп, қылмыс жасаған адамдарға деген көзқарасты түбегейлі өзгертуге айрықша мән беріліп келеді. Елбасымыздың  Қазақстан халқына арнаған  жыл сайынғы  Жолдауларында жазаларды ізгілендіру бағытында нақты тапсырмалар беріліп,  бұл бағытта қыруар тірліктер атқарылуда.
Өткен аптада аудан әкімі жанындағы жазасын өтеу орындарынан босатылған азаматтарды әлеуметтік қолдау жұмыстарын үйлестіру жөніндегі аудандық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Мәжілісті аудан  әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы С.Кенжебаев ашып,  пробация қызметінің маңызы, оның аясында ауданымызда атқарылып жатқан жұмыстар туралы қысқаша  ақпарат берді. Бұдан соң пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған адамдарға тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде  көрсетіліп жатқан көмек жөнінде аудандық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары  Г.Мамырбаева, Сарыкемер, Үлгілі, Бурыл, Көктал ауылдық округ әкімдері С.Тілеуқұлова, Д.Мадешов, Е.Әліқұлов, Б.Үкібаевтар   пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған азаматтарды жұмысқа тарту бағытында қолға алынған тірліктерді  баяндады. Ал, ЖД 158/5 мекемесінің  қызметкері М.Ахаев болса,   аталмыш мекемеде жазасын өтеп жатқандарды жұмыспен қамтуда   шаруа қожалықтарымен, өндіріс орындарымен екі жақты келісім-шарт жасалғандығын жеткізді.  Байзақ аудандық пробация қызметі бөлімінің басшысы, әділет майоры Б.Нұрымов есепте тұрған тұлғаларға  әлеуметтік-құқықтық  көмек көрсету мен жұмысқа тарту бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Алқалы жиында аудан прокурорының аға көмекшісі Б.Қалыбаев, аудан әкімдігі кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Д.Наурызбаев, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы  Ә. Саққұлова өздерінің пікірлерімен бөлісті.
Мәжіліс соңында   қылмыстық атқару инспекциясында есепте тұрған азаматтардың мекен жайын нақтылап анықтау, оларды жұмысқа тарту үшін түсінік жұмыстарын күшейту,  ЖД 158/5 мекемесінің жұмысымен танысу және сотталған азаматтармен кездесу өткізу, тағы да басқа мәселелер бойынша тиісті  сала басшыларына міндеттемелер  жүктелді.

Өз тілшіміз.

Обновлено 08.06.2015 09:37
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1066
mod_vvisit_counterКеше1129
mod_vvisit_counterОсы аптада1066
mod_vvisit_counterӨткен аптада11734
mod_vvisit_counterОсы айда8707
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2260376

Серіктестер