Онлайн газет



Мерейлі тойға үлестерін қосуда

«Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақтың мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алады. Бәлкім ол бүгінгі шекарасындағы, бүкіл әлемге осынша танымал әрі беделді, осы ұғымның қазіргі мағынасындағыдай мемлекет болмаған да шығар. Бірақ бұлай деп сол кезеңдегі басқа да барлық мемлекеттер туралы да айтуға болады. Ең маңыздысы, сол кезде оған негіз қаланды, біз – бабаларымыздың ұлы істерін жалғастырушылармыз” деп Елбасымыз айтқандай, үстіміздегі жылы  Қазақ хандығының 550 жылдығы  аталып өтілмекші. Бүгінгі таңда елдікті танытатын  мерейлі тойға дайындық  жұмыстары қызу жүргізілуде.
Дүбірлі той Тараз жерінде өтетін болғандықтан   аптаның жұмасында облысқа қарасты он ауданның мәдениет және өнер күндері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті  саябағында өтуде. Ал  аптаның  сәрсенбі, бейсенбі және жұма күндері Тараз қаласын абаттандыру мен тазалық жұмыстарын жүргізуге бағытталған.
Өткен аптада Байзақ ауданына  бөлінген нысан, яғни  атқаратын жұмыстарға бекітілген мекеме басшылары және меншік иелері Тараз қаласындағы  ұзындығы 2,8 шақырымды алып жатқан  Сыпатай батыр көшесін абаттандыру жұмыстары бойынша іс-шара жоспары жасалды. 40 мекемеге және 85 үйдің  тұрғындарына жеке-жеке түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған көше бойындағы нысандардың  аумақтарын абаттандырып,  әктеу, сырлау жұмыстарына арнайы 4 техника және 150 адам жұмылдырылды. Арықтар тазаланып,  бұталған тал бұтақтары мен шабылған шөптер, яғни 50  тонна күл-қоқыс сыртқа шығарылды. Көше бойындағы 620 дана тал-тарақтар әктеліп, 180 дана бағана, 3 аялдама сырланды.
Сонымен қатар, облыс орталығындағы Төле би көшесіндегі №1 көп қабатты тұрғын үй (2500 м2) толық сырланды. Жалпы алғанда барлық жұмыстар 4 млн.теңге көлемінде атқарылды.

Өз  тілшіміз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1081
mod_vvisit_counterКеше1129
mod_vvisit_counterОсы аптада1081
mod_vvisit_counterӨткен аптада11734
mod_vvisit_counterОсы айда8722
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2260391

Серіктестер