Онлайн газет



Боздақтардың ұмытылмас есімі

К.Ақназаров,
Түймекент ауылы.

Боздақтардың ұмытылмас есімі,
Бұл халқымның қабылдаған шешімі.
Аман болып осы кербез дүние,
Аналардың тербелсін тек бесігі.

Соғыс деген сөзден сұмдық жоқ шығар,
Аулақ болсын бізден ұрыс – от құмар.
Сұм соғыста опат болды қанша жас,
Шынында да біз білгеннен көп бұлар.

Талай қырғын нәубеттерден қалғанбыз,
Ордасында жаудың ойран салғанбыз.
Рахымжан Қошқарбаев боп барғанбыз,
Туды тігіп Рейхстагты алғанбыз.

20 миллион адам жерін қорғады,
Жауды жеңдік, бейбіт заман орнады.
Үшбұрышты сәлем хатын жолдады,
Біз ұрпағы жауынгердің сондағы.

Болмасын соғыс

М.Көкиева,
Ленин атындағы орта мектептің оқушысы.

Болмасын соғыс енді бір,
Жайнатып тұрсын жерді гүл.
Қанменен жеткен Жеңістің,
Жетпіске жасы келді бұл.

Бабалар ісі өнеге,
Елене берсін, елене.
Отаным менің өрлесін,
Бақ, құтқа толып кереге!

Мұқағали

Т. Сеңгірбай,
Қостөбе орта мектебінің 6-сынып оқушысы.

Мұқағали мұңдылардың мұңдасы,
Мың ақынға теңдес оның бір басы.
Әр жырында жан толқытар әуен бар,
Іштен оқып, ішпен оны тыңдашы.

Мұқағали сыршылдардың сырласы,
Ой-сезіммен асқақтаған тым бәсі.
Елге керек есті сөзді толғаған
Содан да еш аласармас тұлғасы.

Поэзияда шыншыл ақын бастысы,
Жаттар жырын туралыққа жақ кісі.
Өшпейтұғын із қалдырған, соңына,
Мұқағали бар қазақтығ жақсысы!

Махамбет баба

Намыс оты кеудесінде шоқтана,
Ақиқатшыл көсем болды топқа да.
Бар қазақтың батыры сол Махамбет,
Басы симай өткені шын ноқтаға.

Аңсады көп жұртқа керек теңдікті,
Маңызы сол мақсатының ең мықты.
Дәуірінің дауылпазы Махамбет,
Биік қойған бірлік пенен елдікті.

Ақындығы үлгі болған әркімге,
Одан тегі  ыққан төре, хан мүлде
Ер Махамбет қарсы шықты қаймықпай,
Қалың қолды қайырсыз хан Жәңгірге.

Халық үшін салды сойқан дабылды,
Кеудесінен кекті жыры ағылды.
Сатқындардың  салдарынан қапыда,
Бабамыздың алтын басы шабылды.

Бүгін оны танып отыр бар ғалам,
Жыры байлық ғасырларды жалғаған.
Ұрпағына ұлы ерлікті ұрандап,
Кетті анық, ер Махамбет, нар бабам!

Рәміздер


Н.Баймуханов,
Ю.Гагарин орта мектебінің оқушысы.

Үш асыл қазына -
Ту, Гимн, Елтаңба.
Қадір тұтар жас-кәрі,
Тәуелсіз бұл таңда.

Желбіреп көк аспанмен шарықтаған,
Көкте сұңқар қанат қағып қалықтаған.
Рәмізім қарайды бүгінде-
Құрметпен сан ұлтты халық саған.

Ұстазға құрмет

А.Сейсенбаев,
Ғ.Мұратбаев мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы.

Мектеп деген шын білімнің ордасы,
Мектептен бар басталады жол басы.
Әріп танып, қалам ұстап қолына,
Әр баланың кітап болар жолдасы.

Екінші ана - ұстаз дейміз қалай да,
Жүреді олар шуақ шашып маңайға.
Білімменен берген бізге тәрбие,
Қарыздармыз әкелерге ағайға.

Әр кеудеге толтырып жан азығын,
Демейді еш шаршадым да қажыдым.
Ұстаздар ғой қағып қойған мектепке,
Тектіліктің, тәрбиенің қазығын.

Жүрегіңді ізгілікпен жылытқан,
Нәр беретін өте терең тұнықтан.
Болашаққа шәкірт үшін жол салған,
Ұстаздардың еңбегін еш ұмытпаң.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін252
mod_vvisit_counterКеше1456
mod_vvisit_counterОсы аптада1708
mod_vvisit_counterӨткен аптада11734
mod_vvisit_counterОсы айда9349
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2261018

Серіктестер