Онлайн газет



Жүлдемен оралған Алтынкүл!


Еліміздің рухани өмірімен біте қайнасып бірге жасап келе жатқан айтыс өнері-қасиетті өнер. Қай дәуірде болмасын айтыстың ішкі мазмұны сол қоғамдағы халықтың  тұрмыс-тіршілігіне, саяси-әлеуметтік жағдайына, кемшіліктері мен жетістіктеріне байланысты өрбіп, көркемдігі жағынан биік белестерге көтеріліп келеді. Суырыпсалма өнердегі аса ірі құбылыс деп түсінсек, жыр сайысына  түсіп жүрген  жерлесіміз Алтынкүл Қасымбекова   ақындық дарынмен қатар үлкен тапқырлық, білгірлік қасиеттерімен дараланып келе жатқан жүйріктің  бірі.
Халықаралық, республикалық ақындар айтысының бірнеше дүркін жеңімпазы, от ауызды орақ тілді Алтынкүл  суырыпсалма  айтыскер ақын Шорабек Айдаровтың 60 жылдығына орай Қаратау қаласында өткен республикалық ақындар айтысында  жүлделі орынды иемденген болатын.
Үстіміздегі жылдың мамыр айында  Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Отырар ауданында жыр шайырлары Әселхан Қалыбекова мен қостанайлық Әсия Беркенованың 65 жылдығына орай  ұйымдастырылып өткерілген республикалық айтысқа  қатысқан Алтынкүл  барлық қарсыластарын, соның ішінде Бекарыс Шойбековті сөзден сүріндіріп,  үлкен орамды шеберлікпен көсіле жырлап, бас жүлдені жеңіп алды.
Осылайша дүбірлі додада  ауданымыздың намысын қорғап, мәртебесін биіктеткен Алтынкүл Қасымбекованы айтулы жеңісімен құттықтап, әрдайым мерейің үстем болып, өнер додаларында  жұлдызың биіктен жарқырай берсін демекпіз!
Аудандық “Ауыл жаңалығы” газеті редакциясының ұжымы.

Обновлено 08.06.2015 09:24
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1367
mod_vvisit_counterКеше1129
mod_vvisit_counterОсы аптада1367
mod_vvisit_counterӨткен аптада11734
mod_vvisit_counterОсы айда9008
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2260677

Серіктестер