Онлайн газет



Отбасылар бакқ сынасты

«Адамның бақыты- балада» деген екен аталарымыз. Шындығында да  кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетінін о бастан түсінген. Сондықтан  «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз осыдан қалса керек-ті. Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай  аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің әл – Фараби атындағы мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен  алғаш рет аудандық «Әкем, шешем және мен» атты отбасылық сайыс өтті.  Сайысқа ауданымыздың ауылдық округінен ережеде көрсетілгендей 35 – 40 жас аралығындағы ата – аналар өздерінің 10 – 12 жастағы   балаларымен бірге 10 отбасы қатысты.
Алдымен  отбасылар өз топтарын қара сөзбен, өлең жолдарымен таныстырды. Содан соң көз ілеспес жылдамдықпен бақшаға гүл отырғызып, оны суарып, жинап алды.  Кедергілер арасынан доппен өтіп, секірмемен кері қайтты. Доппен секіріп сызыққа жетіп, кері қайтарда шеңберді белге айналдыра отырып мәре сызығына келіп,  өздерінің жылдамдықтары мен шапшаңдықтарын көрсете білді. Шиеленісті өткен  жарыста  Қостөбе ауылдық округінің намысын қорғаған  Бекжігітовтер отбасы лайық деп танылды.  ІІ орын тұғырынан  Құлахметовтер отбасы (Жаңатұрмыс а/о) көрінді. Үшінші орынды  көкталдық Абдуалиевтер  мен  ботамойнақтық  Бекмағанбетовтер отбасы өзара бөлісті. Ынталандыру сыйлықтары  сазтеректік Нұрмахановтар мен бурылдық  Мұсаевтар отбасына табыс етілді.
Жеңімпаз  отбасыларға бағалы сыйлықтармен қоса арнайы Диплом, ал олардың  балаларына ескерткіш ретінде сыйлықтар тапсырылды.

Өз тілшіміз.

Обновлено 08.06.2015 09:22
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін246
mod_vvisit_counterКеше1456
mod_vvisit_counterОсы аптада1702
mod_vvisit_counterӨткен аптада11734
mod_vvisit_counterОсы айда9343
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2261012

Серіктестер