Онлайн газет



Егіс алқаптарындағы дүбір

М.Манекеев,
«Ауыл жаңалығы».

Көктемнің соңғы күндері. Қыстың қамын жазда ойлайтын шаруа қауым дала төсінде қызу еңбектенуде. Аудан  шаруашылықтары   көктемгі дала жұмыстарын  аяқтап  келеді. Аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің берген мәліметтеріне сүйенер болсақ, бүгінгі күнге дейін аудан аумағындағы көктемгі егін жұмыстарының басым бөлігі атқарылып қойылса, енді біразы таяу аралықта аяқталуға жақын.
Ағымдағы жылға аудан аумағындағы егістік жерлерге меморандум бойынша: күздік бидай -6000 га, жаздық арпа -6000 га, дәндік жүгері -1900 га, мақсары -5800 га, күнбағыс -300 га, қант қызылшасы -1900 га, картоп -600 га, көкөністер -5100 га, бақша -1800 га, үрме бұршақ -50 га, қонақ жүгері -50 га, ескі көпжылдық шөп -16500 га, жаңа көпжылдық шөп - 4100 га орналастыру жоспарланған. Осылайша барлық игерілетін жер - 50100 га құрамақ. Бұл дегеніміз өткен жылдың жоспарымен (49940 га) салыстырғанда 160 гектарға артық.
Мамандардың айтуынша 2015 жылдың өнімі үшін егілген 6000 гектар күздік бидайдың 2070 гектары (34,5%) жақсы, 3165 гектары (52,7%) қанағаттанарлық, 765 гектары (12,8%) сирек жағдайда қыстап шыққан.
2015 жылдың жоспарына сәйкес, дайындалған арпа тұқымы «КазАгрЭкс» зертханасына сараптамаға (1095,5 тонна) өткізіліпті. Оның 222,0 тоннасы І-ші репродукция, ІІ-ші класты (20,2%), 873,5 тоннасы ІV-ші репродукция, ІІІ-ші класты (79,8%).
Сондай-ақ мақсары тұқымынан «КазАгрЭкс» зертханасы сараптамасына 116 тонна өткізілген. Оның 27,0 тоннасы І-ші репродукция, ІІ-ші класты, 89 тоннасы қатардағы, барлығы ІІ-ші класты (100%).
2015 жылдың көктемгі-егіс дала жұмыстарына бүгінгі күнге қолда бар 505 трактордың 98,6 пайызы (немесе 498 бірлігі), 85 соқаның 100 пайызы, 56 дән сепкіштің 100 пайызы, 250 тырманың 100 пайызы, 44 культиватордың 95,5 пайызы (немесе 42 бірлігі) және 8 тұқым дәрілегіштің 100 пайызы көктемгі науқанға дайындалса, жыл басынан бері 9 шаруа қожалығы жалпы сомасы 44 млн. 190 мың теңгеге 14 дана әр түрлі ауыл шаруашылығы техникаларын өз қаражаттарына сатып алған.  2 шаруа қожалық 13 млн. 850 мың теңгеге 3 дана тракторды «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ы арқылы лизинг негізінде алуға келісім-шарт жасасып, бүгінгі күнде бұл техникалар алынып, көктемгі егіс-дала жұмыстарын атқаруда.
2015 жылы көктемгі жер айдауда 17580 гектар (100%), жер өңделіп, дайындау 25600 гектарды (100%) құрап, 6300 гектарға (105%) арпа, 4600 гектарға (112,2%) жоңышқа, 6100 гектарға (100%) майлы дақылдар, 5100 гектарға (100%)  көкөністер, 600 гектарға (100%) картоп, 1800 гектарға (100%) бақша, 2000 гектарға (105%) дәндік жүгері және 1300 гектарға (68,4%) қант қызылшасы себілген.
Егіс алқаптарын тыңайту мақсатында арзандатылған тыңайтқыштар алу үшін ауданның 90 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінен жалпы көлемі 4041,55 тонна әртүрлі минералды тыңайтқыштарға өтінімдер қабылданып, тізімдері облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына жіберілген екен.
Бүгінгі күнге «КазАзот» АҚ-ына 43 шаруашылық 1276,5 тоннаға келісім-шарт жасасса, 30 шаруашылық 786,3 тонна аммиакты селитра, сонымен қатар «КазФосфат» АҚ-на 37 шаруашылық 910,2 тонннаға келісім-шарт жасасып, 27 шаруашылық 815,4 тонна аммофос алыпты.
Бұл жұмыстар жалғасын тауып, шаруашылықтар көктемде еккен дақылдарын вегетация кезеңінде тыңайту үшін қалған тыңайтқыштар кезең-кезеңімен алынатын болған.
Биылғы жылдың көктемгі егіс-дала жұмыстарына  әр литрі 75 теңгеден 1020 тонна дизель отыны бөлініп, оған сәйкес дизель отынына шаруашылықтардан сұраныстар қабылдау басталды. Бүгінгі күнге 9 шаруашылықтан 37 тонна дизель отынына сұраныс қабылданып, «Петрол Сервис» ЖШС-не жіберілген.
Соңғы жылдары ауданымызда ағын судың тапшылығына байланысты және де қазіргі заман ағымына сәйкес, шаруашылықтар жаңа су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстарын қарқынды қолға алуда.
Мәселен, 2012 жылы тамшылытып суғару технологиясы 95 гектарға, 2013 жылы 193 гектарға енгізілген. 2014 жылы тамшылатып суғару технологиясы 400 гектар алқапқа енгізілсе, 2015 жылы 700 гектар алқапқа енгізу жоспарланып, бүгінгі күнде шаруашылықтар бұл технология қондырғыларын егіс алқаптарына орналастырып, көкөніс және қант қызылшасы дақылдарын суғаруда.
Осылайша егіс алқаптарындағы дүбір күн өткен сайын жандана түсуде.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1349
mod_vvisit_counterКеше1129
mod_vvisit_counterОсы аптада1349
mod_vvisit_counterӨткен аптада11734
mod_vvisit_counterОсы айда8990
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2260659

Серіктестер