Онлайн газет



ҰЛТ ЖОСПАРЫ. 5 реформа және 100 қадам

Маңызды  бағдарлама

Ә. Әмірханова,
аудандық ішкі істер бөлімі әкімшілік полиция бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі тобының аға инспекторы, полиция  капитаны.

Егемен еліміздің  ары қарай дамып, өркендеуіне жол ашатын Елбасымыздың 100 қадамнан тұратын бес реформасы-Қазақстанның ішкі әлеуетін арттыруға бағытталған іргелі де маңызды  бағдарлама болып табылады.
Жаһандану  үдерісінің қиындықтарына төтеп берудің жолдарын көрсеткен  стратегиялық бағдарламаның “Кәсіби мемлекеттік аппарат құру” деп аталатын  бөлімнің 9-қадамында “Мемлекеттік қызметкерлерді тұрақты түрде оқыту жүйесін заңды түрде бекіту”-үш жылда бір рет олардың кәсіби шеберлігін арттыру”  қажеттігі айтылған.
Бүгінде мемлекеттік қызметкерлердің  қатары жастармен толығып келеді. Кешегі білімгер, бүгінгі  маман. Тәуелсіз елімізге білімді де білікті, туған елі мен жеріне адал қызмет ететін   азамат, яғни мемлекеттік қызметшілер ауадай қажет. Ал  мемлекеттік қызметшілердің қазіргі  таңда біліктілік деңгейінің жоғары талапқа сай болуы өте маңызды. Мемлекеттік қызметке қабылданған  жастар үш жыл сайын кәсіби шеберліктерін ұштап,  білімдерін жетілдіріп отыру арқылы өз ісінің хас шеберлері атанады, қиын кезде оңтайлы да ұтқыр шешім қабылдай алатын болады. Олай болса, бес институттық реформаның  басты мақсаты- егемен еліміздің мәртебесін биіктете отырып,  алда тұрған басты міндеттерді іске асыруға жол ашады деп сенеміз.

Мақсат-міндетіміз бір

Р.Сабитбекова,
аудан әкімдігі білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері.

Өткен сайлауда біз өз таңдауымызды жасадық. Президент сайлауында халықтың ойы бір арнада тоғысты. Егемен елімізді ертеңге қарай батыл бастап келе жатқан Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевқа жұртшылық өз сенімін білдірді.
Міне, сол тұста Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бес институттық реформаны жүзеге асыру мақсатында 100 нақты қадамды белгілеп берді. Аталған жоспарда еліміздің бүгіні мен ертеңі толық қамтылған деуге болады. Осы орайда Елбасы  бұл бастама  жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап болатындығын және бір мезгілде жаңа тарихи жағдайда 30 дамыған елдің құрамына ену бойынша жоспар екендігін атап өтті. Реформаларды жүзеге асыру — алдағы 10 немесе 15 жылға негізделген жалпыұлттық нөмірі бірінші мақсат-міндет болмақ.
Әсіресе,13-ші қадамда айтылған: «Жемқорлыққа қарсы күресті күшейту»  мәселесі дер кезінде көтерілді деп ойлаймын. Өйткені бүгінде қоғам дертіне айналып отырған осынау қылмыс түрімен күресу баршамыздың парызымыз. Мұнда ел Президенті алдағы уақытта жаңа заңнама әзірленетіндігін, Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құрылымында жемқорлық құқық бұзушылықтың жүйелі түрде алдын алу және сауықтыру үшін жемқорлыққа қарсы арнайы бөлім құрылатындығын тілге тиек етті.
Ендеше  нәтижелі мемлекет құру жолындағы керемет бағдарламаға сай барлық күш-жігерімізді салып, еңбек ету ортақ мүдде екендігін ұмытпайық.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін33
mod_vvisit_counterКеше1456
mod_vvisit_counterОсы аптада1489
mod_vvisit_counterӨткен аптада11734
mod_vvisit_counterОсы айда9130
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2260799

Серіктестер