Онлайн газет



Тұңғыш Президент күні ұлықталуда

Г. Әбдіқұлова,
“Ауыл жаңалығы”.

Ауданымызда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған іс-шаралар басталып кетті.  Айтулы күнге орайластырылып, Байзақ аудандық сотының мұрындық болуымен  «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні

–ел мерекесі» атты тақырыпта  жиын өткізілді. Онда  аудандық соттың төрағасы Д.Тасыбаев тәуелсіз елімізде  алғаш рет аталып өткелі отырған мерекенің мәні мен мақсатына,  Елбасының өмірі мен шығармашылығына, рухани өсу жолдарына, ел басқарудағы көрегендік қабілетіне,  мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мен сот реформасын жүргізудегі  ерен  еңбегіне айрықша тоқталып өтті.
-Ата-бабаларымыз аңсаған азаттыққа, еркіндікке қол жеткізіп, тәуелсіздігімізді жариялағанымызға 21 жылдан асты. Ғасырға бергісіз жылдар ішінде  жас мемлекетіміз үлкен жетістіктерге қол жеткізді.  Жұбан ақын айтқандай, «мың өліп, мың тірілді», «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламаны» бастан кешірді. 1991 жылғы 16 желтоқсанда әлемнің саяси картасында жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасы пайда болды. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық қауіпсіздікті  қамтамасыз етіп, қиын кезеңде күрделі келіссөздер жүргізіп, әлемдік қауымдастық алдында Қазақстанның көк байрағының биік желбіреуі үшін өлшеусіз еңбек сіңіріп, қазақ елін әлемге мойындатты. «Елбасы» ұғымы кемел адамның халықтың көкейіндегі асыл бейнесі. Халықаралық саясатта Азия мен Еуропаны қосатын, Шығыс пен Батыс өркениеті мен мәдениетінің ізгі қасиеттерін бойына сіңірген Нұрсұлтан Әбішұлындай тұлғалар санаулы. Осы ретте елімізде Елбасын құрметтеу, бағалау, оның өнегелі өмірінен тәлім алу – әр азаматтың парызы,-деп білемін деді Дәулет Еркебекұлы.
Бас маман Ф. Айнеков Елбасының  мемлекеттің дамуы мен өркендеуіне сіңірген  ерен еңбегіне, 2000 жылдың 25 желтоқсаны күні қабылданған «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңының еліміздегі соттардың беделін барынша көтеріп, судьялардың тәуелсіздігі мен тұрақтылығына кепілдік бергендігін айтты. Мұнан соң  Дәулет Еркебекұлы  сот саласында ұзақ жылдар бойы жемісті қызмет атқарған А.Салимовтің  өмір жолына тоқталды, ардагер ағаны мерейлі мерекемен құттықтап, сыйлықтар табыс етті. Байзақ аудандық сотының судьясы Е.Аққұлиев  тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы Н. Назарбаевтың жүргізіп отырған саясатының арқасында еліміз өзіндік даму жолына түскендігін,  ел мақтанышы Астана туралы өзінің ойларымен бөлісті. Ардагер А.Салимов Тұңғыш Президент күнінің қазақстандықтар өмірінде алатын орнын сөз етіп, өзіне көрсеткен құрметіне ризашылығын білдірді.
Егемен еліміздің  тарихында орын алатын Тұңғыш Президент күнін ұлықтау шарасының соңы қайырымдылыққа ұласып, Байзақ аудандық сот ұжымының атынан Сарыкемер ауылы Суханбаев көшесінде тұратын  жетпіс жастағы жалғызбасты ана-Надежда Михайловна Лапинаға сый-сияпат көрсетілді.

 

Обновлено 27.11.2012 19:40
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2853
mod_vvisit_counterКеше2732
mod_vvisit_counterОсы аптада11175
mod_vvisit_counterӨткен аптада48593
mod_vvisit_counterОсы айда74653
mod_vvisit_counterӨткен айда69492
mod_vvisit_counterБәрі4120463

Серіктестер