Онлайн газет



Мемлекеттік рәміздер – елдіктің белгісі

Ж.Қилыбаева,
Байзақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы.

Тәуелсіздіктің  арқасында  бүгінде  біздің  елді  бүкіл  дүниежүзі  таныды.  Ұлттық  Туымыз  Біріккен  Ұлттар  Ұйымы  сияқты  халықаралық беделді ұйымның алдында желбіреп тұр. Еліміздің талантты жастары Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туын олимпиадалық  ойындар мен әлем чемпионаттарында биікке көтеруде. Бұл - әрбір қазақстандық үшін үлкен мақтаныш, зор абырой, ұлы бақыт деп білеміз.
Иә, дана бабаларымыздан «Туы биік елдің – тұғыры биік» деген аталы сөз қалған. Өйткені, халқымыз әрқашанда Туын қастерлеп, биікке көтерген. Ол кезде туды ұстаудың жауапты жүгі жігіттің – жігітіне, батырдың – батырына тапсырылған. Сонау, қиын кезеңде қол бастаған батырларымыз қасиетті Туын құлатпай, жауына бермей, жанынан жоғары қойған.
Жаңа замандағы Қазақстан мемлекетінің  іргетасын туған халқымен  бірге бас болып өзі қалаған  Қазақстан Республикасының  тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осы жылдары  Отанымыздың Туын биікке көтеріп келеді. Татулығы мен достығы жарасқан қазақстандықтарды көк байрақтың астына біріктіріп отыр. Біздің еліміздің бүгінгі жарқын жеңістері мен жетістіктері, қоғамдағы саяси тұрақтылықтар осы мемлекеттік Рәміздерден бастау алады, өйткені біздің бүгінгі Елбасымыз ел тарихын барша әлемге таратты. Ал, «Менің  Қазақстаным!» әні шын мәнінде балалардың арманына жеткізген Гимнге айналды.
Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің  мемлекетіміздің  өткені, бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.
Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы  мен даналығын, болашаққа деген үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.
Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтатып тұр.
Біздің бүгінгі Елтаңбамыз ел тарихының тереңінен тамыр тартып, ұлттық рухымызды асқақтатып, шаңырағымыздың  беріктігін паш етіп, республикамыздың қанатты тұлпардай ұшқырлығын айғақтап келеді. Осының барлығы Қазақстанның жаңа тарихының қастерлі беттері. Оның қасиеттілігі сол – Отанның өзі нақ осы Тудан, Елтаңба және Гимннен бастау алады.
1992 жылғы 4 маусымда алғаш рет тәуелсіз Қазақстанның рәміздері бекітілді. Бұл күн жаңа мемлекеттік рәміздердің туған күні ретінде еліміздің тарихында мәңгіге қалады.       
Әлем картасына өз атымен енген жаңа Қазақстан мемлекетінің рәміздері де жаңа технологияның, жаңа көзқараспен тың идеяның арқасында жадыңда жатталып қалатындай ыстық ықыласпен жасалған.
Еліміздің жетекші дизайнерлері ұсынған туындыларда да біртұтас мемлекет қалыптастыру идеясы айқын байқалады. Мемлекеттік Ту мен Елтаңба төл теңгемізде, әскери киімдерімізде бейнеленген.
Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы мемлекеттік рәміздері жалпыхалықтық сипат алды. Оған өткізілген байқау тарихымыздың жаңа дәуірін сипаттайтын патриотизмнің айқын куәсі болды.
Мемлекеттік рәміздер -Тәуелсіздік пен мемлекеттілікті, ұлтты сақтаудың  бастау негізі, аса ұлы құндылық.
Шындығында да ерлік пен бірлікке  жетелеп, үкілі үміттің орындалуына жол ашатын, қазақ халқының қайсарлығы мен мәрттігін, ұлылығын паш ететін мемлекеттік рәміздермен мақтана білуіміз қажет. Әлі талай буынның жүрегіне от, бойына қуат беретін, ел мен жерге деген сүйіспеншілік алауын  жандыратын мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеу біздің азаматтық  борышымыз деп білемін.

 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін318
mod_vvisit_counterКеше2729
mod_vvisit_counterОсы аптада3047
mod_vvisit_counterӨткен аптада48670
mod_vvisit_counterОсы айда63796
mod_vvisit_counterӨткен айда69492
mod_vvisit_counterБәрі4109606

Серіктестер