Онлайн газет



ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕГЕ АРНАЛДЫ

Г. Әбдіқұлова,
«Ауыл жаңалығы».

Cәрсенбі күні  Бәйтерек ауылдық округінде Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының қолдауымен “Ақментей” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Аманжол Дүрәліұлы “Этникалық қазақтарға әлеуметтік қолдау көрсету және қазақстандық қоғамға бейімдеу орталығы қызметін ұйымдастыру” тақырыбында кездесу өткізді.
Бірлестік төрағасы атамекенге қоныс аударып келген қандастарымыздың ел демографиясына қосып отырған үлесіне,  Қазақстан Республикасы “Көші-қон туралы” заң талаптары аясында атқарылған тірліктерге, жаһандану дәуірінде қандастарымыздың  кәсіпкерлікпен айналысуына, олардың экономикалық белсенділігін  дамыту мен құқықтық сауаттылығын арттыру бағытындағы жұмыстар туралы кеңінен әңгіме қозғап, төмендегідей мәліметтерді келтірді.
-Еліміз тәуелсіздік алғалы бері  елге 500 мың қандасымыз қоныс аударған. Бүгінгі таңда 5 миллионға жуық қандастарымыз шет елдерде тұрып жатыр. 1991-2012 жылдары шет елдерден Жамбыл облысына 15872 отбасы, яғни 81678 адам көшіп келген. Көшіп келу квотасына енген қандастарымызға мемлекет тарапынан біржолғы жәрдемақы  төленген. Байзақ, Қордай, Жуалы, Т.Рысқұлов, Жамбыл, Меркі, Талас, Сарысу, Шу аудандары мен Тараз қалаларында тұрып жатқан  оралмандар ел игілігі жолында қызмет атқаруда. Ал 2013-2014 жылдары  Жамбыл облысына 1717 отбасыдан тұратын 3696 адам қоныстанған. Сонымен қатар  Аманжол қажы “Нұрлы көш” ұлттық бағдарламасының маңызын,  ҚР Үкіметінің қаулысымен пилоттық жоба шеңберінде солтүстік облыстарға қоныстанып, еңбек етіп жатқан оралмандар жөнінде қызғылықты деректерді тілге тиек етті. 
Маңызды мәселені қозғаған шарада “Ақментей” қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Жуалы ауданының  Құрметті азаматы Аманжол қажы  бүгінгі таңда аталмыш ауданда бітімгер ретінде  біраз шаруаларды тындырғанын айтып, “Медиация” туралы заңға да  біршама түсініктеме беріп өтті. Өзі басшылық ететін  бірлестікте  білікті заңгер, бітімгер және психолог секілді  мамандар қызмет ететіндігін, кез келген сауалдар бойынша хабарласуға болатындығын да жеткізді.
Шараға қатысушылар тарапынан туындаған сауалдарға аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Махамбетов, Бәйтерек ауылдық округі әкімінің орынбасары Қ.Жұманов және “Ақментей” қоғамдық бірлестігінің  төрағасы  Аманжол қажы  жан-жақты жауап берді.
Ашық-жарқын жүздесу соңында көпшілікке Аманжол қажы   бата берсе, немересі Салтанат  Қазыбек бидің қанатты сөзін  шабыттана оқып, жиналғандардың   қошеметіне бөленді.

Обновлено 28.05.2015 16:08
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін924
mod_vvisit_counterКеше1971
mod_vvisit_counterОсы аптада11183
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда27813
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2279482

Серіктестер