Онлайн газет



Мамандықтар мектебіндегі «Ашық есік күні»

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің жыл сайынғы Жолдауларында бізге өз ісін жетік меңгерген мамандар қажет екендігін үнемі ауызға алады. Әсіресе бүгінгі таңда кәсіптік оқуға  айрықша көңіл бөлінуде.
Аудан көлемінде жас ұрпаққа бірден бір кәсіптік білім беріп жүрген білім ордасы - №3 Байзақ колледжінде бүгінгі таңға дейін талай ұл-қыздар оқу тәмәмдап, жан-жақта қызмет атқарып жүр. Білікті басшы Мұхит Нысанбаев басшылығындағы осынау мамандықтар мектебінде жуырда «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. Оған аудандағы барлық мектептерден оқушылар қатыстырылып,  «Ферма шаруашылығы», «Дәнекерлеу ісі» , «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтары бойынша ақпараттар берілді. Және де әр мамандықтың техникалық базасы, оқу реті таныстырылып, арнайы көрмелер көрсетілді. Жастарға барлық қажетті мәліметтерді колледж директорының өндірістік оқыту жөніндегі орынбасары М.Джетыбаев әдемі етіп жеткізе білді.
Сонымен қатар, «Ашық есік күні» аясында  колледж директорының оқу, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Қ.Калыков, А.Демешова, оқытушы-ұйымдастырушы З.Молдабаевтың ұйытқы болуымен  арнайы концерттік бағдарлама ұсынылды. Онда колледж білімгерлері мен түлектері Е.Қайрат, Б.Оразбек, М.Өскенбаева Ж.Орынбасаров, Е.Рысбаев, С.Исмагулова, Б.Маликов, Қ.Амангелдиева, Ә.Илесовалар әннен шашу шашса, биші қыз-жігіттер мың бұрала би билеп көпшіліктің көңілін көтерді.

Өз тілшіміз.

Обновлено 28.05.2015 16:07
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін905
mod_vvisit_counterКеше1971
mod_vvisit_counterОсы аптада11164
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда27794
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2279463

Серіктестер